• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 19 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ҮСТЕМ БОЛСЫН МЕРЕЙІҢІЗ!

16.04.2024
in Басты ақпарат
ҮСТЕМ БОЛСЫН МЕРЕЙІҢІЗ!

Білім саласында бірінен-бірі ажырағысыз үш қасиетті сөз бар, олар – мұғалім, оқытушы және ұстаз деген ұғымдар. Бұл парасаты биік сабақтастықты екінің бірі бағындыра алмайтыны баршамызға белгілі. Осы үш ұғымды қатар ұстап, бар білім-тәжірибесімен, парасат-пайымымен қызмет ететіндер некен-саяқ. Солардың бірі де бірегейі – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің оқытушысы, Филология ғылымының кандидаты, доцент Ляззат Лесбекова.

Оқи отырыңыз...

Предприниматели Шымкента совместно с сенатором обсудили вопросы в сфере образования

Предприниматели Шымкента совместно с сенатором обсудили вопросы в сфере образования

16.07.2025
Сенатор және Шымкенттің кәсіпкерлері білім саласындағы мәселелерді талқылады

Сенатор және Шымкенттің кәсіпкерлері білім саласындағы мәселелерді талқылады

16.07.2025
Шымкенттегі ХҚКО-ларда жаңа туған нәрестеге шетелдік төлқұжатты қалай рәсімдеуге болады?

Шымкенттегі ХҚКО-ларда жаңа туған нәрестеге шетелдік төлқұжатты қалай рәсімдеуге болады?

14.07.2025

Қанша жылдан бері осы оқу орнында табан аудармай, табандылықпен жұмыс істеп келеді. Бәріміз қадірлеп, мақтан тұтатын әріптес апайымыз мерейлі 75 жасқа толып отыр.

Ляззат Жанбырбаеваның ұстаз ретіндегі біз үйренген тәлімі бір төбе, шәкірттеріне берген білімі мен тәрбиесі бір төбе. Ол жаңашыл ұстаз ретінде заман ағымына сай студенттерін жан-жақты дамыған, өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, терең біліммен қаруланған тұлға ретінде қалыптастыруды көздейді.

Ізденімпаз ұстаздың  шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуінде. «Білім берудегі мен таңдаған педагогикалық ұстанымның негізгі мәні – студенттердің ой-өрісін жан-жақты дамыту, оларға қазіргі заман талабына сай білім беру және тәрбиелеу. Студентті жан-жақты дамыту дегеніміз, оның жан дүниесін, рухани өсуін, қабілеті мен дарынының өрістеуі, парасатты ой мен адамгершілік көзқарасының қалыптасуы. Міне, осы жолда шаршамай, талмай еңбектену менің басты мақсатым» деген қағиданы мықтап ұстанған Ляззат Жаңбырбаевнаның әлі де әріптестеріне үлгі болар қадір қасиеті мен студенттеріне берер білімі мол.

Жан дүниесіне үңіле қарасаңыз өте байсалды, білімді, терең ойлы, тұла бойы тұнып тұрған талант иесі.Риясыз жымиғанының өзі адамды шабыттандырып, керемет бір күйге бөлейді. Студенттерге айтатын ақылы: жоғары білімі бар туралы диплом алу сені  ұстаз етпейді, адамды нағыз ұстаз ететін балалар. Нағыз шебер ұстаз болу үшін уақыт пен ыждағатты еңбек, балаға деген сүйіспеншілік керек. Осы ұлағатты жолда ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уордтың мына сөздерін өзіне басшылық алатын: «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады».

Айтқан ақылдарының бәрін тек студенттер ғана емес, өзіміз де әрдайым жадымызда ұстап, саналы ұрпаққа, сапалы білім мен тәрбие беру жолында еңбегімізді аямаймыз. Осындай тәжірибелі ұстаздан тәлім-тәрбие алып, қатар еңбек еткенім үшін өзімді ең бақытты ұстазбын деп есептеймін.

«Адам баласына көмектесу – игілікті істердің бастамасы» – демекші, Ляззат Жаңбырбаевна бірге еңбек етіп жүрген әріптестеріне дұрыс бағыт-бағдар беруден жалыққан емес.

Ол ұстаздық қиын да, дара жолды өзінің отбасымен бірге қатар алып жүретін сүйікті жар, аяулы ана, ақылшы ұстаз – әлі де ізденіс үстінде.

Дүниедегі ең қасиетті тілің мен тарихыңа, ұлтың мен әдебиетіңе жетер еш байлық жоқ. Бабалар аманатын болашақ ұрпақ зердесіне жеткізіп, көздің қарашығындай сақтай білуге шақыру – әрбір тіл маманының парызы, әрі студенттерінің  жанына ұлт намысы, ел мүддесі деген киелі ұғымдарды ұялата отырып, білім беру – ХХІ ғасыр ұстаздарының еншісінде тұр.

Еш жалықпаған ұстаздың тәрбиелеген шәкірттері – жан-жақты білімді, ой-өрісі биік, өз мақсаттары айқын, сол мақсатқа жету үшін еңбекқорлық пен шыдамдылық таныта білетін жандар болатыны сөзсіз. Өзінің шәкірттеріне еңбектеніп, тер төгіп, адал жолмен табыс табу қабілетін дарыта алатын ұстаз өте үлкен құрметке бөленуге тиіс. Ендеше, жақсының жақсылығын айтып, нұрын тасытқанға не жетсін.

Ляззат Жаңбырбаевна мерейлі жасыңыз құтты болсын!

Жүрегінде мейірім бүршік жарған өзіңізге арнаған ізгі тілекті

Жүрсінбек Батырәлі ақынның өлеңімен аяқтағым келеді.

Біз танитын бір жан жүр жанымызда,

Бағалайық, сыйлайық барымызда.

Ляззат апай көзіне мейір тұнып,

Алаңдаумен келеді жолымызға.

 

Ұстаздық өнегесін үлгі етеміз,

Әрқашан тек сыпайы тілдесеміз,

Қасында бірер сағат отырыңыз,

Егер менің сөзіме сенбесеңіз.

 

Биік қойған иманын, ар-ибасын,

Аузынан тастамайды кәлимасын.

Керек кезде ақылын сарқып төгер,

Теңіздей біліміне таңғаласың!

 

Әділдік пен жомарттық бойында бар,

Ортасында әр ісі мойындалар.

Өзі зерек, тыңдампаз һәм ақылды,

Әр шешімі жүректе пайымдалар.

 

Білемін Ляззат апай дара туған,

Көздері тұңғиықтан жаратылған.

Келінталдың бұтағы секілденіп,

Бұрымы жерге дейін бұратылған.

 

Сұлу да, сымбатты бұл апайымыз,

Мұңаймай әрқашан да марқайыңыз.

Құдайдың ғұмыр берген жасын жасап,

Ортамызда әдемі боп қартайыңыз.

Гүлжан АЛТЫНБЕКОВА,

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті,

филология ғылымының кандидаты.

 

 

 

 

ShareTweetShareSendShareShare

Comments 4

  1. Джамиля says:
    1 год ago

    Самый честный, человечный и трудолюбивый преподаватель! 💗💗💗

    Ответить
  2. Дана says:
    1 год ago

    Преподаватель и Человек с большой буквы!
    Профессионал своего дела, воспитавший не одно поколение студентов -Ляззат Жанбирбаевна!🌸🌸🌸😍❤️

    Ответить
  3. Данель says:
    1 год ago

    Выражаю огромную благодарность за знания, внимание, отзывчивость, позитив и профессионализм Ляззат Жанбирбаевне! Самый прекрасный преподаватель🙏🏿😍

    Ответить
  4. Малика says:
    1 год ago

    Ляззат Жанбирбаевна — лучший преподаватель! Ваши знания, опыт, мудрость, справедливость и энергия бесценны!🌹❤️

    Ответить

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

20 шілде — Қазақстанда металлургтер күні

День металлурга в Казахстане — 20 июля

18.07.2025
20 шілде — Қазақстанда металлургтер күні

20 шілде — Қазақстанда металлургтер күні

18.07.2025
ҚАЛА ӘКІМІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТҚАН БІЛІМ ОРДАЛАРЫН АРАЛАДЫ

ҚАЛА ӘКІМІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТҚАН БІЛІМ ОРДАЛАРЫН АРАЛАДЫ

17.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған