• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 13 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

«СОТ КАБИНЕТІ» – БҮГІНГІ ЗАМАН ТАЛАБЫ

15.02.2024
in Басты ақпарат
«СОТ КАБИНЕТІ» – БҮГІНГІ ЗАМАН ТАЛАБЫ

Жедел ақпарат алмасудың озық технологиясы дамыған ХХІ ғасырда сотқа жүгінудің инновациялық тәсілдері іске қосылды. Республика соттарында ақпараттық технологияларды белсенді түрде қолданудың нәтижесінде бұқараның басым бөлігі қағазбастылық пен соттардағы ұзын-сонар кезектен арылып, үйлерінен шықпай-ақ сот төрелігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін заманауи жобалардың игілігін көріп отыр.

Оқи отырыңыз...

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ

13.04.2026
7 есеге қымбаттаған тариф: Сайрам-Өгемдегі өсім туризмге кері әсер етуі мүмкін

7 есеге қымбаттаған тариф: Сайрам-Өгемдегі өсім туризмге кері әсер етуі мүмкін

13.04.2026
ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА БІР МЕЗЕТТЕ 2500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСҚАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «AL-FARABI» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА БІР МЕЗЕТТЕ 2500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСҚАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «AL-FARABI» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ

13.04.2026

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев халыққа жолдауында «Цифландыру  барлық  реформалардың  негізгі  элементі». Цифрландыру – бұл сән үрдісі емес, ұлттық  бәсекеге  қабылеттілікке  қол жеткізудің  басты  құралы  екендігін атап  көрсетті.

Бүгінгі таңда еліміздің барлық соттарында арызды беру және тіркеу сатысынан бастап, заңды күшіне енген сот актісін орындауға жібергенге дейін сот ісін жүргізу процесі түгелдей дерлік электронды форматқа көшірілді.

Сот жүйесінде жаңа технологияларды қолдану аясы  кеңейіп, ақпараттық сервистерді және оларды пайдалану механизмдері күн өткен сайын  жетілдіріліп жатыр. Республикадағы барлық соттардың қызметі туралы үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) ақпарат ұсынатын Жоғарғы Соттың www.sud.gov.kz ресми веб-сайты азаматтардың сот қызметін электронды сервис арқылы алуына оңтайлы мүмкіндік туғызды.

Жоғарғы Соттың сайтында 2014 жылы «Сот кабинеті» сервисі іске қосылды. Осы сервистің арқасында электронды цифрлық қолтаңбаға ие азаматтар қазіргі таңда үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ сотқа талап арыз, шағым, өтініш, пікір немесе қарсы талап арызды электронды түрде беріп, мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуде.

«Сот кабинеті» адвокаттар мен заңды өкілдер қызметінің тиімділігін арттырып, азаматтардың құқықтық мәдениетін нығайтуға жәрдемдесуде. Аталған сервиске деген сұраныс күн санап артып келеді.

Аталған сервис ұсынатын қызмет түрлерінің қатары да артуда. Мәселен, азаматтар осы жүйенің арқасында жеңілдетілген тәртіппен шығарылған шешімнің күшін жою, мемлекеттік баж салығын қайтару, үкім орындауға жіберілгенге дейін сотталған адаммен кездесу, аудио-, бейнетіркеудің көшірмесімен танысу туралы өтініштер жолдай алады. Бұған қоса, азаматтар соттарға осы сервис арқылы атқару парағын әділет органдарына немесе жеке орындаушыға жіберу туралы өтінішпен жүгінуде.

«Сот кабинеті» – бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған.
Осы сервистің негізгі ерекшелігі азамат, оның адвокат тұлғасындағы өкілі немесе заңгер кез келген ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ, интернет желісі арқылы сот құжатын, сондай-ақ, істегі мәртебесін көре алады және сот актісін басып шығарып алуға мүмкіншілігі бар.
Әрбір сотқа жүгінген азамат «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығыннан электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет.
«Сот кабинеті» сервисі арқылы мемлекеттік бажды төлеу мәселесі шешілген, төлем карточкасы арқылы бажды төлеу туралы құжаттың сканерленген көшірмесін беру мүмкіндігі бар. Бұл қызметтерді электрондық цифрлық қолтаңбасы бар азаматтар пайдалана алады.
Сот жүйесіне заманауи технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді оңайлатып, бюрократиялық кедергілерді жояды.
«Сот кабинеті» сондай-ақ ЭЦҚ қолдану арқылы электрондық іспен танысу үшін қолжетімділікті қамтамасыз етеді, пуш-хабарлама арқылы сот отырысының өткізілетін күні, уақыты мен орны туралы хабар алуға мүмкіндік береді, сот отырысының хаттамасын беру туралы өтініш өткізуге, хаттамаға ескертулер беруге, сондай-ақ шығарылған сот актілерін алуға және атқару парақтарын сұратуға интернет желісі арқылы қолданушыға ыңғайлы кез-келген жерде, ресми немесе мобильді қосымша арқылы жүгіне алады.
Еліміздің сот жүйесі жылдан жылға уақытпен бірге қадам басып, сот тәжірибесіне жаңа бағдарламалар енгізуде. Мұның бәрінің басты мақсаты сот процестеріне қатысушыларға жағдай жасау.

«Сот кабинеті» – электрондық ақпараттық сервистің қызметі, яғни соттағы жүйелі ақпарат берудің кеңейтілген тәсілі деп түсінуге болады. «Сот кабинеті» арқылы сотқа талап арыз беруге, сот отырысының хаттамасына ескерту келтіруге, өтініш, арыз, шағым және электрондық өтінімдерді әзірлеу және ұсыну, мемлекеттік баж салығын онлайын түрінде төлеу, деректерді сақтау мен біріктірудің қауіпсіздігі сияқты әректтерді жасауға мүмкіндік береді.

Электронды цифрлық қолтаңбасы бар кез-келген азамат үйден шықпай-ақ, «сот кабинеті» арқылы сотқа талап арыз беріп, кейін оның қаралуын бақылауға мүмкіндігі бар.

Гүлмира СЕБАЕВА,

Шымкент қаласының

мамандандырылған тергеу соты әкімшісінің басшысы.

ShareTweetShareSendShareShare

Comments 3

  1. Гаухар says:
    2 года ago

    👍

    Ответить
  2. Айгуль says:
    2 года ago

    Құнды мәлімет үшін рахмет! Іске сәт!!👍👍👍

    Ответить
    • qazaq_admin says:
      2 года ago

      Әумин!

      Ответить

Добавить комментарий для Гаухар Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ

13.04.2026
7 есеге қымбаттаған тариф: Сайрам-Өгемдегі өсім туризмге кері әсер етуі мүмкін

7 есеге қымбаттаған тариф: Сайрам-Өгемдегі өсім туризмге кері әсер етуі мүмкін

13.04.2026
ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА БІР МЕЗЕТТЕ 2500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСҚАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «AL-FARABI» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА БІР МЕЗЕТТЕ 2500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСҚАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «AL-FARABI» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ

13.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған