Әу баста Татьянаға жаңа ортаға бейімделу оңай болған жоқ. Дегенмен, оған айналасы үлкен қолдау көрсетті.
– Мен башқұрт тілін жақсы білетінмін, маған қазақ тілі қиын болған жоқ. Бір жарым жылдан кейін мен күйеуімнің туыстарымен, көршілерімен оңай сөйлестім. Сондықтан болар, қазақ дәстүрлерін тез игеріп алдым. Ұлттық тағамдар, шелпек пісіру, қамыр илеу, сиыр саууды үйренуге тура келді. Мені осы күнге дейін ешкім ренжіткен емес, айналам әрқашан құрметпен қарады және бүгінгі күнге дейін құрметтейді, тіпті кішілері де, үлкендері де. Әкем, әпкелерім, бауырым, жиендерім барлығы осында қонақта болды. Табиғат та, климат та, әсіресе адамдардың қонақжайлылығы туысқандарыма да қатты ұнады. Олар келгенде барлығы бірден қонаққа шақырады, шын жүректен қарсы алады. Бұл кез келген адамды құшақ жая қарсы алуға дайын қазақ халқының баға жетпес қасиеті деп ойлаймын, — дейді Татьяна.
Олар 44 жылдан бері берекелі өмір сүріп келеді. Бес баласы және 12 немересі бар. Демалыс күндері балалары мен немерелері үлкен шаңырақта бас қосып, мамыражай шуға бөленіп, жылы ұяға айналады.
Татьяна да, Ержан да көпбалалы отбасында өскен. Әлия мен Роза қыздарының есімдерін ерлі-зайыптылар бірге таңдады. Кіші ұлын, әрине, үлкен немересі үшін ағасына құмар болған әжесі Ерлан деп атады.
– Шүкір деймін, үлкен әулеттегі балалар тату-тәтті өмір сүреді, ата-анасының үйіне барғанды ұнатады. Соған қуанамын. Осындай шаңыраққа келін болғаным үшін тағдырыма ризамын, — дейді Татьяна.
Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і баспасөз қызметі