• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 15 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

Экологиялық мәдениетті қалай қалыптастыру туралы пікірлер

22.08.2023
in Қоғам, Мәдениет
Экологиялық мәдениетті қалай қалыптастыру туралы пікірлер

Қазақстан мен Ресейде әр жыл сайын 5 маусымда экологтар күні аталып өтіледі. Дәл осы күні дүниежүзінде қоршаған ортаны қорғау жайы да айтылады. Бірақ Қазақстанда экология мәселесі қанша айтылғанымен, түйткіл шешіле қойған жоқ. Біз көбіне тұрмыстық қал­дықтардың көлемін айтумен шектелеміз. Ал эколо­гия­лық мәдениетті қаншалықты қалыптастыра алдық? Осы күні Қазақстанда 47 млрд тонна қалдық бары анықталған. Оның 300 млн тоннасы радиак­тивті, яғни адам өміріне аса қауіп­ті. 9 млрд тонна улы қалдықты та­ғы қосыңыз. Қарапайым жа­нуар­лар қиының өзі 122 млн тон­надан асады. Жыл сайын ел аума­ғында қоқыс 1 млрд тоннаға кө­бейіп жатыр. Өзенді ластап жат­қан кәсіпорындар жетерлік. Одан бөлек далалық жерге төгілген 6,2 млн тонна мұнай қалдығы бар. Оған мұнай компаниялары жы­лына 400 мың тонна қалдықты үстемелеп жатыр. Қазақстанда сұ­рыпталмаған қоқыстың 90 па­йызы жерге көміле салады. Ал біз қызыға айтатын дамыған елдерде жалпы қоқыстың 98 пайызы өң­де­ліп, қалғаны өртеледі екен. Ай­налып келгенде, бұл мәселе адам­дардың экологиялық мәде­ниеті төмен бе деген ойға жете­лейді. Сол себепті біз экологиялық мәдениет турасында эколог ма­ман­­дардың пікірін білген едік. Қо­ғам арасында оны қалып­тас­тыру үшін қандай шаралар атқарған жөн?

Оқи отырыңыз...

Тымақ қазақтың басты ұлттық белгісі ма?

Тымақ қазақтың басты ұлттық белгісі ма?

05.02.2025
Шымкенттегі «Байтақ» жасылдар партиясының V конференциясының қосымша маңызы мен болашаққа көзқарасы

Шымкенттегі «Байтақ» жасылдар партиясының V конференциясының қосымша маңызы мен болашаққа көзқарасы

24.01.2025
МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ 2024: СЫЗДЫҚОВТАР ӘУЛЕТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ 2024: СЫЗДЫҚОВТАР ӘУЛЕТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

06.10.2024

Мұсағали ДУАМБЕКОВ, Халықаралық экология академия­сының президенті, профессор: – Қалдық­тар­дың жай-күйі бел­гілі. Ең қор­қы­ныштысы – ра­диактивті қо­қыстың көбей­гені. Өзендерді ойлайтын кәсіпорын жоқ. Кез келген кәсіпорын қалдығын өңдейтін зауыт салуы тиіс. Бірақ оған қыруар қаржы керек. Сон­дықтан оларға зауыт салғанша, өзендерді ластағаны үшін айып­пұл төлегені арзанға түседі. Бұл бірінші кезек басшының эколо­гиялық мәдениеті төмен деген сөз. 2007 жылы 11 қаңтарда қа­был­данған Экологиялық кодекс кәсіпорындарға жеңілдік болды. 2017 жылы осы кодекске 63 то­лықтыру енгіздік. Қазір заң жо­басы әзірленіп жатыр. Егер қа­былданса кәсіпорындарға айып­пұл 10 есе көбейеді. Басшысына бөлек айыппұл салынады. Осыдан кейін олар ойлануы тиіс. Экологиялық мәдениет бала кезден қалыптасқаны жөн. Әлем­дік тәжірибеге қарайтын болсақ, Оңтүстік Кореяда балаларға са­баққа барып-қайту үшін арқасына сыпырғы мен қалақ байлап қояды екен. Жол жөнекей қоқыс көрсе тазалауға міндетті. Германия ма­мандарымен кездескенде олар ересектерге қоқыс сұрыптауды үйрету қиын болғанын айтты. Ол үшін мынандай амал қолданған. Қоқыс жәшіктерінің жанына бей­некамера қойып, ереже бұзған­дарға айыппұл салыпты. Сұрып­тал­маған қоқысты көліктер алмай кеткен. Ақыры жағымсыз иістен кейін тұрғындар 2-3 есе көп қар­жыға көлік жалдап, өздері таза­лайтын болған екен. Сондықтан бұл әдістердің бәрін сүзгіден өт­кі­зіп, бізге де енгізге бастаған жөн.

Бағлан МАХАМЕДОВА, Қазақ Ұлттық аграрлық университеті, Экология кафедрасының профессоры: – Қазіргі эко­логиялық ахуал тағамға, таби­ғат­қа залалын тигі­зіп отыр. Қоқыс­ты өң­деу жайлы жиі айтылып жа­тыр, бірақ экологиялық мәдениет қа­лыптаспаған соң мәселе шешіле қоймады. Тіршілік бар жерде қоқыс болатыны сөзсіз. Бірақ сол қоқыс­ты сұрыптай алмаған қиын. Қоры­та айтқанда тәрбиенің негізі мен мектеп қабырғасында қор­ша­ған ортаны қорғау жайлы үй­рете баста­ғаны жөн. Бұл істі Білім жә­не ғы­лым министрлігі қолға алуы тиіс. Бірақ Тәуелсіздіктен кейін эко­логияның күрделі мәселеге ай­наларын білген жоқпыз. Мы­салы, пандемия кезінде Алматы­ның өз­гергенін көрдік. Эколог­тарды таң­ғалғаны жасырын емес. Эко­ло­гиялық мәдениетті айтар алдында, елдегі экологтардың бі­ліктілігі қай деңгейде деген сұрақ тағы туын­дайды. Әуелі осыны нақтылап ал­ғанымыз жөн. Бұл енді тағы бір бө­лек тақырыптың тиегін ағытады.

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

14.05.2025
Ауыл шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған жоба: Түркістанда “Республикалық топырақ орталығы” зертханасы жұмыс істеуде

Ауыл шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған жоба: Түркістанда “Республикалық топырақ орталығы” зертханасы жұмыс істеуде

14.05.2025
Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес  нәтижелі іске асырылуда

Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес  нәтижелі іске асырылуда

14.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған