Сәуір айының 19-27 аралығында «Көрме орталығында» тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасында классикалық сыннан ҚР жекелей чемпионаты өтеді.
Чемпионатты Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Тоғызқұмалақ спорты федерациясы және Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырадастырып отыр.
Жарыстың ашылу салтанаты 20-сәуір сағат 14:30-да басталады.
Жарысқа еліміздің 3 қаласы мен 11 облысынан 14 команда, 106 спортшы қатысады.