• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 8 сентября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮЛКІБАСТА «ШЕКАРАСЫЗ СПОРТ» МӘДЕНИ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС —ШАРАСЫ ӨТТІ

04.09.2023
in Басты ақпарат
ТҮЛКІБАСТА «ШЕКАРАСЫЗ СПОРТ» МӘДЕНИ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС —ШАРАСЫ ӨТТІ

Спорт саласы — белгілі ережелерге бағынғанымен, оның аясы кең. Әр адам таңдауына қарай арнайы залда, түрлі мекемелерде, табиғат аясында немесе үй жағдайында спортпен шұғылданады. Түркістан облысында өткен кезекті ауқымды шара табиғат аясында өтетін спорт түрлерін танытуға және белсенді экологиялық туризмді дамытуға бағытталды.
☑️ Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы, «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы Түлкібас ауданында «Шекарасыз спорт» тақырыбында мәдени және спорттық іс-шара ұйымдастырды. Мақсаты – туристік кластерді насихаттау, азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға баулу, қоршаған ортаны аялау.
🏕️ Жеке демалыс аймағында өткен жиынға облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев қатысты.
💬 — Біз бүгін еліміз бойынша ең көне қорықтардың бірі, құрылғанына 97 жыл толған — Ақсу—Жабағылы қорығында жүздесіп отырмыз. Экотуризмді дамыту үшін ең алдымен табиғат жанашырларын тәрбиелеуіміз керек. Бүгін жиналған азаматтардың біршамасы түрлі сенбіліктерге белсене қатысушылар. Қоршаған ортамызды қадірлеу, тазалықты ұстану — үлгі әрекет екенін ұғындырғымыз келеді. Сондай-ақ мәдени және спорттық сайыстарды өткізудің ерекшелігін көрсету маңызды. Экотуризм бағытында былтыр бір жылда 74 мың турист келген болса, биыл 7 айда 101 мың адам Түркістан өңірінің табиғи парктері мен қорықтарында болған. Ендігі кезекте тек облыстық емес, республикалық және халықаралық деңгейде өткізуді қолға алу көзделуде, — деді Әзімхан Серікұлы.
🖇️ Шараға облыстың белсенді жастары, қоғамның түрлі өкілдері, әлеуметтік желіде жарияланған хабарландыру арқылы тіркелген азаматтар, БАҚ өкілдері жалпы 150-ге жуық адам шақырылды.
🔖 Бағдарламаға сәйкес әуелі 30 адамнан топталып, Ақсу—Жабағылы қорығы музейінде табиғат әлемімен, қорықта өсетін өсімдіктер және тіршілік ететін жан-жануарлармен танысты. Мұнан соң, барлығы іс—шараның ашылуына қарай бет алды. Алдымен «Қызыл ай» қоғамдық ұйымы алғашқы медициналық көмек пен қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.
🚴🏼‍♂️ Кезекті шеберлік сағатында экстремалды спорт түрлері таныстырылып, тақырып тауда немесе жазық далада велоспорт (Mountain bike), жүгірумен айналысудың (Trail run) ерекшелігіне арналды. Одан кейін йога жаттықтырушысы байсалды спорттың әдіс—тәсілдердін көрсетті. Ал, Art терапия мастер—классында сезімдерді сурет арқылы ашуға және адамдарды өнер арқылы емдеуге көмектесетіні, эмоционалды даму құралы ретінде псхологияда қолданылатыны жайлы айтылды.
♻️ Әрі қарай қатысушылар бір уақытта өздері қалаған шеберлік сағатына қатысты. Имидж қалыптастыру айдарында Түркістан облысының табиғи қорықтары мен парктері, тарихи орындарының атаулары жазылған «Мен болмаған жерлер» жейделерінде ұяшықтарды белгіледі. Мастер-класстарды арнайы білікті, тәжірибелі мамандар жүргізді.
🎯 Бағдарлама тимбилдингпен қорытындыланды. Онда 10–ға жуық командалық ойын ұйымдастырылып, өте тартысты өтті. Қызықты сайыстың нәтижесінде жеңімпаз командалар анықталып, марапатталды. «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ЖШС-і бас директоры Серік Сандыбаев дипломдар мен кубоктарды табыстады.
🔗 «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы.

Оқи отырыңыз...

Шымкент цифрлық сауаттылықты оқытуда өңірлер арасында бірінші орынға ие болды

Шымкент цифрлық сауаттылықты оқытуда өңірлер арасында бірінші орынға ие болды

07.09.2026
Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде

Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде

04.09.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026
Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026
Шымкент цифрлық сауаттылықты оқытуда өңірлер арасында бірінші орынға ие болды

Шымкент цифрлық сауаттылықты оқытуда өңірлер арасында бірінші орынға ие болды

07.09.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған