Кез келген ұлттың орны мен ортасына тиесілі мәдениеті, әдебі және сақталуы тиіс ережелері мен заңдары бар. Сол сияқты, мешіт әдебінде де адам баласына қояр талабы болады. Мешіт – құлшылық жасауға арналған орын. Ол жерге кез келген адам олпы-солпы келіп, кіріп кете алмайды. Сондықтан мешіт әдептерінен де хабардар болғанымыз абзал.
Мешіт – құлшылық жасалатын орын. Яғни, ол жерге келудегі басты мақсат – Аллаға құлшылық ету, парыз етілген үкімдерді орындау.
Ғұламалар кеңесінің мәжілісінде ҚМДБ мешіттерінің ішкі тәртіп ережесі талқыланып, бір ауыздан бекітілген болатын.
«Ереже Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіттерінің ішкі тәртіп ережелерін анықтайтын негізгі нормативті акт. Ереже Қазақстан Республикасының «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының қолданыстағы басқа да заңнамаларының нормаларына, инструктивті құжаттарына және еңбекті ұйымдастыру саласындағы нормативтік актілерге, сонымен қатар ҚМДБ Жарғысына сәйкес дайындалды. Ережеде мешітке келушінің негізгі құқықтары, мешітте жасауға тыйым салынған әрекеттер, мешітке келушінің міндеттері жеке бөлім ретінде қамтылған. Сонымен бірге, ҚМДБ мешіттерінің ішкі тәртіп ережесі дін қызметкерлері мен мешітке келушілерге байланысты басқа да мәселелерді қадағалайды.
«Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт. Бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса. Он бес жастан асқан соң досыңдай сырлас». Бұл – халқымыздың бала тәрбиесіне қатысты ұстанған қағидасы. Ұрпақ тәрбиесіндегі осы тәсіл өзінің өміршеңдігін дәлелдеумен келеді. Біз ешқашан өзгенің таным-түсінігімен өмір сүре алмаймыз. Ұстанатын дініміз бен арқа сүйер салтымыз бар. Күнделікті өмірде дағдымызға айналған ғұрпымыз бар.
Шариғат бойынша, оң-солын ажыратып қалған баланы мешітке алып келу – құптарлық амал…