• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 7 сентября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТУРИСТІК АСТАНА АТАНҒАН ТҮРКІСТАНДЫ ТАНЫТУҒА ТУРОПЕРАТОРЛАР ДА АТСАЛЫСАДЫ

03.02.2024
in Басты ақпарат
ТУРИСТІК АСТАНА АТАНҒАН ТҮРКІСТАНДЫ ТАНЫТУҒА ТУРОПЕРАТОРЛАР ДА АТСАЛЫСАДЫ

Түркістан – Түркі Мемлекеттерінің 2024 жылғы туристік астанасы мәртебесіне ие болды. Осыған орай түрлі бағыттағы ауқымды әрі халықаралық іс-шаралар ұйымдастыру көзделуде. Жоспарларды талқылау, туризм саласында бизнес пен мемлекеттік органдар арасында көпір орнату, ұсыныстарды тыңдау мақсатында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың қатысуымен мәжіліс өтті. Жиынға облыстық мәдениет және туризм басқармасы, «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы РМҚК басшылары, Түркістан өңірі мен өзге аймақтардың туристік операторлары қатысты.
– Әлемде туризмнің даму тенденциясы жылдан жылға оң бағыттарға өзгеріп келеді. Биыл Түркістан жұртшылығына, оның ішінде туризм саласының өкілдеріне үлкен жауапкершілік артылып отыр. Сіздерге жылдық жоспарымызды таныстырып, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар мен бағдарламаларға қол жеткізудің, субсидиялар алудың тәртібі туралы құлағдандыруды және түсіндіруді жөн көрдік. Ортақ мақсат пен нақты қадамдар – нәтиже берері анық. Түркістан облысында өтетін ерекше іс-шаралар жайлы туристерді ақпараттандыруға атсалысыздар деген ойдамыз. Облыстық іс-шараларды туристік өнімдерге енгізуге әбден мүмкіндік бар. Осы жылы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің алғашқы түлектері қанат қағады. Оларды жұмысқа қабылдауға жол ашылады. Қазіргі таңда «Жастар практикасы» немесе «Алғашқы жұмыс орны» секілді мемлекеттік бағдарламалар арқылы кеңселеріңізді кеңейте аласыздар. Ұсыныс-пікірлеріңізді хаттамаға енгізіп, жауапты министрліктер, аудан және қалалық әкімдіктерге жеткіземіз. Сіздерді бірлесіп, белсене жұмыс жүргізуге және Түркістанның брендін танытуға шақырамыз, – деді Бейсен Дәулетұлы.
Облыстық мәдениет және туризм басқарма басшысының орынбасары Нұрдәулет Медеуов өңірдің іскерлік және оқиғалық туризм нарығын ілгерілету, мамандардың біліктілігін арттыру, консалтингтік қызметтер мен лицензия алу жолдары, транспорттық қызмет сапасын арттыру, гид-экскурсоводтарға ортақ әдіснамалық ақпарат дайындауды ұсынды. Сонымен қатар өңірдің гид-экскурсоводтарын бірыңғай реестрге тіркелу қажеттігін атап өтті. «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ЖШС Бас директоры Серік Сандыбаев баяндамасында Түркістанның «туристік астана» атануына орай жоспарланған жобаларға тоқталды. Іс-шаралар наурыз айынан, яғни Туристік маусымның ашылуынан басталады.
Атап айтқанда, «Көне түркі дәстүрі» этнофестивалі, «Әуе шарлары» фестивалі, «Түркі Әлемінің тағамдары – ТӘТТІ» гастрофестивалі, «Туристік астана келбеті» Түркі елдері өкілдеріне арналған ақпараттық тур, «Түркі қырандары» страйкболдан халықаралық чемпионат (Airsoft), «Қымыз» фестивалі, «Tourist Time» телевизиялық жобасы өткізіледі. Халықаралық көрмелерге қатысу мен жарнама жасау істері жалғасады. «Voice of Turan» халықаралық қазақ әндері фестивалі бұл жолы таулы аймақта, ашық аспан астында ұйымдастырылады. Үш күндік ауқымды шарада 20-ға жуық мемлекеттен өнерпаздар арнайы келіп, қазақ әндерін шырқайды. Айта кетейік, Түркістан өңірінде 1770 тарихи-мәдени ескерткіш орналасқан. Солардың бірегейі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұра объектісіне енген және тарихтың символы – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз...

Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде

Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде

04.09.2026
ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ГРУЗИЯ КӨРЕРМЕНДЕРІН ТӘНТІ ЕТТІ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ГРУЗИЯ КӨРЕРМЕНДЕРІН ТӘНТІ ЕТТІ

03.09.2026
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында  құрылыс индустриясын дамыту және заманауи технологияларды өңірге енгізу мәселелеріне арналған кездесу өтті

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында құрылыс индустриясын дамыту және заманауи технологияларды өңірге енгізу мәселелеріне арналған кездесу өтті

02.09.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026
ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026
ТІЛ – БІРЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ ЖӘНЕ ТӘРТІП НЕГІЗІ

ЯЗЫК — ПУТЬ К ЕДИНСТВУ И ОСНОВА ПОРЯДКА

04.09.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған