• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 12 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАС ҚАЛАМГЕР ЖӘМИЛА БАХТИЯРҚЫЗЫНЫҢ «ҚАРЛЫҒАШ. МАХАББАТ ЕСКЕРТКІШІ» АТТЫ КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

19.04.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАС ҚАЛАМГЕР ЖӘМИЛА БАХТИЯРҚЫЗЫНЫҢ «ҚАРЛЫҒАШ. МАХАББАТ ЕСКЕРТКІШІ» АТТЫ КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Қарлығашым, келдің бе?» атты әдеби-cазды, музыкалық кеш өтті.

Оқи отырыңыз...

Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

12.05.2025
Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025

Кеш барысында Түркістан облысы, Төлеби ауданының тумасы, жас қаламгер Жәмила Бахтиярқызының «Қарлығаш. Махаббат ескерткіші» атты екінші кітабы таныстырылды.

«Жалпы бұл кітаптың 5 мың данасын шығардық. Сұраныс болып жатса, әрине, тағы да шығарамыз. Бастысы, халық оқып, керегін алса болды», — деді кітап авторы.

Жас қаламгер жаңа кітабында қоғамның дертіне айналған жастар арасындағы өзекті мәселелерді жазыпты. Ата мен немере арасындағы диалог арқылы таза махаббат пен ұлттық құндылықтарды дәріптеген. Аталған шарада автор өз шығармаларынан үзінді оқып, қалың көрерменді терең ойға жетеледі. Екі жыл бұрын жазылған, Жәмила Бақтиярқызының тырнақалды туындысы әлемнің 6 тіліне аударылған.

Жиында ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ жаңа кітаптың маңыздылығына тоқталды.

— Тілі өте көркем. Кітап, ә дегеннен тартып, жетектеп отырады. Осының өзі қаламгерлік шеберлігін көрсетіп отыр. Болашағы зор, үлкен бір қаламгер келді деп айтсақ болады. Жалғасатыны күмән туғызбайды, — деді ол.

Жәмила Бахтиярқызы – жас қаламгер, журналист. Оның 21 жыл өмірінің 10 жылы аурумен күресумен өткен. 10 жасына дейін уайым-қайғысы жоқ, еркелеп өскен қыз аяқ асты ауыр сырқаттанып қалған.

«12 жасымда «миастения» диагнозы қойылды. Бұл бұлшықеттің әлсіздігі. 14 жасымда астанаға Кореядан шеберлік сағатын өткізу үшін дәрігерлер келді, осы кезде маған да ота жасалды. Сөйтіп, 16 жасымда өзіме келіп, күш жинай бастадым. 20 жасымда ауруымнан құлан-таза айықтым, жеңдім», — дейді ол.

Жәмиланың алғаш оқырманға жол тартқан кітабы «Бәйшешек» деп аталады. Жазушы осы жылдың ақпан айында төлебилік мектеп оқушыларымен де кездесіп, шығармашылығы, болашақтағы жоспарлары жайлы әңгімелескен болатын. Қаламгердің «Бәйшешек» кітабы бүгінде жастар арасында өте танымал.

Жерлесіміз сирек кездесетін аурумен қалай күрескенін, өзіне рух берген жақындарының бастан өткерген қиыншылықтары туралы кітап жазған. Шығармашылыққа жаны құмар жас қаламгердің өлеңдері өз тағдырымен тығыз байланысты.

Аса ауыр сырқатпен 10 жыл бойы алыса жүріп, сондай қиын халіне қарамастан мектепті үздік бітіруі, өзі қалаған журналистика факультетіне оқуға түсуі оқырманның Жәмилаға деген құрметін еселей түседі.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

12.05.2025
Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған