• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 14 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

«Ақпараттық жүйе дұрыс жұмыс істемейді»: Сабильянов Абай облысындағы медицина саласы жайлы

14.09.2023
in Басты ақпарат
«Ақпараттық жүйе дұрыс жұмыс істемейді»: Сабильянов Абай облысындағы медицина саласы жайлы

Ол медициналық қызмет көрсетуге байланысты коэффициенттерді өзгерту қажет деп есептейді.

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

09.10.2025

На заседании Совета образования обсудили вопросы финансирования частных школ

08.10.2025
Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

Білім салалық кеңесінде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі талқыланды

08.10.2025

Мәжілістің жалпы отырысында депутат, AMANAT фракциясының мүшесі Нұртай Сәбильянов Абай облысындағы медицина саласындағы мәселелерді көтерді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Абай облысының тұрғындары және медицина саласының қызметкерлерімен кездесулер өткізгенде денсаулық сақтау саласына қатысты мынадай мәселелер көтеріліп, ұсыныстар берілді. Абай облысы бойынша медициналық қызмет көрсетуге байланысты коэффициенттерді өзгерту қажет. Облыстағы жылыту коэффициенті – (1,0005), Шығыс-Қазақстан (1,0065) және Солтүстік Қазақстан (1,0079), Қарағанды (1,0063) облыстарына қарағанда төмен. Бұл облыстың климаттық жағдайына қарай ауруханаларды толықтай жылумен қамтамасыз етуге кері әсерін тигізеді», — деді Сабильянов.

Депутат атағандай, Семей полигонынан зардап шеккен облыстағы аудандардың экологиялық коэффициенттері басқа экологиялық аймақтарға жататын өңірлермен салыстырғанда төмен.

«Мысалы, Абай облысының қалалары мен аудандарындағы экологиялық коэффициенттер Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен Қызылорда облысының Арал ауданындағы, Байқоңыр қаласындағы экологиялық коэффициенттерден төмен. Бұл облыстағы медицина қызметкерлеріне тиісті үстеме ақы алуға мүмкіндік бермейді. Азаматтар ауруханаларда электрондық портал арқылы емделуі үшін кезекті, квотаны кемінде 1-2 ай күтеді. Ақпараттық жүйе дұрыс жұмыс істемейді. Семей қаласының тұрғындары емханаларда аптасына 1 рет қабылдайтынын жеткізді. Бұл халықтың уақытылы емделуіне кедергі тудыруда. Бұл мәселені түбегейлі шешу қажет. Жедел жәрдем қызметінде жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың Абай облысы бойынша базалық тарифінің мөлшерін аймақтағы орналасқан елді мекендердің арақашықтығын, аурулардың құрылымын, санын ескере отырып, ұлғайту керек», — деді Сабильянов.

Оның айтуынша, жедел жәрдем көліктері және санитарлық автокөліктер ескірген, оларды жаңарту және қызметкерлердің арнайы жұмыс киімін алуына тиісті қаражат бөлінуін қамтамасыз ету қажет.

«Семей ядролық полигонының салдарынан зардап шеккен азаматтардың көпшілігінде тұрақты жұмыс орны жоқ. Олар міндетті медициналық сақтандыру жарналарын төлей алмағандықтан толық көлемде медициналық көмек ала алмай отыр. Облыстағы перинатальдық орталықтың кредиторлық борыш көлемі көбеюде, оның ғимараты ескірген және көп жылдар бойы күрделі жөндеу жүргізілмеген. Сондай-ақ Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығына қосымша ғимарат салып, тиісті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету керек», — деді Нұртай Сабильянов.

Депутат атағандай, «Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламасында денсаулық сақтау жүйесін кезең-кезеңімен қаржыландыру қарастырылған.

«Осыған орай, Абай облысы бойынша медициналық қызмет көрсетудің жылыту, экологиялық коэффициенттерін ұлғайту; — жедел жәрдем қызметінде жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың Абай облысы бойынша базалық тарифінің мөлшерін ұлғайту, жедел жәрдем қызметін дамыту; — перинатальдық орталыққа күрделі жөндеу жүргізу; — ядролық медицина және онкология орталығына қосымша ғимарат салып, тиісті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету; — Семей ядролық полигоны сынақтарының салдарынан зардап шеккен азаматтарға, облыс тұрғындарына медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелерін қарастыруыңызды сұраймын», — деді ол.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ 2025 ЖЫЛҒЫ ЖОЛДАУЫ – ЭКОНОМИКАНЫ ЖАНДАНДЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ 2025 ЖЫЛҒЫ ЖОЛДАУЫ – ЭКОНОМИКАНЫ ЖАНДАНДЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

13.10.2025
ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН БІРГЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

АКИМ ШЫМКЕНТА ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ПОСАДКЕ ДЕРЕВЬЕВ ВМЕСТЕ С ЖИТЕЛЯМИ

11.10.2025
ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН БІРГЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН БІРГЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

11.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған