• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 15 июня, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ V СПАРТАКИАДАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

16.11.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ V СПАРТАКИАДАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай ересектер арасында Түркістан облысының V спартакиадасы басталды. Рухани шаһарда құрылысы қайта жаңарған Октябрь Жарылқапов атындағы стадионда спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі жоғары деңгейде өтті.
Ашылу рәсімінде сөз алған Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жазира Муслимова мен Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Алмас Салимов жарысқа қатысушы командаларды құттықтап, баршасына сәттілік тіледі.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мен халық арасында бұқаралық спортты насихаттауға бағытталған жарыста спорттың 8 түрінен мықтыларды анықтау көзделген. Атап айтқанда, волейбол, үстел теннисі, стритбол, шағын футбол, тоғызқұмалақ, шахмат, жүзу, қазақ күресі түрлерінен спортшылар жарыс жолына шығады. Облыстық спартакиадаға өңіріміздің қалалары мен аудандарынан іріктелген 17 команда келген. Әуесқой спортшылар арасындағы дүбірлі дода қарашаның 14-16 аралығына жоспарланған.
Алғашқы күннің нәтижесі бойынша үш спорт түрінен жеңімпаз командалар анықталды. Жүзу спортынан үзіктер қатарында Түркістан қаласының командасы жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілсе, екінші орынға Кентау қаласының спортшылары жайғасты. Ал жүлделі үшінші орынды Бәйдібек ауданының өрендері иеленді. Қазақ күресінен де үздік командалар белгілі болды. Тартысқа толы өткен белдесулер қорытындысында І орынды Ордабасы құрамасы еншілесе, ІІ орынға Түркістан қаласының командасы қол жеткізді. Шардаралық балуандар қола жүлдені місе тұтты.
Тоғызқұмалақ бәсекесінде де жеңімпаздар белгілі болды. Зияткерлер ойынында І орынды Шардара ауданы, ІІ орынды Түлкібас ауданы, ІІІ орынды Сарыағаш ауданының спортшылары олжалады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАНДА ТӘЛІМГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН 16 САҒАТТЫҚ ОҚЫТУ КУРСЫ ӨТУДЕ

ТҮРКІСТАНДА ТӘЛІМГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН 16 САҒАТТЫҚ ОҚЫТУ КУРСЫ ӨТУДЕ

12.06.2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ ТУРИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН 30-ҒА ЖУЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ ТУРИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН 30-ҒА ЖУЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

12.06.2026
Шымкентте жазғы демалыста 16 жасқа толған жасөспірімдер қоғамдық жұмысқа жолданады

Шымкентте жазғы демалыста 16 жасқа толған жасөспірімдер қоғамдық жұмысқа жолданады

10.06.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

РЕАЛИЗАЦИЯ ПРИНЦИПОВ «СПРАВЕДЛИВОСТЬ И СОЛИДАРНОСТЬ» В ГОРОДЕ ШЫМКЕНТ: РЕЗУЛЬТАТЫ И ОБЩЕСТВЕННЫЙ ЭФФЕКТ

РЕАЛИЗАЦИЯ ПРИНЦИПОВ «СПРАВЕДЛИВОСТЬ И СОЛИДАРНОСТЬ» В ГОРОДЕ ШЫМКЕНТ: РЕЗУЛЬТАТЫ И ОБЩЕСТВЕННЫЙ ЭФФЕКТ

14.06.2026
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ӘДІЛДІК ПЕН ЫНТЫМАҚ» ҚАҒИДАТТАРЫН ІСКЕ АСЫРУ: НӘТИЖЕЛЕР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ӘСЕР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ӘДІЛДІК ПЕН ЫНТЫМАҚ» ҚАҒИДАТТАРЫН ІСКЕ АСЫРУ: НӘТИЖЕЛЕР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ӘСЕР

14.06.2026
БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ: ШЫМКЕНТТЕГІ БІРЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ

МЕСТО МИРА И ПРИМИРЕНИЯ: ЕДИНСТВО И СТАБИЛЬНОСТЬ В ШЫМКЕНТЕ

14.06.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған