Экология дегеніміз — табиғатты пайдаланудық ғылыми-теориялық негізі. Экологиялық тәрбие — табиғат туралы білімнен және табиғатты ең жоғары ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық деп бағалай отырып, оған ізгі, жауапкершілікті көзқараспен қараудан тұратын жоғары экологиялық мәдениетті — жасөспірім ұрпақта мақсатты дамыту. Экологиялық білім беру дегеніміз — әр түрлі деңгейдегі экологиялық білімдерді меңгеру. Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты- табиғатқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету. Экологиялық білім беру дегенде әрбір адамның жалпы экологиялық мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған үздіксіз білім, тәрбие беру даму процестерін түсінеміз.
Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты:
— қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу;
— жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру;
— қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту;
— экологиялық білімді насихаттау.
Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты — жастардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым-қатынасын қалыптастыру. Осы тәрбие арқылы адамның мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы қалыптасады.
Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері:
— өмірде және нақты іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу;
— табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу;
— колледжде экологиялық білім және тәрбие құрамын ұйымдастыру;
Студенттердің экологиялық білімнің белгілі жүйесін игеруі, табиғатты қорғауы, жер байлығын тиімді пайдалануы экологиялық мәдениетті жетілдіріп, дүние тану көзқарасын қалыптастырады.
Экологиялық тәрбие студенттердің — табиғатқа жаңаша көзқарасын қалыптастырып, әр түрлі нысандарда жүргізіліп, жеке тұлғаның эмоциялық сезімдік әлемін қалыптастыруға бағытталып, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін жетілдіреді.
«Қоғамымызды құруымызға қарай азаматтарымыз өз өмірінің аяғына дейін сау болуы жəне оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш салуы керек», — деп көрсетілген Елбасының халыққа Жолдауында . Себебі экологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты қоршаған ортада болып жатқан өзгерістерге адамның биологиялық-генетикалық құрылымы бейімделіп үлгере алмағандықтан, адам денсаулығына орасан зор нұқсан келуде. Табиғат тепе-теңдігін қалпына келтіріп, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, табиғат қазынасының, оның ішінде адамның өзін сақтап қалу проблемасы əрбір адамнан экологиялық сауаттылықты талап етеді. Сондықтан жас ұрпаққа экологиялық білім беру — білім мекемелерінің басты міндеті.
Қазіргі кезде экологиялық білім беру мәселесі білім жүйелері дамуының өзекті бағыттарының бірі. Экологиялық білімсіз қоғамдық экологиялық сана құру мүмкін емес.
Қоғамдық экологиялық сана қоғамның экологиялық проблемаларымен күресуде мықты фактор болып табылады.
Экологиялық білім беру — ол табиғатты қорғаудың теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі.
Ол кәсіби мамандарды дайындауға ықпал етіп, кадрларға білім беру, оларды дайындау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Қазіргі заманғы экологиялық білім берудің негізгі мақсаты — қоғамдық сананы экологизациялау болып табылады. Міндеті — адамның тіршілік барысында қалыптасатын рухани ортасын сақтау. Ол өз кезегінде өмірдегі қоғамдық мәселелермен қатар, өзі тіршілік ететін ортаны басқаруды да белсенді, көрегендікпен шеше алатын жеке тұлғаның дамуына ықпал ету.
Жас ұрпаққа экологиялық білім беру мәселесі қазір дүниежүзі халықтарының, ғалымдарының, педагогтардың, саясат қайраткерлерінің назарын аударып отыр. Қазіргі кезде жер шарында жаппай экологиялық апаттың таралуы және оның алдын алу мақсатында табиғат қорғау жүмыстарын түбірімен жаңа негізде жетілдірудің қажеттігі экологиялық мәселенің өзектілігін көрсетеді.
Экологиялық білім беру төмендегі іс — әрекеттердің дамуына бағытталған:
— табиғи ресурстарды үнемдеу;
— қоршаған ортаның ластауын тоқтату;
— табиғи экожүйені сақтау;
Менің міндетім – экология сабағында колледж студентерінде қоғам мен табиғат арасындағы өзара қарым-қатынастың тепе-теңдігі көзқарасын қалыптастыру. Неліктен? Себебі, «Бір тал кессең он тал ек» дегендей, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалана отырып олардың орнын толықтыруға, қоршаған ортаны ластамауға үйрету.
«Табиғаттың — әр беті терең мазмұнға толы бірегей кітап» — деген И. Гёте. Олай болса, мазмұнға толы табиғатымызды сақтап қалу экологиялық білімді талап етеді.