• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 16 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАНДА ҚАРТТАР МЕН АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ

29.09.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАНДА ҚАРТТАР МЕН АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ

Бүгін Түркістан қаласында 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев қатысып, ақсақалдар мен әжелерді құттықтады.
– Қадірлі ақсақалдар! Аяулы ақ жаулықты әжелер! Баршаңызды мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Қазақ бағзы заманнан қарияларды халықтың баға жетпес қазынасы санап, олардың батасын алуды мәртебе көреді. Бұл қасиет атадан-балаға мұра ретінде дәріптеліп келеді. Мемлекет тарапынан қарттарды қолдау үшін бағдарламалар іске асырылып, әлеуметтік қолдаулар көрсетілуде. Түркістан облысында 185 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Оның ішінде 14-і Ұлы Отан соғысының ардагері болса, 4 мыңнан астам тыл еңбеккері бар. Жыл сайын облыстық бюджет есебінен демалыс орындарында 8 мыңға жуық қария демалып, денсаулығын түзейді. Өңір әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен ардагерлерімізге қолдау көрсетілуде. «Қамқорлық» акциясы шеңберінде 16 мыңға жуық ардагерге қоғамдық көліктерде тегін жүруге, коммуналдық қызметтерді өтеуге жеңілдіктер қарастырылды. Одан бөлек те түрлі қолдаулар тұрақты жүргізіледі. Мерекелік іс-шаралар облыстың барлық аудан, қалаларында жалғасын табады. Түркістан өңірінің дамуына үлес қосып, аянбай қызмет еткендеріңіз үшін бас иеміз! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін! – деді облыс әкімінің орынбасары.
Мерекелік шара барысында еңбек жолымен үлгі болып жүрген аға буын өкілдері облыс әкімінің, облыстық мәслихаттың және Облыстық ардагерлер кеңесінің алғыс хаттарымен марапатталып, құрмет көрсетілді. Қариялардың құрметіне мерекелік дастарқан жайылды. Концерттік бағдарлама ұсынылып, әннен шашу шашылды. Мағыналы ойлар айтылды.
Айта кетейік, бүгінде 1 айлық көрсеткіш мөлшерінде 300-ден астам 80 жастан асқан жалғызілікті қариялардың зейнетақыларына үстемақы төленіп келеді. «Ардагерлер үйі» мен «Мейір» ардагерлер үйлерінде 8 мыңға жуық ардагер денсаулығын түзеуге мүмкіндік алды. Жеңіс күніне орай ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне 1 млн. теңге көлемінде қаржылай көмек берілді.
Жеңіске үлес қосқан өзге де 4273 тыл ардагеріне жалпы 175,5 млн. теңге көлемінде біржолғы қаржылай көмек көрсетілді. Арыс, Кентау, Түркістан қалалары мен Жетісай, Мақтаарал, Ордабасы, Отырар, Келес, Сарыағаш, Сауран, Созақ, Түлкібас, Шардара аудандарында ардагерлерге арналған «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтары ашылды. Бұл бағытта жұмыс жалғасады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТҮСІНДІРУГЕ АРНАЛҒАН КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТҮСІНДІРУГЕ АРНАЛҒАН КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

15.10.2025
Онлайн форматта өтті

Онлайн форматта өтті

15.10.2025
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

09.10.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«АДАЛ АЗАМАТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА САУРАНДА АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«АДАЛ АЗАМАТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА САУРАНДА АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

16.10.2025

СЕЙІЛХАН АХМЕТОВКЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛІП, «САУРАН АУДАНЫНА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» ТӨСБЕЛГІСІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

16.10.2025
ҰСТАЗ АРМАН ҚУАНЫШБАЕВ САУРАНДА УАҒЫЗ НАСИХАТ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

ҰСТАЗ АРМАН ҚУАНЫШБАЕВ САУРАНДА УАҒЫЗ НАСИХАТ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

15.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған