• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 19 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҢ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ ЖҰМЫСЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

16.11.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҢ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ ЖҰМЫСЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Арыс қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кезекті мәжіліс өтті. Жиында шаһарды дамыту жолдары кеңінен талқыланды. Кемшіліктер ашық айтылып, индикаторды орындамаған басшыларға сын-ескертпелер айтылды. Облыс әкімі Арысың әлеуеті бұдан да жоғары болуы керек екенін жеткізді.
– Арыс қаласының стратегиялық маңызын ескере отырып, арнайы экономикалық аймақ құру бойынша зерделеу жүргізіп, нақты ұсыныс енгізуді тапсырғанмын. Бұл тапсырмада орындалмаған. Қалада шешімін таппаған мәселелер көп. Арыс қаласы облысымыздағы үлкен қалалардың бірі болса да, тамақ өнімдерін өндіруге тартылған инвестиция көрсеткіші бойынша төменгі орында. Небәрі 245 млн. теңге тартылған. Бұл өте аз. Инвестиция тарту, өнеркәсіп көлемі бойынша осы жылға бекітілген жоспарларға қол жеткізу үшін салалық басқармалармен бірлесе отырып, қажетті шараларды қабылдаңыз. Арыс қаласының әлеуетін толық пайдалану үшін қалада шағын өнеркәсіптік паркті құру қажет. Осы мәселені жан-жақты пысықтап, жұмыс атқарған жөн. Тоғыз жолдың торабында орналасқан Арысты географиялық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, көлік-логистикалық орталыққа айналдыру қажет. Қала әкімі, басқарма басшылары осы бағытта жұмыс жүргізіңіздер, – деген Дархан Сатыбалды әлеуметтік ахуалды жақсарту, қаланың тазалығын реттеу, жолдарды күтіп ұстау, жылыту маусымын сапалы өткізу, тұрғын үймен қамту және білім, денсаулық салаларындағы түйткілдерді тарқату жөнінде тапсырма берді.
Мәжілісте Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекованың есебі тыңдалды. Ол негізгі экономикалық көрсеткіштерге тоқталып, жоспарларын баяндады. Кәсіпорындар ашу бойынша жұмыстар жүріп жатқанын мәлімдеді.
Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов Арыс қаласын даму барысын зерделеу нәтижесімен таныстырды. Орындалмай жатқан тапсырмаларға, кемшіліктерге тоқталды.
Жиынды қортындылаған облыс әкімі жауапты басқарма басшылары мен аудан әкіміне шаһарды дамыту бойынша жұмыстарды жүйелеуді тапсырды. Жұмыс дұрыс атқарылмаса, шаралар қабылданатынын ескертті.
Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі биыл 9 айдың қорытындысымен 14 млрд. теңгені құрады. Өндеу өнеркәсібінің негізгі капиталына бағытталған инвестиция көлемі 536 млн. теңгені құрады.
Арыс қаласы тұрғындарының жылыту маусымына 52 мың 735 тонна көмір қажет болса, бүгінгі күнге 43 мың 242 тоннасы тасымалданған. Бұл бағытта жұмыс жалғасады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз...

Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Подписан меморандум с бизнес-ассоциациями Кыргызстана

17.04.2026
Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

17.04.2026

Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады

15.04.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Подписан меморандум с бизнес-ассоциациями Кыргызстана

17.04.2026
Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

17.04.2026
Мемлекет басшысы БҰҰ мен басқа да халықаралық институттарды жетілдіру жөніндегі ойымен бөлісті

Мемлекет басшысы БҰҰ мен басқа да халықаралық институттарды жетілдіру жөніндегі ойымен бөлісті

17.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған