Түркістан облысы, Шардара ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен «Жастар Елге» атты эко-плоггинг облыстық жастар слеті өтті, деп хабарлайды NEWQAZAQ.KZ ақпарат агенттігі.
Шараның мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, қоршаған ортаны қорғауға азаматтық белсенділік қалыптастыру және жұртшылық назарын экологиялық проблемаларға аударту.
Екі күнге созылған «Жастар Елге» атты эко-плоггинг облыстық слеты барысында жастар жүгіріп жүріп арнайы қапшықтарға қағаз, пластик заттар, целлофан сияқты заттарды жинап, жағалауды қоқыстан тазартты.
«Жастар Елге!» атты эко-плоггинг қорытындысына сәйкес, 9 команда, 100-ге жуық жастар қатысты. Эко-полггинг барысында көп қоқыс жинаған “Жаушықұм”, “Жасыл ел” командаларына арнайы диплом, ынталандыру сыйлықтары мен Ақсу-Жабағылы қорығына 2 күнге тегін жолдама берілді.
«Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» деп халық даналығында айтылғандай, табиғатты қорғау біздің міндетіміз, болашақ ұрпаққа қалдырар байлығымыз. Сондықтан да қатысушы табиғаттың жанашырлары табиғатты таза ұстау әр адамның міндетті борышы екенін жеткізгісі келеді.