• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 19 мая, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ӘЖЕЛЕР АЛҚАСЫНА» 10 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ «АЯЛЫ ӘЖЕ» ФОРУМЫ ӨТТІ

22.11.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ӘЖЕЛЕР АЛҚАСЫНА» 10 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ «АЯЛЫ ӘЖЕ» ФОРУМЫ ӨТТІ

Бүгін Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған «Әжелер алқасына» 10 жыл толуына орай «Аялы әже» форумы өтті. Форум аясында ұлттық тағамдарымыз бен дәстүрімізге, қолөнерімізге арналған көрме ұйымдастырылды.
Түркістан қаласында өткен мерейтойлық жиынға облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, облыстық мәслихаттың төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов және аудан мен қалалардан кеңес-алқа мүшелері қатысты. Жиында қазақ қоғамындағы әженің рөліне арналған арнайы бейнефильм көрсетіліп, ақжаулықты әжелер ұлттық салтымызды сахналады.
Форумда ел ішінде ерен еңбегімен танылған, дәстүрімізді дәріптеп жүрген әжелер «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, облыс әкімінің, облыстық мәслихаттың және облыстық ардагерлер кеңесінің грамотасымен марапатталды.
— Түркістан өңірі — ұлттық дәстүрді ұлықтаған киелі мекен. Күнгей өлкенің әрдайым ынтымағы, бірлігі мығым. Қазақ қоғамында ұрпақ тәрбиеcі мен ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптейтін асыл әжелердің орны мен рөлі қашанда ерек болған. Бүгінгі жиын да осы мақсатта өтіп отыр. Біз ұлттық тәрбие беруде әжелеріміздің тәліміне көп сенім артуымыз керек. Бүгінде облыстық ардагерлер кеңесі, оның ішінде Әжелер ұйымы жаңаша бағытта жұмыстар атқарып келе жатыр. «Қарты бар үйдің — қазынасы бар» дегендей, ата мен әже – ел тұлғаларын өсіретін ұлттық мектеп, — деді Бейсен Дәулетұлы.
Сонымен қатар, әжелер мектебін дамыту тәжірибесін басқа өңірлерде де насихаттау үшін «Аялы әже» атты мүсін-таңба еліміздің барлық облыстарына эстафета ретінде табысталмақ. Алғашқы эстафета бүгінгі «Аялы әже» форумында киелі Түркістан өңірінен әулиелі Жамбыл облысына салтанатты түрде тапсырылды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Оқи отырыңыз...

Возврат необоснованно начисленных плат: в Шымкенте защищены права более 2500 предпринимателей

19.05.2026
Төлемақы негізсіз есептелген: Шымкентте 2500-ден астам кәсіпкердің құқығы қорғалды

Төлемақы негізсіз есептелген: Шымкентте 2500-ден астам кәсіпкердің құқығы қорғалды

19.05.2026
Палата сарапшысы Нұркен Асамбаев «Ерен еңбек иесі – Ел құрметі» медалімен марапатталды

Палата сарапшысы Нұркен Асамбаев «Ерен еңбек иесі – Ел құрметі» медалімен марапатталды

18.05.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«ЗАҢДЫ БІЛУ — ЗАМАН ТАЛАБЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«ЗАҢДЫ БІЛУ — ЗАМАН ТАЛАБЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

19.05.2026

Возврат необоснованно начисленных плат: в Шымкенте защищены права более 2500 предпринимателей

19.05.2026
Төлемақы негізсіз есептелген: Шымкентте 2500-ден астам кәсіпкердің құқығы қорғалды

Төлемақы негізсіз есептелген: Шымкентте 2500-ден астам кәсіпкердің құқығы қорғалды

19.05.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған