• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 15 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІН ҚОЛДАУ БОЙЫНША ЖОЛ КАРТАЛАРЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

15.12.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН: БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІН ҚОЛДАУ БОЙЫНША ЖОЛ КАРТАЛАРЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

Түркістан қаласында билік пен бизнес арасындағы сындарлы диалогты арттыру мақсатында Облыс әкімдігі, Прокуратура, Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Агенттігінің басшылық құрамының облыстағы бизнес өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Н.Көшеров, облыс прокурорының орынбасары С.Келдібеков, Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Е.Балғабаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.Арынбаев, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры А.Ибадуллаев, мемлекеттік органдардың өкілдері, қаржылық ұйым басшылары және 100-ден аса бизнес өкілі қатысты.
Кездесуде бизнесті қорғау, бизнесмендерге қолайлы жағдай жасау жан-жақты талқыланып, кәсіп жүргізуге кедергі келтіретін факторлар сараланды. Кәсіп иелері сала басшыларына толғандырған сұрақтарын қойып, өзекті мәселелерді ортаға салды.
Басқосуда облыс әкімінің орынбасары Н.Көшеров облыс әкімдігі жұмысының күн тәртібіндегі негізгі мәселелерінің бірі – өңірдегі бизнес климатты және инвестициялық ахуалды жақсарту екенін айтып өтті.
– Шағын және орта бизнес кез-келген ел экономикасының негізгі драйвері. Бизнесті қолдау арқылы жаңа жұмыс орындары құрылып, өңірдің әлеуметтік экономикалық жағдайы артады. 2023 жылғы 11 айдың қорытындысымен облыс экономикасының барлық салалары бойынша оң өсімге қол жеткізілді. Бұл жерде түрлі салаларында қызмет ететін өңір кәсіпорындарының айрықша үлесін атап өткен жөн. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2,3%-ға ұлғайып, 864 млрд. теңгені құраса, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 6%-ға артып, 394 млрд. теңгеге жетті. Өңір экономикасына тартылған инвестиция көлемі 268 млрд. теңгеге артып, 848 млрд. теңгеге жетті. Қабылданып жатқан шаралар, облысымыздың бизнес климатын жақсартуға бағытталған. Осы қолдауларды белсенді пайдаланып, бірлесе жұмыс жасауға шақырамын. Облыс әкімдігі мен облыс әкімі Дархан Сатыбалды Сіздердің кәсіпкерлік бастамаларыңызға әрқашан қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізгім келеді, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Елімізде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерліктің басым бөлігі, Алматы және Астана қалаларынан кейін Түркістан өңірінде шоғырланған. Осы жылдың 10 айында кәсіпкерлік субъектілерінің саны 28 мыңға артып, 213 мыңға жетті.
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры А.Ибадуллаев бизнесті қолдау және қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
– Биыл палатаға кәсіпкерлік субъектілерінен 185 арыз қаралып, оның 80-бойынша кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделері, сонымен қатар 960 млн. теңгеден астам мүліктік құқықтары қорғалған. Бизнестің құқығын қорғаудағы негізгі тиімді құралдардың бірі – кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі болып қала бермек. Жыл басынан бері кеңесте 11 отырыс өткізіліп, онда бизнестің жекелеген және жүйелі 24 мәселесі көтерілді. Нәтижесінде, мемлекеттік және құзырлы органдарға жалпы 47 хаттамалық ұсыныс енгізіліп, оның 35-і өзінің оң шешімін тапты, – деді Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев.
Жиында облыс прокурорының орынбасары С.Келдібеков «Кәсіпкерлікті қорғау — прокуратураның қадағалау қызметінің басым бағыты» екендігін атап өтіп, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөнінде атқарылған жұмыстарды баяндады. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Н.Мырзахметов бизнесті және инвестицияны қолдау бойынша атқарылған жұмыстарды саралап, инвестициялық мүмкіндіктерге кеңінен тоқталды. Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Е.Балғабаев «Бизнесті қорғау» жобасының жүзеге асырылу барысын бизнес өкілдеріне түсіндіріп өтті. Сонымен қатар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Бизнеске жол» жобасының жүзеге асырылу барысын баяндады.
Жергілікті әкімдік тарапынан өңір кәсіпкерлерін қаржылай қолдау, қажетті инфрақұрылыммен қамту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізуде. Биыл кәсіпкерлерге берілген жеңілдетілген несиелер көлемі 49 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5%-бен 19,8 млрд. теңге, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында 29,2 млрд. теңге қаралған. Толық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген 9 индустриалды аймақ және арнайы экономикалық аймақтар қызмет етеді. Мұнда коммуналдық тарифтер жеңілдетілген және бірқатар салықтық жеңілдіктер көзделген. Қазіргі таңда қосымша 5 ауданда индустриалық аймақтар құрылуда.
Жиын соңында кәсіпкерліктегі қордаланған мәселелерді шешу бойынша бизнес өкілдері, облыс әкімдігі және құқық қорғау органдарының бірлескен жол карталары қабылданды. Осындай форматтағы кездесулерді тұрақты өткізу келісілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз...

Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады

15.04.2026
ЖАЛҒАН АҚПАРАТ

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ

13.04.2026
7 есеге қымбаттаған тариф: Сайрам-Өгемдегі өсім туризмге кері әсер етуі мүмкін

7 есеге қымбаттаған тариф: Сайрам-Өгемдегі өсім туризмге кері әсер етуі мүмкін

13.04.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте бизнес нысандарының бейнекамераларын полиция жүйесіне қосу мәселесі талқыланды

Шымкентте бизнес нысандарының бейнекамераларын полиция жүйесіне қосу мәселесі талқыланды

15.04.2026
Ерлікке тағзым – ұрпаққа тағылым: Шымкентте патриоттық музей ашылып, жас өрендер ант берді

Дань подвигу — урок для поколения: в Шымкенте открыт патриотический музей, юные воспитанники приняли присягу

15.04.2026
Ерлікке тағзым – ұрпаққа тағылым: Шымкентте патриоттық музей ашылып, жас өрендер ант берді

Ерлікке тағзым – ұрпаққа тағылым: Шымкентте патриоттық музей ашылып, жас өрендер ант берді

15.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған