• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 11 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Аймақ

ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

02.08.2023
in Аймақ, Мәдениет, Руханият
ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

«Қазгидромет» мекемесінің мәліметіне сәйкес Түркістан облысы мен облыс орталығы – Түркістан қаласында атмосфералық ауаның ластануы 65%-ға төмендеген. Бұл – 5 жылда жасалған ауқымды жұмыстың нәтижесі. Көгалдандыру, газдандыру, күннен қуат алатын электр станцияларының көбеюі мен өңірдегі орман алқабының артуы нәтижесінде Түркістан облысында жалпы экологиялық ахуалдың жақсарғаны ғылыми түрде дәлелденді. Өңірде «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында «Таза Қазақстан», «Үнемді Қазақстан», «Табиғат» және «Экология болашағы» секілді 4 бағытта жұмыстар атқарылуда. Ауқымды жұмыс нәтижесі Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында баяндалды.
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы Қайрат Әбдуәлиевтің баяндауынша, атмосфералық ауа сапасын жақсарту мақсатында жоспарға сәйкес, 5 жыл көлемінде 1000 гектар жерге 1,1 млн. ағаш көшеттері отырғызылады. Облыста 831 елді мекеннің 55%-ға жуығы табиғи газбен қамтамасыз етілсе, жыл соңымен 9 нысанның құрылысы аяқталып, 467 елді мекенге табиғи газ қосу жоспарлануда.
Қатты тұрмыстық қалдықтарын жинап, қайта өңдеуге күш салынған. Облыс аумағында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілуде.
Республикадағы суармалы жерлердің 3/1 бөлігі облысқа тиеселі немесе 548,2 мың гектарды құрайды. Өткен жылы 100 шақырымға жуық канал күрделі және ағымдағы жөндеуден өткен. Жетісай, Мақтаарал аудандарында 175 қашыртқы, 9 су нысаны жөнделіп, механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп, 45,1 мың гектар жердің мелиоративтік жағдайы жақсарды.
Түркістан қаласында ағын су тапшылығын шешу үшін ірі су нысандарының құрылыстары жүргізіліп, қосымша 248,8 млн. м3 ағын су жеткізіледі. «Түркістан магистралды каналында күрделі жөндеу» жобасы бойынша 58 шақырым канал бетондалып, 60 млн. м3 су үнемделетін болады.
«Кеңсай – Қосқорған – 2» су қоймасы, «Шаға» жағажайы, Ескек есу каналы пайдалануға беріліп, 31млн. м3 ағын су жеткізіледі. «Сырдария өзенінен машиналық арна салу», «Сарқырама» су қоймасы салу жобалары әзірленуде. Бұл жобалар арқылы Түркістан қаласы кепілді ағын сумен толық қамтамасыз етіледі.

Оқи отырыңыз...

«АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» – ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ  ДӘРІПТЕУДЕ АЛДЫҢҒЫ САПТА БОЛУЫ ТИІС

«АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» – ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ ДӘРІПТЕУДЕ АЛДЫҢҒЫ САПТА БОЛУЫ ТИІС

10.10.2025
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ҚАЗАҚСТАН «ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫ+» ФОРМАТЫН ҚҰРУ ИДЕЯСЫН ҚОЛДАЙДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ҚАЗАҚСТАН «ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫ+» ФОРМАТЫН ҚҰРУ ИДЕЯСЫН ҚОЛДАЙДЫ

07.10.2025
«ЕСКІ ПЛАСТИНКА» АҒА БУЫННЫҢ ЖАНЫН ЖАДЫРАТТЫ

«ЕСКІ ПЛАСТИНКА» АҒА БУЫННЫҢ ЖАНЫН ЖАДЫРАТТЫ

06.10.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» – ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ  ДӘРІПТЕУДЕ АЛДЫҢҒЫ САПТА БОЛУЫ ТИІС

«АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» – ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ ДӘРІПТЕУДЕ АЛДЫҢҒЫ САПТА БОЛУЫ ТИІС

10.10.2025
В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек

В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек

10.10.2025
Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасына 67 мыңға жуық адам қатысуға тіркелді

Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасына 67 мыңға жуық адам қатысуға тіркелді

10.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған