• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 14 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Әкімшілік сот ісін, мемлекеттік тілде жүргізудің кейбір мәселелері

24.06.2024
in Құқық-заң

 

Оқи отырыңыз...

Жеңіс күні – елдік пен ерліктің ме­ре­кесі!

Жеңіс күні – елдік пен ерліктің ме­ре­кесі!

12.05.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы

06.05.2025
Соттағы бітімгершілік

Соттағы бітімгершілік

29.04.2025

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Олай болса, қазақ тілінің – әрбір қазақтың міндеті.

Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілінің қай салада болмасын қолданылу аясын кеңейту аса маңызды екені баршамызға жақсы мәлім.

Мемлекеттік тілдің ахуалын зерделеп, оны кеңінен қолдану – әрине сот жүйесін де айналып өтпейтіні айқын. Сот істерін мемлекеттік тілде жүргізу Конституция талабы. Заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл елдің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды. Сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолдану сот процесіне қатысушы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің құқықтық кепілі болып табылады.

Сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолдану сот процесіне қатысушы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің құқықтық кепілі болып табылады.

Әкімшілік сотында іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі. Ал қажет болған кезде іс жүргізуде орыс тілі немесе басқа да тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады. Істерді қарайтын судья, әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдарға сот ісін жүргізу тіліне қатысты құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, олардың мүдделерін қорғауды осы заңда белгіленген тәртіп бойынша қамтамасыз етуге тиіс.

Заңнамаға сәйкес сот ісі жүргізіліп отырған тілді білмейтін немесе жеткілікті дәрежеде білмейтін іске қатысатын адамдар ана тілінде немесе өздері білетін басқа да тілде мәлімдеме жасау, түсініктер беру, сотта сөз сөйлеу құқықтарымен қамтамасыз етіледі.

Сот ісі жүргізіліп отырған тілді білмейтін немесе жеткілікті дәрежеде білмейтін адамдарға сот ісі жүргізіліп отырған тілді түсінбейтін немесе жеткілікті дәрежеде түсінбейтін, өздерінің ойлары мен пікірлерін сол тілде еркін білдіре алмайтын, сондай-ақ әңгімелесу, мәтіндерді оқу кезінде, сұрақтарға жауап бергенде, ауызша және (немесе) жазбаша тілде басқа да қиындықтарға тап болатын адамдар жататындығын назарда ұстаған жөн.

Заңнаманың талаптарына сәйкес, аудармашы ретінде іске қатысып отырған органдар мен адамдардан қызмет бабы бойынша тәуелсіз, іс үшін маңызы бар мән-жайларды аударуға біліктілігі жеткілікті мүдделі емес адам тартылады.

Сот процеске қатысушылардың өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы қаулы шығаруға және істі мемлекеттік (қазақ) тілде қарауды жалғастыруға құқылы.

Процеске қатысушылар іс бойынша жасалған процестік іс-әрекеттерге, сондай-ақ іс бойынша шығарылған сот актілеріне, шағымдар (наразылықтар) келтіргенде іс бойынша белгіленген сот ісін жүргізу тілі туралы талапты сақтауға міндетті.

Бұл талап сақталмаған жағдайда келтірілген шағымдар (өтінішхаттар, наразылықтар) процестік заңнаманың нормаларына сәйкестендіру үшін кері қайтарылуға жатады.

Сот ісін жүргізу тілі туралы заңнаманың талаптарын сақтамау процестік заңды елеулі түрде бұзу болып табылады және шығарылған сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады.

Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілдің қолданылмауы тілге байланысты заңдар талаптарын өрескел бұрмалау салдарынан туындаған мәселе. Қолымыздан келгенше заңға сүйеніп, тілдің пайдалануын талап етсек, қазақ тілін толық қажеттілікте айналдырған болар едік.

Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу тек соттардың жұмысы емес. Бұл өзекті мәселеге қолдарында биліктері мен жарлықтары бар Ішкі істер ведомствосының, және басқа да құқық қорғау органдарының басшылары баса назар аударғаны жөн.

Н.РАХЫНБАЕВ,

Шымкент қаласының

мамандандырылған ауданаралық

әкімшілік сотының төрағасы.

 

 

 

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Жұмысшы мамандықтар жылы: жастарды ерте баулу маңызды

Жұмысшы мамандықтар жылы: жастарды ерте баулу маңызды

13.05.2025
Түркістанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға арналған жиын өтті

Түркістанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға арналған жиын өтті

13.05.2025
ТҮРКІСТАНДА «МАРХАБАТ БАЙҒҰТ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАНДА «МАРХАБАТ БАЙҒҰТ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

13.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған