• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 25 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Қоғамдық келісімді сақтау мен қазақстандық патриотизмді дәріптеу

26.05.2023
in Басты ақпарат
Қоғамдық келісімді сақтау мен қазақстандық патриотизмді дәріптеу

Бүгін Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ІV сессиясы «Татулық пен бірлік – табысты мемлекет болудың басты кепілі» тақырыбымен өтті.

Оқи отырыңыз...

Шымкент: Өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 8 мыңнан астам бос орын ұсынылды

Шымкент: Өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 8 мыңнан астам бос орын ұсынылды

23.04.2026
Қырғыз Республикасы делегациясы Түркістан облысының инвестициялық әлеуетімен танысты

Қырғыз Республикасы делегациясы Түркістан облысының инвестициялық әлеуетімен танысты

21.04.2026
Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Подписан меморандум с бизнес-ассоциациями Кыргызстана

17.04.2026

Қала әкімі, қалалық ҚХА төрағасы Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен жиынға ассамблея мүшелері, мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының жетекшілері, салалық басқармалардың басшылары, аудан әкімдері, қоғамдық кеңес мүшелері, зиялы қауым, діни конфессиялардың, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен ЖОО ректорлары қатысты.

Болашағын Қазақ елімен байланыстырған этнос өкілдерінің ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүргеніне тоқталған қала әкімі ассамблея жүктелген мақсат-міндетті лайықты атқарып келе жатқанын айтты. Президент тапсырмаларын іске асыру жайын баяндады.

– Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбында өтті.  Ассамблея Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың жетекшілігімен өткен алқалы жиында алда атқарар жұмыс бағыттары нақтыланып, мемлекеттік органдар мен салалық құрылымдарға тиісті міндеттер жүктелді. Бүгінгі сессияда біз берілген тапсырмаларды қала аумағында іске асыруды пысықтап, атқарылар жұмыс жайын бағамдаймыз, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Жиында қалалық корей этномәдени бірлестігінің жетекшісі Роза Пак, ОҚМПУ доценті, қалалық түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Ағапаша Құрбанов, Еңбекші, Қаратау аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының қызметкері, ІІІ сыныпты сержант Фарход Абдулганиев, «AQNIET» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» өкілдігінің жетекшісі Дәлелхан Оспанов сөз сөйлеп, ұсыныс-пікірлерін айтты.

Сессияны қорытындылаған қалалық ҚХА төрағасы айқындалған бес басымдық аясында қала аумағында жүйелі әрі үйлесімді жұмыс жүргізуді тиісті құрылымдарға жүктеді.

– Президент: «Халқымыз бірліктің және тыныштықтың қадірін біледі. Бұл – небір қиын-қыстау заманды өткерген, қазақ жерінен пана тапқан барша этностар үшін де қымбат құндылықтар», деді. Бұл тұрғыда шымкенттіктер ырысты ынтымақ жолын жалғауға лайықты үлес қосады деген сенімдемін.

Біздің арман-ниетіміз – Шымкентті тұрғындар үшін өмір сүруге қолайлы қалаға айналдыру. Көздеген мақсат-межеге жету жолында баршаңызды қаламыздың береке-бірлігін бағалай білуге, жұмыла жұмыс істеуге шақырамын, – деді Мұрат Әйтенов.

Айта кетейік, бүгінде қалалық ҚХА жанында 17 этномәдени бірлестік пен 7 құрылым қоғамдық негізде әрекет етеді. Жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат аясында жұмыс істейтін белсенділердің әлеуеті – қоғамдық келісімді сақтау мен қазақстандық патриотизмді дәріптеу бағытындағы жобаларға жұмылдырылған.

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛА ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ АКЦИЯ В РАМКАХ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»

25.04.2026
ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

25.04.2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «TAZA QAZAQSTAN» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА БІР КҮНДЕ 20 МЫҢ АҒАШ ЕГІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «TAZA QAZAQSTAN» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА БІР КҮНДЕ 20 МЫҢ АҒАШ ЕГІЛДІ

25.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған