Экологиялық мәдениет – бұл адамның табиғатқа әсерінің әлеуметтік реттеушілерінің жиынтығы, экологиялық білім мен тәрбие берудің жүйесі. Экологиялық мәдениет күрделі ұғым ретінде табиғатты танып білу, пайдалану және жаңарту іс – әрекет түрлерінің мәдениетімен байланысты. Ал мәдениет өзінің даму барысында белгілі бір мағынада өзі мәселелерді туғызды және сол мәселелерді шешу үшін біз қазір мәдениетке жүгінеміз.Жалпы мәдениеттің бұл маңызды құрамдас бөлімдері өзара тығыз байланысты, сондықтын адамның атмосфера ауасына, табиғи суларына, жердің топырақ жамылғысына, өсімдіктер мен жануарларға қатысты шаруашылық және тұрмыстық қаракеттің санитариялық-экологиялық тұрғыдан мақсатқа сай болуын талап етеді. Экологиялық білім берудің екі негізгі бағыты бар қоршаған ортаны қорғау дың жалпы ілімі негізінде тәрбиелеу және табиғатпен антропагенді экожүйелердің өзара қатынасының жалпы заңдылықтары тұралы арнайы білім беру. Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты- табиғаттқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету. Экологиялық мәдениет білім берудің барлық салаларына енуі қажет және тұрғындардың барлық топтарын қамтуы абзал. Ол қоғамның табиғатпен тепе – теңдік ұстай алу қабілеті ретінде дамуы керек. Экологиялық өркениет жағдайында сананың маңызы үлкен. Қазақстанның экологиялық дағдарыстан шығуының маңызды бағыттарының бірі, тұрақты даму жолымен жүре отырып, мәні, мақсаты азаматтардың экологиялық білімін, экологиялық мәдениетін, экологиялық тәрбиесін дамыту болып келетін экологиялық – ағартушылық табылады, ондағы басты мақсат қоғамның экологиялық санасын өзгерту, адамның табиғи ортаға деген қарым – қатынасын түбірімен өзгерту болу керек. Сол себепті экологиялық мәдениетті дамыту керекпіз. Экологиялық тәрбие мақсаты – оқушыларда табиғатқа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды, оны қорғауға даярлықтарын қалыптастыру. Экологиялық тербиенің міндеті-жас ұрпақ пен барлық тұрғындардың жоғарғы экологиялық мәдениетін бірізді дамыту, экологиялық тәрбие ол бала санасында табиғатты қорғау, аялау сезімін, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Менің ойымша халықтың жағдайын жақсарту үшін, елу елдің қатарына кіруіміз үшін осындай мәселелер өзінің шешімін табу керек деп ойлаймын. Табиғи ресурстарды үнемді пайдалану, соның ішінде суды үнемдеу экологиялық мәдениеттің бір белгісі болып табылады. Судың да сұрауы бар демекші, халық оны тіршіліктің бастауы, тазалықтың рәмізі ретінде санаған.
Соңғы жылдары көптеген елдерде моральдық сананың экологизациясы орын алды және құндылықтық бағыттыр өзгерді. Адам – қоғам – табиғат қарым – қатынасы саласындағы моральдық нормалар мен мінез – құлық өнегелілігі экологиялық этиканың негізі болады. Адамның қоршаған ортаға деген қарым – қатынасындағы өнегелілік позициясы гуманистік болу керек, оның негізінде адам игілігінің басым болуымен қатар табиғаттың игілігі де болу керекСонымен, экологиялық мәдениет – табиғи ортаға деген саналы қарым – қатынас, адамның қоршаған ортаны жақсартуға өзіндік үлесін қосуы, экологиялық білімділік. Экологиялық мәдениеттің негізін экологиялық қарым – қатынас құрайды. Экологияландыру қоғамды сақтаудың шешуші шарты болып табылады, тек сол арқылы ғана адам мен табиғаттың арасында үйлесімділік орнатуға болады. Мәдениет жекелендіруден гөрі, адам мен табиғатты біріктіру құралына айналады.Табиғатқа жанашыр болу адамзат қоғамына, оның келешегіне жанашырлық жасау болып табылады. Сол себепті туған жеріміздің тамылжыған, тамаша табиғатын сүю, оны қастерлеп, қадірлеу әрбір адамның азаматтық парызы.Экологиялық мәдениеттің мәнін анықтау жан –жақты талдау жасауды талап етеді. Осы тұрғыда синергетикалықбағытты қолдану кең етек алған.
Экологиялық мәдениеттілікті, сауаттылықты дамыту және адамдарға әсіресе, жастарға экологиялық мәдениеттілік қалай біздін өмірімізге маңызды екенін айту.
Алғаш рет «экологиялық мəдениет» ұғымын ұсынған Д.С. Лихачевтің пікірінше (1980), адамгершілік қырлардан құралатын адам тіршілігінің ақиқатты негізі — бұрынғыны қорғау, өткенді сақтау, сондықтан экологиялық мəдениетті адамгершілік мəдениеті ретінде қарастыру керек. Экологиялық мəдениеттің қарапайым ережелерін сақтамаған жағдайда ол қоғамды адамгершілік, рухани жағынан құлдырауға əкеліп соқтыратынын атап айтады. Осы еңбекте табиғат жəне адам арасындағы қарым-қатынас — бұл екі мəдениеттің қарым-қатынасы, олардың əрқайсысы жеке алғанда өздеріне тəн «мінез-құлық» жəне «əлеуметтік ережелері» бар деп тұжырымдалады. «Экологиялық мəдениет» ұғымына қатысты ғалымдардың зерттеулерінде оның мазмұны, ауқымы жағынан түрліше түсіндіріледі, бірақ түп негізі адамның өзін қоршаған, өзі тіршілік етіп жатқан табиғи ортаға деген қарым-қатынасы негізінде анықталатыны белгілі.Философ И.П. Сафронов: «Мұғалімнің экологиялық мəдениетін қалыптастыру» деген ғылыми зерттеуінде экологиялық мəдениет белгілі бір əлеуметтік бірліктің шеңберіндегі табиғатты танып- білумен бірге, оны меңгеру жəне жаңартумен тығыз байланысты адамның іс-əрекет нəтижелерін көрсететін, адам — қоғам — табиғат арасындағы қарым-қатынастың сипаты мен сапалық деңгейін байқататын жалпы мəдениеттің бір бөлшегі деген тұрғыда пікір білдіреді.
«Мəдениет дегеніміз — адам жасаған заттың жəне рухани құндылықтардың, əлеуметтік-мəдени қалыптың, қарым-қатынас пен мінез-құлықты қалыптастыру əдістерінің тарихи даму жүйесі, сондай- ақ адам табиғатындағы күштердің заттық өндіріс əдістерін ескере отырып даму əрекеті, өз мүмкіндігін жүзеге асыруды, оның шығармашылық еңбегінің адамзат əлемін өзгертуге жəне игеруге бағытталған əлеуметтік маңызды шаралары», — деп анықтама берген.
В.И.Вернадский өзінің еңбектерінде: «Экологиялық сана — адамның дүниеге, өзіне шығармашылық қарым-қатынасы», — деген пікір айтады .Қазақстан ғалым-философтарының Ə. Нысанбаев, Т. Əбжанов, Ғ. Ақпанбек пікірлерінде «табиғатқа саналы көзқарас, қарым-қатынас адам дүниетанымының құрам бөлігі» деп қаралып, адамның табиғатты қорғау үшін алдымен оны танып білуі, ол үшін өзінің жан дүниесін жан-жақты зерттеуі, түйсінуі керек дейді .Экологиялық мəдениеттің қайнар көзі халықтың ғасырлар бойы жинақталған өмір тəжірибесі — табиғатты аялау, оған ұқыпты қарау, қорғау мен үндестікте өмір сүру жəне оның байлығына деген есепті қарым-қатынас.
Табиғи және әлеуметтік өзгерістердің көп болуы және олардың жаһандануы адамзатты оның ары қарай тіршілік ету мүмкіндігі туралы ойландырмай қоймайды. Қазіргі кезде адамзат алдында тұрған міндет экологиялық мәселелерді шешудің оңтайлы жолдарын табу.Қазіргі кездегі экологиялық жағдай қоғамның, адамның өмір сүру ортасына деген қарым – қатынасына басқаша қарауға мәжбүр етті. Экологиялық мәселелер адамдардың табиғи ортаға деген рационалды емес қарым – қатынасының салдары ретінде пайда болды. Ендігі кезде экологиялық апаттан қалай құтылу немесе оны бастан өткізу туралы емес, оның техногендік және экологиялық – мәдени салдарын қалай жеңілдетуге болады деген сұрақ туындайды. «Экологиялық мәдениет» түсінігінің генезисін қарастырсақ. Бастапқыда термин әлеуметтік қарым – қатынастардың белгілі бір түрін бейнелейтін, нақтырақ айтсақ қоғам мен табиғат арасындағы қатынасты бейнелейтін табиғаттың бірыңғай сегментін, бөлігін білдірді. Жалпы экологиялық мәдениет түсінігі қазіргі кезде табиғатқа деген жауапкершілікті қарым – қатынасты, табиғатты бағалауды білдіретін бастапқы мағынасына қайта оралады. Табиғат өзара әрекеттің тең құқылы серіктесі ретінде қарастырылады, ал «экологиялық мәдениет» болса адамзат мәдениетін құрайтынды әлеуметтік топтық және тұлғалық деңгейде белгілейді. Экологиялық мәдениет әлеуметтік деңгейде ноосфера жасау үдерісін басқаруды жүзеге асыратын, қоршаған ортаға қатысты тағылықтан арылуды іске асыратын адамзаттың іс – әрекеті арқылы көрініс табады. Экологиялық мәдениет – бұл адамның табиғатқа әсерінің әлеуметтік реттеушілерінің жиынтығы, экологиялық білім мен тәрбие берудің жүйесі. Қалыптасқан жағдайда сол арқылы ғана қоғам мен табиғи ортаның тепе – теңдігін ұстау мүмкін болады.
Қоғам дамуының бұл кезеңінде табиғатқа қарым – қатынас магиялық дәстүрлердің толық жүйесі ретіндегі адам санасында көрініс табады. Ендігі кезекте табиғатпен өзара қарым – қатынас қана емес, арнайы ритуалдар арқылы адамға көмектесетін, сонымен қоса зиян келтіретін рухтар әлемімен қарым – қатынас орнату басты бола бастады. Бүгінгі күні адам мен табиғат арасындағы қарым – қатынас және экологиялық дағдарыстың болуын еуропалық өркениеттің даму ерекшеліктерінен іздеу керек деген пікірмен келісуге болады. Ол ерекшеліктер мына пайымдауларда көрініс табады:
• Табиғат адам үшін жаратылған, адам оның иесі болып табылады.
• Табиғат ішкі моральдық құндылықтардан жұрдай, тек адам ғана оған мән, маңыз бере алады.
• Табиғат адаммен жетілдірілу керек және жаңартылған күйінде адамның жердегі табысының, жеңісінің куәсі болу керек. Ұзақ уақыт бойы адамзат табиғатты шексіз пайдалана беруге болады деп ойлады және ол адамға пайдалану үшін берілген деген көзқарас болды. Табиғат ресурстарын жөнсіз, олар таусылмайтындай пайдаланды. Экологиялық сана деп, күрделі жүйе мәнінің көрінісін, табиғи ресурстарды пайдалану, қайта құруға байланысты адамдардың бір – біріне және қоршаған ортаға қарым – қатынасы түсініледі. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап рухани мәдениеттің жағдайы қауіп туғыза бастады. А. Печчейдің пайымдауынша «адамзаттың алдында оның эволюциясының өткен сатысындағы мәселенің мәні адамдар осы әлемге өздері әкелген өзгерістерге сай өздерінің мәдениетін бейімдей алмауында. Экологиялық мәселелерді шешу ең алдымен адамның ішкі болмысының, адамның өзінің өзгеруінен басталу керек».
Экологиялық гуманизм өзінің дамуында өзінің әсер ету кеңістігін күшейте отырып, экологиялық идеологияға айналады, оның негізінде экологиялық мәдениет жасалады. Экологиялық идеология — бұл өмір идеологиясы, адам мен табиғат арасындағы ынтымақтастық идеологиясы. Бәрінен бұрын бұл адамзат қызметінің барлық саласында табиғи ортаның оған енгізілген өзгерістерге деген реакциясын есепке алу.
Қоғамдық сананы экологияландыру үрдісін бірнеше сатыға бөліп қарастыруға болады: біріншіден, адамның табиғатқа қарым – қатынасын әр түрлі сезім формасында көрсетуі(немқұрайлылық, үрей, байбалам т.б); екіншіден, экологиялық мәселеге аса қызығушылық таныту( биосферадағы эволюциялық өзгерістердің мәнін көрсету, оның тұтастығының детерминациясын көрсету); үшіншіден, табиғи құбылыстарды түсінуден әлеуметтік іс — әрекетке көшу, жағымды іс — әркетке көшу; төртіншіден, адамның табиғатқа қатысты жауапкершілік деңгейінің жоғарылауы, күнделікті өмір барысында көрініс табатын экологиялық сананың тұлғаның ішкі мәдениетінің элементі ретінде болуы. 1997 жылғы 23 маусымдағы БҰҰның арнайы сессиясында ел басым ыз Н.Ә.Назарбаев әлемдік қоғамдастықты экологиялық мәселелерді күш біріктіре отырып, соның ішінде оның ойынша әлемдік маңызы бар Семей полигоны және Арал теңізі мәселелерін шешуге шақырды. Халықтың табиғи ортаны қорғауға белсенді қатысу қажет екендігін түсінбейінше салынған күш күтілетін нәтиже әкелмейді. Әрине экологиялық мәдениеттің қалыптасу процесінде мемлекет, мемлекеттік саясат қоршаған ортаны қорғау саласында үлкен рөл ойнайды. Мемлекет экологиялық саясаттың субъекті ретінде қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету керек.
Әсіресе, бүгінгі экологиялық апат біздің елімізге қауіп төндіріп тұрғаны барлығымызға да белгілі. Ғасырлар бойы адам баласы өзін табиғаттың қожасы, билеушісі ретінде сезініп, одан өзіне керектің барлығын алды. Бірақ оған келтірілген зиянның орнын толтыруға, дер кезінде қамқорлық жасауға әдеттенбеді. Экологиялық тәрбие беру – адамзат баласының әр бір іс – әрекетіне шек қоя отырып, экологиялық жағдайды жақсартудың бірден – бір жолы. Экологиялық мәдениетте адамгершіліктің «алтын ережесі» (өзіңе не тілесең, басқаға да соны тіле) экологияның «алтын ережесіне» (өзіңе не тілесең, табиғатқа да соны тіле) айналды. Экологиялық өркениетті қалыптастыру үшін табиғи ортамен қоса мәдени ортаны да орнықты және адамдық талаптарға сай құру керек.
Табиғатты қорғау мәдениетінің қарапайым, әрі маңызды шарты – осы істегі төмендегідей қиындықтарды шеше білу:
1. табиғатты қорғауды тек мамандандырылған арнаулы ұжымдардың міндеті деп есептеу; шын мәнінде экологиялық мәселелер жалпы, қоғамдық, әмбебапты сипатта болады.
2. Экономикалық даму мақсаттарын экологиялық мәселелерден бөлек қарастыру.
3. Табиғатты қорғау заңдарының төмен деңгейі, арнаулы мамандардың жетіспеушілігі.
Қазіргі ғылыми әдебиеттерде экологиялық тәрбиенің мынадай міндеттер мен мақсаттарды қамтуына көңіл бөлінеді:
1. Адамның қоршаған ортаға әсері және оның заңдылықтарының орындалуын анықтайтындай алдыңғы қатарлы ой, пікірлер мен ғылыми деректерді қамтуы;
2. Қоғамның материалдық және күштерінің қайнар көзі – табиғи және әлеуметтік ортаның жан – жақты бай құндылықтарын түсіну;
3. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану дағдыларын білім, таным мәселелерін меңгеру, өзін қоршаған ортаның жағдайын бағалай білу қабілетін дамыту, жақсартудың шараларын қабылдау, адам қызметінің табиғатқа тигізер зиянын алдын – ала болжай білу.
4. Табиғатқа зиян келтірмеу бағытындағы тиісті ережелерді саналы түрде орындап отыру;
5. Табиғи және әлеуметтік ортаны жақсарту қызметін, табиғатты қорғау идеяларын жетілдіру;
6. Табиғи және әлуметтік ортаға деген жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру – тәрбинің құрамдас бөлігі
Табиғат – сұлулықтың қайнар көзі. Сондықтан ол тәрбие берудің ең маңызды құралдарының бірі болып саналады. Экологиялық мәселелерді шешу экологиялық таза технологияларды енгізумен, адамда экологиялық мәдениеттің қалыптасуымен байланысты. Қалыптасқан экологиялық мәселелер – қоғамдағы келеңсіз жағдайлардың, адамның ішкі дағдарысының салдары деп түсіну керек.
Адам — табиғатпен егіз. Адам ауырса, одан табиғатқа келіп-кетер ештеңе жоқ шығар, ал табиғат ауырса, адам онымен қоса ауырары хақ. Сондықтан да, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты сақтау, оған қамқор болу адамзат баласы үшін маңыздылығын жойған емес. Егер сіз табиғатқа қамқорлық жасасаңыз, оны табиғат үшін емес өзіңіз үшін, келешек ұрпақ үшін жасалған сауапты іс деп түсінгеніңіз жөн шығар. Біз -тумасынан табиғатты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен қараған халықпыз. Бұған күні кешеге дейін туған өңіріміздің табиғатының таза болғандығын айтсақ та жеткілікті сияқты. Қаһарман халқымыз тауды бұзып, тасты жарып, жерді терең қазып, өзен-көлді бұғалықтап, ел үшін біраз игі істерді жүзеге асырды…
Көптеген көп тонналық өнеркәсіптер іске қосылды. Сол кездерде мұның қызығын да көрді. Өкінішке орай, ғылым мен техниканың ғаламат жетістіктері және шапшаң дамуы, адамзаттың барған сайын аш көздікпен табиғатты тонауы, биосферадағы жаратылыстың тепе-тендік заңдарын бұзды. Осылардың нәтижесінде жеріміздің ауасы тарылып, өзен-көлі бүлініп, жайылымдардың топырағы тілініп, қоршаған ортамыз көз алдымызда азып-тоза бастады. Мұның соңы азынаған желге, ащы және улы жаңбырға, ормандардың мезгілсіз қурауына, ауа райының бұзылуына, қоршаған ортаның әр түрлі улы қосылыстармен ластануына әкеліп соқтырды.
Міне енді осы экологиялық апаттан қалай құтылуға болады? Табиғатты қалай сауықтыруға болады? Бұл өте күрделі мәселе. Бұл үшін ең алдымен адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, дұрыстау керек, тәрбиелеу керек. Ол үшін балалар бақшасынан бастап, мектептерде, жоғары оқу орындарында, адамдардың табиғатқа, қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертіп, қалыптастыру керек. Қазіргі заманға сай экологиялық идеология қажет. Егер біз жас ұрпақты кішкентай кезінен бастап табиғатты сүюге тәрбиелемесек көп нәрседен ұтылатынымыз айдан анық. Әрбір тәрбиеші, мүғалім, маман, басшы, экология негіздерін жақсы білуі қажет. Сонда ғана, әрбір адамның миында, қанында, көзқарасында қоршаған ортаны бүлдірмеу керектігі туралы негіз қалыптасады. Адамдар сонда ғана туған өңір табиғатын қорғауда белсенділік көрсете алады. Газет-журналдарға мақала жазу, баяндама жасау,теледидардан мәліметтер беру, жазушылармен, ғалымдармен кездесулер өткізудің нәтижелері мол болады. Адамдардың көздерін адамды табиғаттың бір бөлшегі екендігіне жеткізу өте маңызды. Экология — жаңа, жас ғылым саласы. Бұған соңғы он-жиырма жылға дейін тіптен көңіл бөлінбей келген. Әбден табиғатымыз азып-тозғанда ғана, бұл ғылым саласына бет бұрдық. Енді болашақта экология саласында білім берудің аясын кеңейте түсу қажет. Ең негізгісі, «экология» пәнін балабақшаларынан бастап барлық мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында ашылуын қамтамасыз ету қажет. Сонда ғана ертеңгі күннің белсенді табиғат корғаушыларын дайындауға мүмкіндік аламыз.