Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар облысындағы су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты Қазақстан халқына үндеу жариялады.
Рас, апат айтып келмейді. Президент мұндай табиғи апат елімізде соңғы 80 жылда тіркелмеген деді. Қазір үкімет қарғын судың салдарын жоюға бар күш-жігерін салып жатқанын айтты. Республикалық штаб құрылған.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, енді Үкімет басшысының барлық орынбасары апат болған аймақта жұмыс істейді. Қауіп сейілгенше сол жақта болады. Президенттің бұйрығымен апатқа қарсы күреске Қорғаныс министрлігі қосымша әскери күштерін жолдайды. Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа көмектесу үшін Үкіметке мемлекеттік материалдық резервті пайдалануды тапсырды. Су тасқынынан зардап шеккен әрбір азаматқа көмек көрсетіледі деді. Сондай-ақ Президент ешкім назардан тыс қалмайтынын айтты.
Сабыр етейік. Бұл сынақты да жеңерміз. Аман-есен болайық!
Айгүл МАМЫТ,
«ЗАҢНАМА» газетінің бас редакторы.