• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 10 ноября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ЖАСТАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК:ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН «МИРАС» УНИВЕРСИТЕТІ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

28.02.2024
in Басты ақпарат
ЖАСТАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК:ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН «МИРАС» УНИВЕРСИТЕТІ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

27 ақпанда Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Мирас» университетінің ректоры Нұркен Халықберген жоғары оқу орны мен қала әкімдігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары халық арасында ғылым мен жоғары білімді насихаттау, мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру үшін мүмкіндіктерді молайту, сондай-ақ оқу-әдістемелік зерттеулерді ілгерілету және іске асыру болып табылады. Бұл өз кезегінде өңірдің кәсіби әлеуетін арттыруға септігін тигізеді.
«Қол қойылған меморандум екі тараптың да академиялық қоғамдастық пен қала әкімдігі арасындағы байланысты нығайтуға, инновацияларды енгізуге және Шымкент қаласы тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға талпынысын куәландырады», — деп хабарлайды қала әкімдігі.
Тараптар қаланың білім беру және әлеуметтік салаларын дамытуда іс-шараларды бірлесіп өткізуге уағдаласты. Мамандарға тәжірибе жинақтап, білім алмасуға мүмкіндік беретін келіссөздің маңызы өте зор.
Сонымен қатар, тараптар «Жайлы қалалық орта» жобасын бірлесіп әзірлеуге және іске асыруға келісті.
Университетпен тығыз байланыс орнату республикалық маңызы бар қалаға және жалпы өңірге білім беру және әлеуметтік салаларды дамытуда жаңа серпін береді деп күтілуде. Сондай-ақ екі тарап арасындағы ынтымақтастық одан әрі нәтижелі өзара іс-қимыл үшін жаңа перспективалар ашатынын және өңірдегі жоғары оқу орындарының арасынан жаңа әріптестерді тартуда әкімдік іске асырып жатқан білім беру саласындағы үдемелі саясаттың алғашқы қадамы болатынын атап өту қажет.

Оқи отырыңыз...

Бизнеске кедергі келтіретін түйткілдер: кәсіпкердің нақты ұсыныстары

06.11.2026
Түркістан облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Түркістан облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

30.10.2026
Түркістанда өңір экономикасына үлес қосқан бизнес өкілдері марапатталды

Түркістанда өңір экономикасына үлес қосқан бизнес өкілдері марапатталды

30.10.2026

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

09.11.2026
Бала денсаулығын қорғау: Қазақстан болашағына қамқорлық

Бала денсаулығын қорғау: Қазақстан болашағына қамқорлық

09.11.2026
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ТЕҢ МҮМКІНДІК БЕРІП, ӘДІЛ БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ЖОЛ АШУ МАҢЫЗДЫ

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ТЕҢ МҮМКІНДІК БЕРІП, ӘДІЛ БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ЖОЛ АШУ МАҢЫЗДЫ

09.11.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған