• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 25 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ «ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

27.05.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ «ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысы жастарының нашақорлыққа, есірткі бизнесіне қарсы иммунитетін қалыптастыру бағытында облыс орталығындағы «Жібек жолы» саябағында 1 айға жоспарланған іс-шаралардың ашылуы өтті.

Оқи отырыңыз...

Шымкент: Өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 8 мыңнан астам бос орын ұсынылды

Шымкент: Өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 8 мыңнан астам бос орын ұсынылды

23.04.2026
Қырғыз Республикасы делегациясы Түркістан облысының инвестициялық әлеуетімен танысты

Қырғыз Республикасы делегациясы Түркістан облысының инвестициялық әлеуетімен танысты

21.04.2026
Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Подписан меморандум с бизнес-ассоциациями Кыргызстана

17.04.2026

Ауқымды шараға облыстық Полиция департаменті, облыстық қоғамдық даму басқармасы, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, адами әлеуетті дамыту басқармасы, денешынықтыру мен спорт басқармасының өкілдері мен жастар қатысты.

Жиында атап өтілгендей, 1987 жылы Біріккен Ұлттар ұйымының кезекті ассамблеясында 26 маусым — «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» деп бекітілген.

Жас ұрпақты салауатты өмірге үндеген шарада сөз алған Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Бахыт Ахымбетов есірткісіз қоғам құру – Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндет екенін атап өтті.

— Облыс жастары мен балалар арасында есірткіге қарсы иммунитет және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатындағы шараның маңыздылығы бөлек. Нашақорлық– бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіретін індет. Мемлекет басшысы жастарды жан-жақты қолдап, сенім артып отырғанда, жастар бұл дерттің өршуіне жол бермеуі керек, — деді Бахыт Сәрсенбайұлы.

Ал Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Құрманбек Сахов: «Жалпы қылмыскерлерді құрықтап, есірткіні жою біздің күнделікті күн тәртібімізде, назардан тыс қалмайды. Сол себепті есірткімен күресте жұмыла жұмыс атқарайық!» — деп атап өтті.

«Есірткіге жол жоқ!» ұранымен өткен шарада өнерпаздар жат қылықтардан аулақ болуға шақырды. Сондай-ақ Полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағы мен кинолог мамандары жауынгерлік дайындықтарын, кәсіби шеберліктерін көрсетіп, жиналғандарға ерекше әсер сыйлады. Маңызды шара сала мамандарының шеруімен қорытындыланды.

Еске сала кетсек, облыс әкімдігінің қолдауымен, Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастырумен, және басқа да ведомстволар мен Үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен өткізілетін шара барысында балалар мен жастар арасында флешмоб және спорт түрлерінен, сурет салудан жарыстар өткізіледі. Жарыстың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған балалар мен жастарға түрлі бағалы сыйлықтар табысталатын болады.

Айлық шаралар 26 маусым күні белгілі өнер шеберлерінің қатысуымен өтетін жабылу салтанатында қорытындыланады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛА ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ АКЦИЯ В РАМКАХ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»

25.04.2026
ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

25.04.2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «TAZA QAZAQSTAN» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА БІР КҮНДЕ 20 МЫҢ АҒАШ ЕГІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «TAZA QAZAQSTAN» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА БІР КҮНДЕ 20 МЫҢ АҒАШ ЕГІЛДІ

25.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған