• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 13 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

«ШЫМ ҚАЛА» – КӨНЕ КЕНТ

07.04.2023
in Басты ақпарат
«ШЫМ ҚАЛА» – КӨНЕ КЕНТ

«Шымкент ескі қалашығы» – жергілікті маңызы бар, тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының археологиялық нысаны. 2003-2020 жылдар аралығындағы археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде Ескі қалашық ашық аспан астындағы музейге айналды. 2021 жылы «Шым қала» тарихи –мәдени кешені қала қонақтарына есігін айқара ашты.
Бүгінгі таңда «Шым қала» тарихи – мәдени кешеніне қарасты үш музей бар. Кешен қаламызға алыс-жақын шетелдерден келетін туристер тамашалайтын бірде бір тарихи-мәдени нысанға айналуда.
«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қалашықта 15 жыл археолог Бауыржан Байтанаевтың жетекшілігімен археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Ғалым зерттеулерінің негізінде 2012 жылы «История Шымкента» атты көлемді ғылыми еңбек жариялады. Сөйтіп, Шымкенттің 2200 жылдық тарихы бар екені дәлелденді. 2019 жылдың ЮНЕСКО-ның шешімімен қаланың 2200 жылдық тарихи жасы мойындалып, 2020 жылғы Халықаралық іс-шаралардың тізіміне кіруі мегаполис үшін өте маңызды оқиға болды.
Археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде батыс шахристан аумағынан ХVІ-ХVІІ ғасырдағы қазақ хандығы дәуіріне жататын ұстахананың орны анықталды. Нысанына реставрация жұмыстары жүргізіліп, орнынан ұстахана және ұста баспанасы бой көтерді. Ұстаханада ата-бабаларымыз пайдаланған тұрмыстық бұйымдар, қару-жарақтар, қалыпта құю, соғу, шегендеу, зер жүргізу аспаптары, ұсталық көрік көмірге арналған кірпіштен қаланған ошақ орналасқан.
Сонымен қатар, қамалдың қорғаныс қабырғасына жапсарлас салынған шығыс мұнарасы реставрациядан өткен. Бұл — жаугершілік заманда қала халқына қауіп төнген жағдайда жаудан қорғану қызметін атқарған жерасты бекінісінің құрылысы. Оның үстіңгі бөлігі алыстан келе жатқан қауіптің алдын алу мақсатында белгісін беретін қарауылдық қызмет атқарған.
Аталған аймақтың оңтүстік-шығыс аумағында Қарахан дәуіріндегі (Х-ХІІ ғғ) тұрғын үй кешеніне консервациялау жұмысы жүргізіледі. Тұрғын үй үш бөлме, екі дәлізден тұрады. Цитадельдегі төменгі қабатына II-IV ғғ. қазба жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде ең төменгі мәдени қабаттардан зороастрлық ғибадатхананың орны аршылып, оның астына адам сүйегі салынып көмілген хұмдар (құмыралар) табылған. Қазба орнына консервациялау жұмыстары жүргізілген.

Оқи отырыңыз...

Отырардағы жиын: Арыс пен Отырар кәсіпкерлерінің сабыры сарқылды

11.07.2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

11.07.2025
Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

03.07.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «ЭКОКҮН» ЖӘНЕ «ДАРМАРКА» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ «ЭКОКҮН» ЖӘНЕ «ДАРМАРКА» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

12.07.2025

Отырардағы жиын: Арыс пен Отырар кәсіпкерлерінің сабыры сарқылды

11.07.2025
ЦИФРОВАЯ ТРАНСФОРМАЦИЯ — ШЫМКЕНТ: ОТ УМНОГО ГОРОДА К ПЕРЕДОВЫМ ТЕХНОЛОГИЯМ БУДУЩЕГО

ЦИФРОВАЯ ТРАНСФОРМАЦИЯ — ШЫМКЕНТ: ОТ УМНОГО ГОРОДА К ПЕРЕДОВЫМ ТЕХНОЛОГИЯМ БУДУЩЕГО

11.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған