• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 18 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ТЫҢ СЕРПІН БЕРЕТІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК СЕМИНАР ӨТТІ

08.11.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ТЫҢ СЕРПІН БЕРЕТІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК СЕМИНАР ӨТТІ

Түркістан облысында «KZ инновациялық технологиялар ҒӨО» ЖСШ мен Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен 6-7 қараша күндері «Түркістан облысының ауыл шаруашылығына полимерлі-минералды материалдарды енгізу» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-өндірістік семинар өтті.
Семинардың басты мақсаты – су жинақтаушы және гидрооқшаулағыш полимерлі-минералды көпфункционалды және басқа да материалдарды пайдаланып, Түркістан облысында жердің ылғалын және құнарын арттыру мүмкіндігін зерделеу жұмыстарының нәтижелерін енгізу. Бұл жоба Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылмаған. Оны Түркістан облысының АӨК-не енгізу суды үнемдеуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ғылыми-өндірістік семинардың ашылуы және бірінші күні Отырар ауданында өтті. Оған ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі, Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов, Өзбекстан, Ресей және Шымкент қалсы мен Түркістан облысынан ауыл шаруашылығы саласының ғылыми қызметкерлері мен еңбек ардагерлері қатысты.
Түркістан қаласында өткен семинардың екінші күніндегі жұмысына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы қатысты. Ол ғалымдармен пікір алмасып, өңірде ауыл шаруашылығын дамытуда ғылыми зерттеулер нәтижесіне де басымдық берілетінін жеткізді.
Басқосуда ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағыттары тарқатылып, Түркістан облысының ауыл шаруашылығына полимерлі-минералды материалдарды енгізудің артықшылықтары мен сынақ нәтижелері туралы айтылды. Су ресурстарын үнемдеу жайы кеңінен талқыланды. Қатысушылар пікір алмасып, ұсыныстарын жеткізді.
«KZ инновациялық технологиялар ҒӨО» ЖСШ директоры Бейбіт Сыздықов жобаның мақсатымен таныстырып, келешегіне тоқталды. Ауыл шаруашылығына жаңа технологияларды енгізу керектігін айтты.
Ғалымдардың айтуынша, ауыл шаруашылық өндірісінің дамуы және халықтың әл-ауқаты, көбінесе, топырақтың құнары мен экологиялық тазалығына байланысты. Топырақ жүйесіне ПMM енгізген кезде айтарлықтай оңды өзгерістер байқалады. Атап айтқанда, топырақтың химиялық, физикалық және биологиялық сипаттамалары жақсарып, өсімдік организмдерінің құнарлығы, биоөнімділігі артады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз...

Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Подписан меморандум с бизнес-ассоциациями Кыргызстана

17.04.2026
Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

17.04.2026

Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады

15.04.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Подписан меморандум с бизнес-ассоциациями Кыргызстана

17.04.2026
Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

17.04.2026
Мемлекет басшысы БҰҰ мен басқа да халықаралық институттарды жетілдіру жөніндегі ойымен бөлісті

Мемлекет басшысы БҰҰ мен басқа да халықаралық институттарды жетілдіру жөніндегі ойымен бөлісті

17.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған