• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 26 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

АМАНАТТЫҚТАР ҰОС АРДАГЕРЛЕРІН ЖЕҢІС КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

05.05.2023
in Басты ақпарат
АМАНАТТЫҚТАР ҰОС АРДАГЕРЛЕРІН ЖЕҢІС КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

9 мамыр — Жеңіс күніне орай «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Шымкент қалалық партия филиалының төрағасы Бахадыр Нарымбетов бастаған бір топ халық қалаулысы, партияластар ардагерлер шаңырағына бас сұқты.

Оқи отырыңыз...

Шымкент: Өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 8 мыңнан астам бос орын ұсынылды

Шымкент: Өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 8 мыңнан астам бос орын ұсынылды

23.04.2026
Қырғыз Республикасы делегациясы Түркістан облысының инвестициялық әлеуетімен танысты

Қырғыз Республикасы делегациясы Түркістан облысының инвестициялық әлеуетімен танысты

21.04.2026
Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Подписан меморандум с бизнес-ассоциациями Кыргызстана

17.04.2026

Бүгінде Шымкентте үш-ақ соғыс ардагері қалған. Соның бірі-Нина Мосунова. Қария биыл 99 ға келіп отыр. Ол 1942 жылы әскерге өз еркімен аттанып, Казань қаласында телеграфист мамандығын алған. Сонан 1943 жылы Можайск маңындағы соғыста қолына пулемет алып жауға қарсы шыққан. 36 әскери бөлімнің «Зенит» бригадасында қызмет етті, онда радистер бөлімінің командирі болды. Соғыстан соң, кассир, кітапханашы, хатшы-машинистка болған. Қазіргі таңда 2 немере, 5 шөбере сүйіп отыр.

Бүгін Нина әжейдің үйіне фракция мүшелері, партияластар арнайы барды. Есімі ел есінен кетпейтін ардақты ардагерлерге сый -сияпатын табыстап, құрмет көрсетті.

Партиялықтар Харьков, Ворошилов Украйна майданында Свеостопельде, Латвия, Литва Кеннисбергдегі шайхастарға қатысып, Берлинде жеңісті қарсы алған Қазбаев Абылай атаның шаңрағына да барды. Майдаргер зеңбірекшілер тобында жүріп, неміс танкісіне қарсы тұра білген жаужүрек жауынгерлердің бірі. 1945 жылы 1-мамырда Кинизбург қаласын азат етуші жауынгерлер сапында болған. Елге оралып, қорғасын зауытында темірұсташы, машинист-қазаншы болып қызмет еткен.

Немере-шөбере сүйіп ғасыр жасап, өмірдің ащы-тұщысын көрген ардагерді партияластар мерекемен құттықтап, батасын алып қайтты.

«Бүгінгі таңда Шымкент қаласында Ұлы Отан соғысына қатысқан үш-ақ ардагер қалды. Ендігі парызымыз көзі тірісінде осы кісілерге барынша қамқорлық жасап, көмегімізді аямау. Сізге Ұлы Жеңіс пен бүгінгі бейбіт күндеріміз үшін алғыс айтамыз», деді Төраға.

Отан үшін отқа түсіп, қан майданда жеткен жеңісі, бүгінгі бейтіт өмір үшін бас иіп, алғыс білдірді.

Отанын қорғауда қайсарлық пен ерлік көрсеткен шымкенттік майдангер Төлепбергенұлы Мұраталы зұлмат соғысты басынан өткерген бүгінде көзі тірі куәгер.
Қаһарман Брест қамалы, Варшава, Данск, Виссмарк, Биттенбург, Перлеберг қалаларының шайқасына қатысқан. Соғыста көрсеткен ерліктері үшін: ІІ–ші дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Германияны женгені үшін» және мерекелік медальдармен марапатталған.
Германияның Биттенберг қаласында жауынгерлік жолы жеңіспен аяқталған майдангер елге 1950 жылы оралып, тракторлық бригадасының бригадирі, бухгалтер, ферма менгерушісі болып еңбек еткен. 2 ұл 6 қыздан тараған 19 немере, 10 шөбере ортасында мәуелі бәйтерек болып, марқайып отыр.

Айта кетейік, соғыс ардагерінің жағдайы үнемі партия назарында. Тек мереке күні емес, аманаттықтар әрқашан ардагерлеріміздің жағдайын сұрап, көңіл бөліп отырады.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛА ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ АКЦИЯ В РАМКАХ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»

25.04.2026
ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

25.04.2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «TAZA QAZAQSTAN» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА БІР КҮНДЕ 20 МЫҢ АҒАШ ЕГІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «TAZA QAZAQSTAN» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА БІР КҮНДЕ 20 МЫҢ АҒАШ ЕГІЛДІ

25.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған