Толеранттылық – конфессияаралық және ұлтаралық түсіністікке қол жеткізудің басты қағидасы. Конфессияаралық және ұлтаралық түсіністікпен бір мемлекетте әртүрлі нанымдар мен мәдениеттердің қатар өмір сүруі бүгінгі жас ұрпақтың қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді.
Толеранттылық бұл – сыйластық, әлем мәдениеттерінің әртүрлілігін дұрыс түсіну, алуандылықтағы үйлесімділік. Бұл тек моральдық борыш емес, саяси-құқықтық тілек. Сонымен қатар ол – адамның жалпыға бірдей құқықтары мен негізгі бостандықтарын мойындау, адам құқықтарын құрметтеу негізінде қалыптасатын белсенді қатынас.
Діни толеранттылық – қоғамның ішкі тұрақтылығы мен интеграциясын қамтамасыз етудің негізі, бір діни және конфессиялық қауымдастықтың жақтастарының басқа діни және конфессиялық қауымдастықтар жақтаушыларына деген толерантты қатынасы. Әрбір діни және конфессиялық қауымдастық өзінің діни сенімін ұстанады және басқалардың құқықтарын мойындайды.
Қазіргі қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін діни төзімділік мәселесі өте маңызды. Қоғамның ішкі тұрақтылығы мен қатар оларды күйзелістерден сақтау, ұлттар мен мемлекеттердің бөлшектенуіне жол бермеу және сайып келгенде, сыртқы діни ықпалдың саяси мақсаттарын (миссионерлік қызмет, секталық ағымдарды енгізу және тарату) бейтараптандырудың негізі басты орында. Діни толеранттылық болмаған жағдайда қоғамның діни және конфессиялық әртүрлі қақтығыстарды тудыруы мүмкін. Сол себепті, діни тұрақтылықтың болуы, ондағы құндылықтар аса маңызды рөл атқарады.
Діни танымдағы толеранттылық құндылықтарға мыналар жатады:
— Әр түрлі діндер мен өзге мәдениетті құрметтеу;
— Жақыныңа оның діни сеніміне қарамастан көмек қолын созу;
— Диалог құру арқылы түсіністікке ашық болу;
— Ар-ождан мен діни сенушілердің құқықтарын қолдау және қорғау…