• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 20 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: «ЖАҢАБАЗАР АРДАГЕРЛЕРІ» ҰЙЫМЫНЫҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫ АТАП ӨТІЛДІ

06.11.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН: «ЖАҢАБАЗАР АРДАГЕРЛЕРІ» ҰЙЫМЫНЫҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫ АТАП ӨТІЛДІ

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауыл округінде «Жаңабазар ардагерлері» ұйымының 70 жылдық мерейтойы салтанатты түрде өткізілді. Жиын барысында атаулы ұйымның тарихынан сыр шертетін көрме, ұлттық спорт ойындарының түрлерінен сайыстар, мерекелік концерттер ұйымдастырылды. Облыс, республика көлемінде танымал тұлғалар, ел ағалары, қадірлі қонақтар келіп, өздерінің жүрекжарды ақ тілектерін арнады.

Оқи отырыңыз...

Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Подписан меморандум с бизнес-ассоциациями Кыргызстана

17.04.2026
Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

17.04.2026

Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады

15.04.2026

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев қазығұрттық ақсақалдардың өнегелі істеріне тоқталды. «Жаңабазар ардагерлері» ұйымының 70 жылдығына арналған облыс әкімінің құттықтауын жеткізді.

Жаңабазарлық ардагерлердің өнегелі іс-әрекеттері, қоғам өміріндегі белсенділігі облыс, республика көлеміне кеңінен танылған. Олардың ел арасында ынтымақ, бірлікті сақтау, жастарға тәрбие беруде, отбасылық құндылықтарды насихаттаудағы еңбегі ерекше.

Ауылдың аға буынын берекелі істерге біріктірген қазақтың салт-дәстүрі мен ұлттық сусыны болатын. Бұл дәстүрді жергілікті жұрт «қымыз жиыны» деп атайды. Ауыл тұрғындарының бір үйде бас қосып, қымыз ішіп, өзара әңгіме-дүкен өткізетін үрдісі 1950 жылдан бері бар. Кеңес өкіметінің дәуірлеп тұрған кезінде бұл өңірде 60-тан астам ұсақ ұжымшар болған. Сол кезде алыс-жақын ауылдардан атпен Жаңабазар ауылына келіп, қымыз ішіп қайтатындар аз болмаған. Сусындаудың себебімен келгендер өзара әңгіме құрып, жаңалықтарымен бөлісіп, шаруа жайын ақылдасып отырған.

Тәуелсіздік жылдары жаңабазарлықтар бұл дәстүрді одан әрі жетілдіре түсті. Жергілікті белсенділердің бастамасымен «Жаңабазар ардагерлері» қоғамдық бірлестігі құрылды. Ауыл ақсақалдары бас болып, демеушілердің көмегімен елді мекен орталығынан әдемі ғимарат бой көтеріп, осында апта сайын бас қосу ұйымдастырылатын болды.

Ардагерлердің апта сайынғы басқосуы жұртты татулыққа үндеуге, адасқанды тура жолға, тентекті тезге салатын, ел ішіндегі дау-дамайды, тұрмыстық мәселелерді шешетін, бір-біріне қырын қарап жүрген екі жақты татуластыратын, ауылдың бірлігі мен бүтіндігін, берекесін сақтауға дәнекер болатын дәстүрлі жиынға айналды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМ ТІРЕГІ

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМ ТІРЕГІ

20.04.2026
ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ПСИХОЛОГТАРЫНА АРНАЛҒАН  ПРАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ӨТТІ

В КЫЗЫЛОРДЕ ПРОШЛИ ПРАКТИЧЕСКИЕ ЗАНЯТИЯ ДЛЯ ПСИХОЛОГОВ НАЦИОНАЛЬНОЙ ГВАРДИИ

20.04.2026
ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ПСИХОЛОГТАРЫНА АРНАЛҒАН  ПРАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ПСИХОЛОГТАРЫНА АРНАЛҒАН ПРАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ӨТТІ

20.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған