КЕЗЕКТІ СЕНБІЛІК ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК -ЖАНҒА САЯ
Сайрам ауданында кезекті сенбілік өтті, деп хабарлайды NEWQAZAQ.KZ ақпарат агенттігі.
Табиғатты аялау , қоршаған ортаға жанашырлық көзқарас таныту адамзаттың басты борыштарының бірі.Жасыл желектің көл-көсір пайдасын білген дана халқымыз «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деп ұрпағына ағаш отырғызудың маңыздылығын айтқан.
Жапырағы жайқала өсіп тұрған ағаш қалаға сән беретіні өз алдына, ол ауаны да тазартады. Жазда көлеңкесінен сая тауып, адамдар демала алады. Сондықтан, елордада ағашты қанша отырғызса да артықтық етпейді. Біз жоспарлы түрде шырша, тал, қарағай, самырсын, қайың, емен, тағы басқа ағаштарды отырғызамыз. Рас, шырша ұзақ өсетіндіктен, тұрғындар тарапынан кейбір реніштер де естіліп қалып жатады. Дегенмен, оның жасыл түсі қысы-жазы төңірегіне ерекше әсемдік ұялататынын да ұмытпау керек.
Алдағы көктемнен бастап жапырақты үлкен ағаштарды, қайың ағаштарын отырғызу жоспарлануда.
Гүлзарларға көбіне тал немесе әлсіз, аласа ағаштар егіліп, олар тамыр жая алмай, қурап қалған. Енді бұл қателіктен сабақ алып, алдағы көктемде ағаштар отырғызамыз. Әрине, барлық гүлзарларды бірден қамтуға мүмкіндігіміз жоқ. Бірақ, осы бағыттағы жұмыс жүйелі жүргізіледі.
Кейде маған «қаланы жасанды көгалдандыруға қалай қарайсыз?» деген сауал да қойылады. Жоғарыда айттым, ауа райына төзе алмаған ағаштар жаппай қурап қалғанда жасанды ағаштар қойылатын жағдайлар болады. Алайда, мен бұған қарсымын. Ағаш айырықша сән беретін сүзгі десем де болады. Ол айналасына оттегін бөледі. Сондықтан, тамырын топыраққа сіңіріп, отырғызатын ағашқа не жетсін?!
Ағаштарға зиян келтірушілерушілер ең біріншіден жаңа жыл мерекесі қарсаңында өсіп тұрған ағаштарға жасанды шамдар ілу өте зиянды. Өйткені, түнде шамның қызуы ағашты жылытып, таңертең сөндіріп тастаған кезде өсімдіктің тамыры суықтан бірден қатып қалады. Біз бұл жөнінде сан мәрте мәселе де көтердік. Алайда, аудандық әкімдіктер қала көшелерін безендіру деген желеумен ағаштарға шам ілуді тоқтатпай келеді.
Табиғатты аялап, қоршаған ортаға жанашырлық көзқарас таныту адамзаттың басты борыштарының бірі екендігін ұғындырған.Осы орайда бүгінгі сенбілік күннің ысуымен пайда болатын құрғақшылықпен күресу үшін ауылымыздағы жасыл желектерді суару жұмыстары ұйымдастырылды. Табиғатты аялауға, оған қамқор болуға ауыл тұрындарын көше бойындағы егілген жасыл желекті суаруға шақырамыз.