• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 9 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ОҢТҮСТІК ҰЛАНДАРЫ ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

05.10.2023
in Без рубрики

«Қартың болса үйіңде, жазып қойған хатпен тең» деген сөздің қасиетін терең түсінген ұландықтар «1 қазан – Қарттар күнін» үлкен құрметпен мерекеледі. Еліміздегі мерекелердің ішінде ұрпақтан ұрпаққа өсиет болып келе жатқан – қазыналы қарттарды сыйлау, оларға қамқор болуды дәріптейтін мерекені «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер ұйымшылдықпен атап өтті.

Оқи отырыңыз...

Бейбіт күннің батырлары

Бейбіт күннің батырлары

08.07.2025
Түркістан қаласының коммуналдық қызметтері жаңа арнайы техникалармен толықты

Түркістан қаласының коммуналдық қызметтері жаңа арнайы техникалармен толықты

04.07.2025
ТҮРКІСТАНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ  ОТБАСЫНА БАСПАНА КІЛТІ МЕН ДОМБЫРА ТАРТУ ЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ ОТБАСЫНА БАСПАНА КІЛТІ МЕН ДОМБЫРА ТАРТУ ЕТІЛДІ

04.07.2025

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен әскери қоғамдық ұйым өкілдері зейнеткерлерге, мүгедек­терге, қамқорлық пен күтiмдi қажет ететiн азаматтарға жылдағы бағыт бойынша ерекше көңiл бөліп келеді. Осы ретте, үлкенге құрмет көрсетуде құқықтық тәртіп әскері салтынан жаңылған емес.

Қарттар күніне арналған мерекеде сыр еліндегі 5547 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтк-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Берік Қараманов және ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерлан Әбдікәрімов бөлімнің офицерлерімен бірге ардагер Қанат Минасипов пен Ұлы Отан соғысының тыл ардагері 98 жастағы Ануарбек Әбенов ақсақалдың үйлеріне арнайы барып құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасады. 5547 әскери бөлімінің командирі подполковник Ерден Бастамиевтің  арнайы алғыс хаттарын табыстап, қазыналы қарттарымыздың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа үлгі екенін жеткізді.

Ал 3660 әскери бөлімінің ұжымы Заречный ауылдық округі әкімдігімен бірлесіп Арна ауылының мәдениет үйінде және Заречныйдегі №12 орта мектепте «Дария кеуде тау мүсін — қарттарым аман саумысың» атты мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Өмір белестерінен өткен аға буын өкілдерінің атына жылы лебіздер айтылды. Оларға лайықты сый-сияпат жасалды.

Мағыналы ғұмыр кешкен ақсақалды қарттарымыз бен ақ жаулықты аналарымыз өздеріне қиын да қызықты қызметтеріне қарамастан ілтипат танытқан ұландық әскери қызметшілер мен Заречный ауылдық округінің әкімі Гүлбану Несіпбаеваға дән ризашылықтарын білдіріп, зор денсаулық, шапағаты мол жауапты қызметтерінде табыс тіледі.

5513 әскери бөлімінің әйелдер кеңесі мен ардагерлер кеңесі бүгінде еңбектерінің зейнетін көріп отырған бөлімнің құрметті ардагері Владимир Лозавой, ардагерлер Владимир Грушко, Александр Змиевский, Владимир Семенов, Алексей Антониади, Сагдолла Мейлиев және Махкам Шарифходжаевқа да лайықты құрмет көрсетті. Ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы подполковник Ақайдар Дүйсенбиев қарияларға жүрек жарды лебізін арнады. Ардагерлерге бригада командирі полковник Ғазиз Кәдірбектің Алғыс хаты мен ұйымдастырушылар дайындаған арнайы сый-сияпаттар табыс етілді.

Өз кезегінде ардагерлер атадан қалған асыл қасиеттен танбай көрегенділік танытып, құрмет көрсетіп жатқан ұландық әскери қызметшілерге шынайы алғыстарын айтып, ақ батасын берді.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ

ДЕПУТАТТАР ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ

08.07.2025
Бейбіт күннің батырлары

Бейбіт күннің батырлары

08.07.2025
САУРАНДЫҚТАР ТҮРКИЯДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

САУРАНДЫҚТАР ТҮРКИЯДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

07.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған