• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 16 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ШӘУІЛДІР» ЗАМАНАУИ КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ АШЫЛДЫ

27.09.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ШӘУІЛДІР» ЗАМАНАУИ КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ АШЫЛДЫ

Түркістан облысы, Отырар ауданында заманауи «Шәуілдір» күн электр станциясы ашылды. Италияның «Plenitude» («Eni») компаниясының инвестициясы есебінен салынған бұл маңызды нысан – аталған компаниясының Қазақстан Республикасы аумағындағы алғашқы күн электр станциясы. Қуаты 50 МВт электр станциясы «Plenitude» компаниясының құрылысын компанияның еншілес кәсіпорны «Arm Wind» ЖШС жүргізді.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТҮСІНДІРУГЕ АРНАЛҒАН КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТҮСІНДІРУГЕ АРНАЛҒАН КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

15.10.2025
Онлайн форматта өтті

Онлайн форматта өтті

15.10.2025
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

09.10.2025

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды көпшілікті нысанның ашылуымен құттықтап, инвесторға, жобаны жүзеге асыруға үлес қосқан азаматтарға алғысын жеткізді.

– Бүгін біз өңіріміздің дамуындағы маңызды қадам болатын күн электр станциясының ашылуына қатысып отырмыз. Жаңартылатын энергия көздері климаттың өзгеруіне қарсы күресте де тиімді. Бұл жоба – біздің таза, тұрақты энергияға көшуге деген сеніміміздің нәтижесі. Түркістан облысының жаңартылатын энергия көздері саласында үлкен әлеуеті бар. Облыс негізінен энергияны сырттан импорттайды және өз қуаттары арқылы жалпы сұраныстың 30%-ын ғана қамтамасыз ете алады. Сондықтан бүгін ашылған станцияның маңызы өте зор. Қазірдің өзінде облысымызда жалпы қуаты 362 МВт болатын 25 жаңартылатын энергия нысаны бар. Өнеркәсіпті дамыту үшін қуат көздері жеткілікті болуы қажет. Ал жаңартылатын энергия саласын өркендету арқылы облыстың өнеркәсіп саласы да дамитынына сенімдіміз. Бұл бастама Италия мен Түркістан облысы арасындағы байланыстарды нығайтып, жаңа жобаларға жол ашады деген ойдамын, – деді Дархан Сатыбалды.

Италияның Қазақстан Республикасындағы елшісі Марко Альберти де маңызды жобаға тоқталып, екі мемлекет арасында іскерлік байланыс нығая беретінін жеткізді. Шәуілдірдегі күн электр станциясына соңғы технологиялар қолданылғанын атап өтті. Түркістан облысындағы тарихи сәтпен құттықтады. Ал «Arm Wind» ЖШС-нің басқарушы директоры Алекс Стиллавато жаңа күн электр станциясы Түркістан өңірінің дамуына серпін беретініне, көміртегінің ауаға таралуын азайтуға және ауа райының жақсаруына үлес қосатынына тоқталды. Жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылатынын айтты.

«Шәуілдір» күн электр стансасының құрылысы – «Plenitude» компаниясының Қазақстандағы күн энергетикасы секторындағы алғашқы маңызды қадамы.
Электр станциясы өңірге осы саладағы ең озық технологияларды ұсына отырып, Түркістан облысының дамуына ықпал етеді. Компания 2020 және 2022 жылдары пайдалануға берген «Бадамша-1» және «Бадамша-2» жел электр станцияларын толықтыратын осы жоба Қазақстанның қазіргі энергетикалық мүмкіндігін арттыруға, атмосфераға шығатын зиянды қалдықтарды азайтуға серпін береді.

Аталған жобаны «TURKISTAN INVEST» ЖШС сүйемелдеді. Жобаны іске асыру жұмыстары 2021 жылы басталды. Құрылыс кезінде жергілікті тұрғындардан 300-дей адам жұмыспен қамтылды. Қазір күн электр станциясында 50 жұмыс орны ашылды. Станциясы 100 гектар аумақты алып жатыр. 93 мыңнан астам күн панелі мен қосалқы электр станциясы іске қосылды. Бұл тораптар ұзындығы 7,5 шақырым электр тасымалдау желісі арқылы жергілікті желіге біріктіріледі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«АДАЛ АЗАМАТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА САУРАНДА АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«АДАЛ АЗАМАТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА САУРАНДА АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

16.10.2025

СЕЙІЛХАН АХМЕТОВКЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛІП, «САУРАН АУДАНЫНА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» ТӨСБЕЛГІСІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

16.10.2025
ҰСТАЗ АРМАН ҚУАНЫШБАЕВ САУРАНДА УАҒЫЗ НАСИХАТ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

ҰСТАЗ АРМАН ҚУАНЫШБАЕВ САУРАНДА УАҒЫЗ НАСИХАТ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

15.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған