• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 27 июня, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ «3-ЭНЕРГООРТАЛЫҚ» АҚ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

05.07.2023
in Басты ақпарат
ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ «3-ЭНЕРГООРТАЛЫҚ» АҚ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Мәжіліс депутаттары апта басынан бері өңірлерге сапарлатып, елдімекендерді аралап, еңбек ұжымдарымен, тұрғындармен кездесулер өткізуде.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ АТЫНАН БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ АТЫНАН БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

27.06.2026
ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ

ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ

25.06.2026
Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясында маңызды мәселелер қаралды   

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясында маңызды мәселелер қаралды  

25.06.2026

ҚР Парламент мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Данабек Исабековтің халықпен бүгінгі кездесулері Еңбекші ауданына қарасты мекемелерде өтті. Халық қалаулысы алдымен «3- Энергоорталық» АҚ ұжымымен кездесіп, жұмыс барысымен танысты.

Аталған кездесуге қалалық мәслихат төрағасы, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, атқарушы хатшы орынбасарлары Бекайдар Төлегенов, Ерлан Айтпаев, қалалық мәслихат депутаты Қайрат Имашев, «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова және еңбеккерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Мәжілісмен бастаған «AMANAT» партиясының өкілдері орталықты аралап, жұмысына қанығып, мегаполистің алдағы жылу маусымына дайындық барысын қарады.

«3-Энергоорталық» акционерлік қоғамы шаһардағы басты жылу шығаратын мекеме. Негізгі қызметі жылу мен электр қуатын өндіру. Қазіргі таңда ЖЭО электр қуатын ҚР бірегей энергосистемасына береді. Жылу энергиясын ГКП «ҚуатЖылуОрталығына» береді. Қаланың 70-75% жылумен қамтамасыз етеді. Кәсіпорын жылына орта есеппен 700 млн кВТ*сағ. электр қуатын өндіреді.

Орталық өткен жылыту маусымын технологиялық бұзушылықтарсыз өткізген. Қазіргі таңда мұнда күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Турбогенератордың бірі жаңғыртылып, үш бірдей жылу қазандығы кезеңімен жөнделуде. ЖЭО жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті материалдармен қамтамасыз етілген.

Бас инженер Жансерік Ерботаев атқарылып жатқан жөндеу жұмыстарындағы негізгі мәселелерді айтып, оның себеп-салдарына тоқталды. Ол станциядағы қондырғылар кезең-кезеңімен жаңартылып, электр қуатын өндіру мен қаланы жылумен қамтамасыз ету жұмыстары кедергісіз жүргізілуде екенін хабардар етті. Мамандардың айтуынша, Шымкент қаласында алдағы күзгі-қысқы кезеңнің уақтылы дайындығын және тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін негізгі жабдықты жөндеудің бекітілген кестесіне сәйкес барлық жоспарланған жөндеу жұмыстары орындалуда. Еңбек ұжымы халық қалаулысымен кездесуде сондай ақ, жалақы мәселесін де көтерді.

Мәжіліс депутаты кәсіпорын жұмысына қанығып, кездесуде жұмысшылар көтерген мәселелердің аяқсыз қалмайтынын, талданып, нәтиже шығатынын жеткізді.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫМЕН САЛЫНҒАН ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК АШЫЛЫП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН АКЦИЯ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫМЕН САЛЫНҒАН ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК АШЫЛЫП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН АКЦИЯ ӨТТІ

27.06.2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ АТЫНАН БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ АТЫНАН БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

27.06.2026
ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ

ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ

25.06.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған