• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 8 сентября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

АСТАНАДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТІП ЖАТЫР

02.09.2023
in Басты ақпарат
АСТАНАДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТІП ЖАТЫР

Астана қаласында Түркістан облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өтіп жатыр. Аталған шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы бастаған делегация қатысуда.

Оқи отырыңыз...

Шымкент цифрлық сауаттылықты оқытуда өңірлер арасында бірінші орынға ие болды

Шымкент цифрлық сауаттылықты оқытуда өңірлер арасында бірінші орынға ие болды

07.09.2026
Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде

Камбоджа Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тәжірибесін меңгеруде

04.09.2026

Жыл сайынғы дәстүрге айналған жәрмеңкеге биыл 550 тоннадан астам көкөніс, бақша, жеміс-жидек, ет, сүт, балық, құс өнімі және жергілікті қайта өңдеу өнімдері жеткізіліп, нарық бағасынан 15-20 пайызға төменгі бағада тұтынушыларға ұсынылып жатыр.

Жәрмеңке аясында Түркістан облысы өнерпаздарының қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтарына арналған концерттік іс-шаралар жоспарланған.

Республикадағы жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің 13% -ы облысқа тиесілі. Климаттық орналасуы, жұмыс күші тұрғысында Түркістан облысында ауыл шаруашылығын дамыту өте қолайлы. Облыста 80 мың агроқұрылым бар, ол республиканың 33 %-ын құрайды. 1 миллионнан астам халықтың әлеуетік-экономикалық жағдайы ауыл шаруашылығымен тікелей байланысты.

Биылғы қаңтар-шілде айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 359,7 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 102,1% құрады. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 47,7 млрд. теңге, тамақ өндірісінің негізгі капиталына 5,2 млрд. теңге инвестиция тартылып, тиісті кезеңмен салыстырғанда 1,4 есе артты.

2023 жылы АӨК саласына жалпы құны 52,8 млрд. теңгені құрайтын 60 жобаны іске асыру жоспарланып (жұмыс орны 1 318 адам), құны 10,6 млрд. теңге болатын 26 жоба іске қосылып, 297 жұмыс орны ашылды. Мемлекет тарапынан көктемгі дала күзгі жиын-терім жұмыстарына тиісті жанар-жағар май босату, кредиттік ресурстар, субсидиялау жұмыстары мерзімінде жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығы дақылдары 870 мың гектарға орналастырылып, өткен жылмен салыстырғанда 9 мың гектарға артты. Биыл 806,4 мың тонна дәнді дақыл, 3,1 млн. тонна көкөніс, бақша, 190,0 мың тонна жеміс-жидек жиналады деп күтілуде.

Салада еңбек өнімділігін арттыру үшін озық жаңа тәсілдерге басымдылық берілген. Қарқынды баулардың көлемі 5,0 мың гектарды құрайды. Бұрын баулардан гектарына 60-70 центнерден өнім алынатын болса, қарқынды баулардан өнімділік 5 есеге артып, 300-350 центнерге дейін өнім жиналуда. Су үнемдеу технологиялары пайдаланатын алқап 30,2 мың гектарды құрайды. Оның ішінде, 21 мың гектарға тамшылатып суғару технологиясы, 9,3 мың гектарға жаңбырлатып суғару машиналары орналастырылған.

Жылыжайлар көлемі 1 577,4 гектарға жетті. Елімізден экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 85 %, қой етінің 60% Түркістан облысының үлесінде. 7 айда 6,2 мың тонна ірі қара мал еті, 3,1 мың тонна қой еті экспортқа жөнелтілді. Мал және құс басы мен өнімділік орташа 3-4%-ға артты. ІҚМ басы 1 231,5 мың басты, ұсақ мал 5349,5 мың басты, жылқы 465,2 мың басты, түйе 41,7 мың басты, құс 2 253,1 мың басты құрады. 126,4 мың тонна ет, 494,4 мың тонна сүт, 145,0 млн. дана жұмыртқа өндірілді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026
Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026
Шымкент цифрлық сауаттылықты оқытуда өңірлер арасында бірінші орынға ие болды

Шымкент цифрлық сауаттылықты оқытуда өңірлер арасында бірінші орынға ие болды

07.09.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған