• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 21 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАНДА «ЖАҢАРҒАН ЖЕР, БАҚ ҚОНҒАН ЕЛ –ТҮРКІСТАН!» МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТІ ӨТТІ

12.10.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАНДА «ЖАҢАРҒАН ЖЕР, БАҚ ҚОНҒАН ЕЛ –ТҮРКІСТАН!» МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Бүгін Түркістанда жаңадан ашылған «Мұз сарайы» алдындағы ашық алаңда «Жаңарған жер, бақ қонған ел –Түркістан!» атты мерекелік концерті өтті. Бес жылдық белеске арналған кешке облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарды құттықтады.
– Баршаңызды Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуымен шын жүрекпен құттықтаймын! Осы мерекеге арналған бүгінгі өнер кеші – қала тұрғындары мен қонақтарына тамаша тарту болғалы тұр. Қазіргі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Түркістанға ерекше мәртебе беру бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінгі ғана бауырлас Түркия, Әзербайжан, Мажарстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің қатысуымен Түркі елдері ұйымының форумы басталды. Онда Түркістан – 2024 жылға Түркі әлемінің туристік астанасы болып жарияланды. Баршаңызға құтты болсын айтқым келеді. Бұл – өңірдің одан әрі дамып, туристік әлеуетінің артуына оң серпін беретін қадам деп білемін. Түркістанның мұндай маңызды міндетті алуы – түркітілдес бауырлардың ыстық ықыласы деп түсінемін. Қазақ хандығының астанасы атанған қаланың жауһарына айналған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ежелгі нысандар туристердің Түркістанға деген қызығушылығын арттырады. Алдағы уақытта да Түркістан тек еліміздің ғана емес, Түркі әлемінің рухани шамшырағы ретінде жарқырайтын болады. Айтулы мереке қарсаңындағы өнер кеші сіздерге рухани демалыс сыйлайды деп сенемін, – деді облыс әкімі.
Қазіргі таңда өңірде мәдениет пен өнерге айрықша көңіл бөлініп келеді. Руханиятты дамытуға арналған тың жобалар іске асуда. Оның ішіндегі кәсіби театрлар еңбегі айрықша. Сонымен қатар биыл «Түркістан дауысы» ән байқауы, Түркі тілдес елдердің анимациялық көрмесі, Түркі әлемінің этноподиумы сынды ауқымды жобалар қолға алынған болатын. Ал 19-20 қазан күндері «Voice оf Turan» халықаралық байқауы өтпек. Онда шетел әншілері Қазақ әндерін орындайды. Қараша айында республикалық театрлар фестивалін өткізу жоспарлануда.
Мерекелік кеш Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның «Түркістан» әнімен ашылды. Сонымен қатар Нұрболат Абдуллин, Мархаба Сəби, Дастан Оразбеков, Айя Шәріп, Сара Амангелді, Kyle Ruh, «Алатау серілері» сынды танымал жұлдыздар өнер көрсетіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Президент жарлығымен 2018 жылдың 19 маусымында Түркістан облысы құрылған болатын. Бұл тарихи шешім өңірге жаңа серпін берді және жан-жақты даму мүмкіндіктеріне жол ашты. Осынау аз ғана уақыт ішінде Түркістан өңірі түлеп, жаңаша кейіпке еніп үлгерді. Тарихы тереңде жатқан шаһардың жаңа дәуірі басталып, жүздеген нысан бой көтерді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз...

Қырғыз Республикасы делегациясы Түркістан облысының инвестициялық әлеуетімен танысты

Қырғыз Республикасы делегациясы Түркістан облысының инвестициялық әлеуетімен танысты

21.04.2026
Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Подписан меморандум с бизнес-ассоциациями Кыргызстана

17.04.2026
Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

17.04.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Қырғыз Республикасы делегациясы Түркістан облысының инвестициялық әлеуетімен танысты

Қырғыз Республикасы делегациясы Түркістан облысының инвестициялық әлеуетімен танысты

21.04.2026
ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМ ТІРЕГІ

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМ ТІРЕГІ

20.04.2026
ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ПСИХОЛОГТАРЫНА АРНАЛҒАН  ПРАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ӨТТІ

В КЫЗЫЛОРДЕ ПРОШЛИ ПРАКТИЧЕСКИЕ ЗАНЯТИЯ ДЛЯ ПСИХОЛОГОВ НАЦИОНАЛЬНОЙ ГВАРДИИ

20.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған