• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 7 сентября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЕКЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР КӨЛЕМІ 1,7 ЕСЕГЕ АРТТЫ

06.11.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЕКЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР КӨЛЕМІ 1,7 ЕСЕГЕ АРТТЫ

2013 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Түркістан облысында негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң өсім сақталды. Бірқатар салада көрсеткіш жақсара түскен. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 680,6 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,7%-ды құрады.

Оқи отырыңыз...

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде

Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде

04.09.2026
ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ГРУЗИЯ КӨРЕРМЕНДЕРІН ТӘНТІ ЕТТІ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ГРУЗИЯ КӨРЕРМЕНДЕРІН ТӘНТІ ЕТТІ

03.09.2026

Өңірдің экономикалық дамуы облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 13 индикаторды орындау бойынша көш соңында қалған әкімдерге жұмысты ширатуды тапсырды.

– Аудан, қала әкімдері экономикалық көрсеткіштерді жақсарту бағытындағы индикаторларды 100 пайыз орындауы тиіс. Жауапты басқарма мен әкімдіктер тығыз байланыста жұмыс істесін. Әсіресе, жаңа жұмыс орындары мен зауыттар, кәсіпорындар ашуға басымдық берілсін. Құрылыс, ауыл шаруашылығы және өзге де салалардағы жұмыстар күшейтілгені жөн. Әр экономикалық көрсеткіштер туралы сандардың артында тұрғындардың, өңірдің әлеуметтік мәселесі тұр, – деді Дархан Сатыбалды.

Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы Қанат Қайыпбектің айтуынша, бекітілген 13 индикатор бойынша әкімдердің рейтингі шығарылған. Әр сала бойынша тұрақты бақылау жүргізілуде. Жалпы, өңірдегі көрсеткіштер жоспарға сай орындалған.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 802,6 млрд. теңгені, немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,8%-ды құрады. Ет, сүт және жұмыртқа өндірісі орташа есеппен 2,4%-ға артты. Инвестиция көлемі 661,6 млрд. теңгені құрап, былтырмен салыстырғанда өсім 36,5%-ды құрады. Жеке инвестициялар 469,3 млрд. теңгеге жетті немесе 1,7 есеге артты. Облыста атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 230,8 млрд. теңгені құрады. Пайдалануға тапсырылған тұрғын үйлер алаңы 7,1%-ға артып, 669,4 мың шаршы метр үй тапсырылды.

Апталық мәжілісте өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал да
сарапталып, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаевтың баяндамасы тыңдалды.

Облыс әкімі өңірдегі күрделі мәселелерді дер кезінде анықтап, шұғыл шешу жолдарын қарастыруды, басшыларға өз деңгейіндегі мәселелерді уақтылы шешуді тапсырды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған