Бүгінде 60 мыңнан астам халқы бар Қайнарбұлақ елдімекеніне бір мезетте су, жарық, газ құрылысы жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде тұрғындар биыл электр желісімен қамтылып, сапалы ауыз суға қол жеткізеді.
Нақтырақ айтсақ, маусым айынан бастап 70 шақырымдық электр жүйесінен 3 мыңға жуық абонент сапалы электр қуатына қосыла бастайды. Қазірдің өзінде жарықтандыру жұмыстары 95 пайызға аяқталған.
Ал жыл соңына дейін елдімекенге ауыз су құбырлары тартылып, жергілікті тұрғындар сапалы тіршілік нәріне қол жеткізеді. Сондай-ақ көшелерге табиғи газ құбырлары жүргізілуде. Нысан келесі жылға өтпелі.