• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 17 февраля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚЫТАЙДЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ

06.06.2023
in Басты ақпарат
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚЫТАЙДЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қытай Халық республикасының Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй бастаған көрші ел өкілдерімен кездесті. Кездесуде екіжақты ынтымақтастық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ тараптар инновациялар мен жаңа технологиялар саласындағы әріптестік мәселелері мен екіжақты ауқымды жобалар мен тауар айналымы турасында пікір алмасты.

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысының жеңімпаздарын марапаттады

17.02.2026
ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ

ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ

16.02.2026

Шымкент – индустриальный драйвер юга и центр развития предпринимательства

16.02.2026

Облыс әкімі жуырда Түркістан облысы делегацияның Қытай еліне жасаған іссапарынан соң бірқатар келісімдер жасалғанын атап өтті. Осы бағытта әрі қарай да жаңа жобалардың жүзеге асатынын жеткізді.

Өз кезегінде Цзян Вэй Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық байланыстардың орнағанын және жан-жақты қарым-қатынастар тереңдей түскеніне тоқталды. Соның ішінде құрылғанына 5 жыл болатын Түркістан облысымен әлеуметтік-экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған бірнеше ұсыныстарымен бөлісті. Түркілер төрі – Түркістанға алғашқы сапарынан алған әдемі әсерімен бөліскен Цзян Вэй ханым Түркістанның санаулы уақыт ішінде бой көтеріп, таңғажайып шаһарға айналғанына таңғалысын жеткізді.

— Түркістанның таңғажайып көрінісін көріп таң қалдым. Көздің жауын алатын көрікті мекендегі әсем ғимараттар мен жаңа нысандар керемет үйлескен. Осындай өңірмен әріптестік, ынтымақтастық байланыстарды нығайтуға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Түркістан – ресурсы өте бай өңір. Ауыл шаруашылы, «жасыл» энергетика, инфрақұрылым, сауда-саттық және туризм салалары бойынша жұмыс атқаруға болады. Бұл – екіжақты әріптестіктің басы ғана,-деді Цзян Вэй.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды өз сөзінде Түркістан өлкесінің Қытаймен шекаралас аймақтарының халықаралық көлік дәлізі ретіндегі, экономикалық, туристік және басқа да бағыттардағы инвестициялық мүмкіндіктеріне тоқталды. Әріптестік қатынастарды орнықтыруға қазақстандық тараптың да ықыласты екенін айтты. Сонымен бірге терең өңдеу саласына инвестиция салуға шақырды.

Сондай-ақ Түркістанда жұмысын тоқтатқан Golden Camel Group LTD компаниясы бастаған түйе сүтін шығару бойынша ірі жобаның ілгері жылжып, сәтті іске асырылуына ықпал етуді сұрады. Қытайдың бай тәжірибесі негізінде Түркістан өңірінде жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен алдағы уақытта бірнеше зауыт-фабрикалар жұмыс істейді деген жоспар бар. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады. Түркістан облысы әкімі Түркістан облысының әлеуетіне тоқталып, бизнесті дамыту жөніндегі бастамаларға толық қолдау көрсетілетінін жеткізді.

— Біздің өңіріміздің табиғи кен орындарына бай, әлеуеті орасан зор өңір. Ең басты байлығымыз — халқымыз өте еңбекқор. Түркістан – бизнеске бағдарланған өңір. Бізде 170 мыңнан астам шағын және орта бизнес өкілдері жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығымен жыл он екі ай бойы айналысуға мүмкіндік бар. Туризм саласын дамыту — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қойған басты міндеттердің бірі. Осыған байланысты біз туристік инфрақұрылымды жақсартуға, оның ішінде қонақ үйлер мен туристік кешендердің құрылысына ерекше назар аударамыз. Қазақстан үшін Қытай әлемдегі ең ірі экономиканың қақпасы болса, Қытай үшін біздің еліміз ЕАЭО және Оңтүстік-Шығыс Азия, Кавказ және Еуропа нарықтарына жылдам логистикалық бағыттар ашады, – деді Дархан Сатыбалды.

Жуырда Түркістан облысындағы әр аудан әкімдері мен бизнес өкілдері Қытайға барып, тәжірибе алмасатын болады. Зауыт-фабрикаларды ашып, ірі өндіріс алыптарына дейін дамытудың қыр-сырымен танысады. Мақсат — Түркістан өңірінде жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен бірнеше зауыт-фабрикалар ашу. Халықты жұмыспен қамтып, табысын арттыру.

Кездесу барысында түрлі салалар бойынша әріптестік орнату мәселелері жан-жақты сараланды. Қос тарап экономикалық байланысты нығайтып, әріптестікті тереңдете түсу, Түркістан облысының өндірістік әлеуетін көтеру жөнінде пікір алмасты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік мемлекет: жаңа конституциялық өзгерістердің маңызы

Әлеуметтік мемлекет: жаңа конституциялық өзгерістердің маңызы

17.02.2026

Мемлекет басшысы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысының жеңімпаздарын марапаттады

17.02.2026
ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ

ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ

16.02.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған