• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 19 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Аймақ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

07.08.2023
in Аймақ, Мәдениет, Руханият
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫН САҚТАУ БАСТЫ МІНДЕТІМІЗ

Әр ұлт пен ұлыстың табиғатты пайдалануда, қорғауда ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік дәстүрлері, нанымдары, құндылықтары болатыны белгілі. Бұл әкенің қанымен, ананың сүтімен ұрпақтан-ұрпаққа үздіксіз дарып отыратын асыл қасиет.
«Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі» демекші, қазақ халқының дәстүрінде «Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптаскан. Жерді өз анасындай көру, ал анасын күндей қастерлеу – ұлтымыздың нанымына тереңінен енген салт. Олай деуге себеп, «Жер шоқтығы – Көкшетау», «Жер жаннаты – Жетісу» сынды бір ауыз сөздер арқылы бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын, құрметін білдірген.
Алайда әлемдегі шиеленіскен экологиялық мәселелер адамдардың өмір сүру ортасына деген көзқарасын біршама өзгертті. Көз ілестірмес жылдамдықпен дамып жатқан заманда – жаңа инновациялық технологиялар, жаңа әлеуметтік институттар, өндіріс орындары пайда бола бастады. Бұл факторды адамдардың өмір сүру салтының трансформацияға ұшырауымен, сәйкесінше сұраныс деңгейінің арта түскендігімен байланыстыруға болады. Ендігіде адамдар экологиялық апаттан қалай құтылуды емес, керісінше оның экологиялық-мәдени салдарын қалай жеңілдетуге болады деген сұрақтардың жауабын іздей бастады.
«Жергілікті экологиялық мәселелер – тұрғындардың тіршілік ету салтының ерекшеліктеріне байланысты туындайды. Демек жергілікті қоршаған ортаның жағдайы, ерекшелігі, табиғат заңдылықтары мен құбылыстары – ғасырлар бойы сол аумақта мекендеген тұрғындарға ғана жете түсінікті. Олардың тіршілік ету салты, дәстүрі, наным сенімдері сол аумақтың табиғи, географиялық ерекшелігі негізінде қалыптасады. Сондықтан экологиялық білім мен мәдениет қалыптастыруда әр ұлттың этноэкологиялық ерекшеліктері ескеріледі
Ұлтымыздағы экологиялық мәдениеттің қалыптасуы – табиғат заңдылықтарына тікелей қатысты. Шындығында, мәдениет түсінігінің шығу тегіне сүйенер болсақ, адамның табиғатқа қатынасы үнемі мәдениетпен «өңделіп» отырды. Себебі адам табиғатты өзінің қажеттіліктерін қанағаттандырудың негізгі тəсілі ретінде қабылдады, арадағы байланыс ешқашан үзілмейтінін жақсы түсінді, сондықтан табиғатпен байланысын күшейтті. Осыдан қоғамда «экологиялық мәдениет» деген ұғым қалыптасты. Ерте заманда адамдар табиғатпен тікелей байланысқа түсіп, бар қажетін сол арқылы қанағаттандырып отырса, ал қазіргі индустриалды қоғамда бұл байланыс түрі жаңа деңгейге шықты, трансформациялық өзгерістер орын алды. Алғашында пайда болған экологиялық мәдениет көрінісін қазіргі заманның экологиялық мәдениетімен салыстыруға келмейді. Мұны экологиялық мәдениеттегі «дағдарыс» деп түсіндіруге болады. Дағдарыстың басты себебі – адамдардың қаншалықты озық технология, заманауи инновациялық құрал ойлап тапқанымен, еш уақытта табиғаттан алшақ кете алмайтынын жете түсіне бермейтіндігінде.
«Экологиялық мәдениет – қоршаған ортаны қорғау мен қалпына келтірудегі ең басты құрал. Жеке тұлғаның экологиялық мәдениеті, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігі санасында болмаса, қатал заңмен, мол қаражатпен, қара күшпен, озық технологиямен табиғатты қорғау немесе қалпына келтірем деген бос әурешілік»
Тірі табиғатқа, тіпті тірі атаулының барлығына жан ашу, аяу жəне махаббат идеясы өте ежелгі идея. Гуманизмнің қайнар көзі де осында, кез-келген тіршілік иесінің өмірдің əрбір көрінісіне деген сүйіспеншілік, əрбір тіршілік иесінің азабын түсіне білу, оған жанашырлықпен қарау – адам мəнінің, адам жанының негізгі қыры.
«Тәрбие тал бесіктен», демекші, егер әр отбасы тұрмыс салтында, бала тәрбиесінде жоғарыда аталып өткен факторларды ескеретін болса, демек, қоғамда экологиялық мәдениет жаңғыра түсер еді.

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТ СТАНОВИТСЯ ЯРКИМ ЦЕНТРОМ КУЛЬТУРЫ И ИСКУССТВА

ШЫМКЕНТ СТАНОВИТСЯ ЯРКИМ ЦЕНТРОМ КУЛЬТУРЫ И ИСКУССТВА

18.05.2025
ШЫМКЕНТ – МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕРДІҢ ЖАРҚЫН ОРДАСЫНА АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ

ШЫМКЕНТ – МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕРДІҢ ЖАРҚЫН ОРДАСЫНА АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ

18.05.2025
В ШЫМКЕНТЕ ОТМЕТИЛИ 80-ЛЕТИЕ МАРХАБАТ БАЙҒҰТ

В ШЫМКЕНТЕ ОТМЕТИЛИ 80-ЛЕТИЕ МАРХАБАТ БАЙҒҰТ

16.05.2025

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

19.05.2025
ШЫМКЕНТ СТАНОВИТСЯ ЯРКИМ ЦЕНТРОМ КУЛЬТУРЫ И ИСКУССТВА

ШЫМКЕНТ СТАНОВИТСЯ ЯРКИМ ЦЕНТРОМ КУЛЬТУРЫ И ИСКУССТВА

18.05.2025
ШЫМКЕНТ – МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕРДІҢ ЖАРҚЫН ОРДАСЫНА АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ

ШЫМКЕНТ – МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕРДІҢ ЖАРҚЫН ОРДАСЫНА АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ

18.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған