• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 22 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ЖАҢА БИЗНЕС ИДЕЯЛАРҒА МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН ҚОЛДАУ БАР

19.04.2023
in Басты ақпарат
ЖАҢА БИЗНЕС  ИДЕЯЛАРҒА МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН ҚОЛДАУ БАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін жылдық 2,5% жеңілдікпен микрокредит беру тетігін іске қосуды тапсырған болатын.
Бүгін Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ұйымдастыруымен «Көрме» орталығында жастарды кәсіпкерлік бастамалары үшін 2,5% жеңілдетілген шағын несие беру бойынша «Ашық есік» күні өтті.
Аталмыш шара кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жастарға жеке ісін ашу үшін жағдайлар жасау. Микрокредит жастардың кәсіпкерлік бастамаларына жәрдемдесу, бизнесті бастау, оны кеңейту үшін мақсатында беріледі. Бұл — жаңадан кәсіп ашып, өрге домалатамын, қолда бар кәсіпті әрі қарай дамытамын деген жастарға таптырмас мүмкіндік болып табылады.
Маңызды шара аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның жастарды шағын несиелеу бағдарламасына қатысу яғни жастарға арналған жеңілдетілген 2,5% несие бойынша түсіндіру және несиелеу шарттарымен таныстырылды. Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бұрышының мамандары кеңес берді. Сұранысқа ие кәсіп түрлері, бизнес план жасауға арналған басты қағидалар бойынша тренинг жүргізілді.
Ашық есік күніне қатысқан жастарға конкурстық комиссияның шешімімен үздік деп танылған жас кәсіпкерлердің бизнес-жобаларына микрокредит алу мүмкіндігі, микронесиенің бұл жаңа түрі жастар кәсіпкерлігін дамытуға тың серпін беретіні туралы кеңінен насихатталды.
Айта кетейік, қазіргі уақытта мемлекет тарапынан жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында бірнеше әлеуметтік қолдау көрсетілуде. Олар, қайтарымсыз негіздегі грант беру, жастарға жеңілдікпен микрокредит беру. Биыл Шымкент қаласы бойынша 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған 261 жастарға 2,5% жеңілдетілген шағын несие беру жоспарланып отыр.
Өтінім беру үшін құжаттарды «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Шымкент қаласындағы филиалына тапсыру қажет.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы, Қонаев даңғылы, 3/3.

Оқи отырыңыз...

Қазақстанда PEFA жүйесі бойынша бюджет ашықтығын бағалау аяқталды

21.05.2025
ҚР АШМ мен ҚХР Бас кеден басқармасы құс етін экспорттауға қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар жөніндегі Хаттамаға қол қойды

ҚР АШМ мен ҚХР Бас кеден басқармасы құс етін экспорттауға қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар жөніндегі Хаттамаға қол қойды

21.05.2025
«Жайлы мектеп» жобасы — орта білім деңгейін арттыруға бағытталған стратегиялық бастама

«Жайлы мектеп» жобасы — орта білім деңгейін арттыруға бағытталған стратегиялық бастама

21.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда PEFA жүйесі бойынша бюджет ашықтығын бағалау аяқталды

21.05.2025
ҚР АШМ мен ҚХР Бас кеден басқармасы құс етін экспорттауға қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар жөніндегі Хаттамаға қол қойды

ҚР АШМ мен ҚХР Бас кеден басқармасы құс етін экспорттауға қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар жөніндегі Хаттамаға қол қойды

21.05.2025
«Жайлы мектеп» жобасы — орта білім деңгейін арттыруға бағытталған стратегиялық бастама

«Жайлы мектеп» жобасы — орта білім деңгейін арттыруға бағытталған стратегиялық бастама

21.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған