• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 8 сентября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА САЯБАҚ АШЫЛДЫ

09.11.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА САЯБАҚ АШЫЛДЫ

Бүгін Түркістан облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен елімізде алғаш рет «ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің» саябағы ашылды. Түркістан қаласындағы Бекзат Саттарханов даңғылының бойында орналасқан саябақтың ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков, облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев және облыстағы барлық жастар орталықтарының басшылары арнайы қатысты.
— Түркістан бұрынғы Яссы кезінде жасыл желекке оранған мәуелі қала болған. Бүгінгі жаңарған Түркістанды да қайта табиғаты тамаша, ауасы таза қала боларына сенім мол. Сондықтан да бүгінгі ашылып жатқан саябақтың біздің киелі қаламыз үшін маңызы жоғары болмақ, — деді облыс әкімінің орынбасары Бейсен Дәулетұлы.
Шара барысында саябақтың сәнін келтіретін ағаш түптерін отырғызу рәсімі өтті. Айта кетейік, ондағы ағаштарды еліміздің 20 облыс-қалаларының экономикалық тергеп-тексеру департаменттері жолдаған. Сонымен қатар, Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергеновтің де арнайы жолдаған талы егілді. Жалпы 500-ге жуық ағаш отырғызу жоспарланса, бүгін 100 ағаш түптері егілді.
Саябақтың ерекшелігі — онда 30 жерде QR кодтар орналастырылған. Азаматтар бұл кодтарды сканерлеу арқылы елімізде қаржылық пирамида ретінде танылған ұйымдардың толық тізімін көре алады. Осы арқылы қаржылық пирамидаға алданушылар санын азайтатынын жеткізді ұйымдастырушылар. Саябақтың ашылу салтанаты өнерпаздардың әсем әндері мен мың бұралған билерімен жалғасын тапты.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Оқи отырыңыз...

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026
Шымкент цифрлық сауаттылықты оқытуда өңірлер арасында бірінші орынға ие болды

Шымкент цифрлық сауаттылықты оқытуда өңірлер арасында бірінші орынға ие болды

07.09.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026
Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған