• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 21 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: «ARTSPORT» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАРЖЫСЫН ТИІМСІЗ ЖҰМСАҒАН 100-ГЕ ЖУЫҚ КӘСІПКЕРГЕ ШАРА ҚОЛДАНЫЛДЫ

04.04.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН: «ARTSPORT» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАРЖЫСЫН ТИІМСІЗ ЖҰМСАҒАН 100-ГЕ ЖУЫҚ КӘСІПКЕРГЕ ШАРА ҚОЛДАНЫЛДЫ

Түркістан облысында оқушыларды шығармашылық және спорт үйірмелермен қамту жұмысы қоғам тарапынан оң бағаланып отыр.

Оқи отырыңыз...

Қазақстанда PEFA жүйесі бойынша бюджет ашықтығын бағалау аяқталды

21.05.2025
ҚР АШМ мен ҚХР Бас кеден басқармасы құс етін экспорттауға қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар жөніндегі Хаттамаға қол қойды

ҚР АШМ мен ҚХР Бас кеден басқармасы құс етін экспорттауға қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар жөніндегі Хаттамаға қол қойды

21.05.2025
«Жайлы мектеп» жобасы — орта білім деңгейін арттыруға бағытталған стратегиялық бастама

«Жайлы мектеп» жобасы — орта білім деңгейін арттыруға бағытталған стратегиялық бастама

21.05.2025

Өңірде әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардың балалары үйрімелермен қамтылып, шығармашылықтарын шыңдайды. Биыл Түркістан өңірінде бұл бағытқа 4,6 млрд. теңге қаралып, 30 мыңдай оқушыны өнер және спорт үйірмелерімен қамту көзделуде.

Облыста былтыр бағдарламаны жүзеге асыруда кемшілік пен алаяқтыққа жол берген 100-ге жуық кәсіпкерге шара көрілді. Өнер және спорт үйрімелері бойынша өз мақсатында жұмсалмаған 28 млн. теңге бюджетке қайтарылған.

Мониторинг және бақылау жұмыстарының күшейтілуі нәтижесінде 26 кәсіпкер өз жұмыстарын тоқтатқан. Атқарылған жұмыстар мен жоспарлар Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде баяндалды. Кемшіліктер де ашық айтылды. Облыс басшысы жауаптыларға мемлекеттің қаражатын балалар үшін тиімді жұмсауды тапсырды.

– Аудан, қалалардағы ашылған үйірмелер өтетін ғимараттар заман талабына сай ретке келтірілсін. Осы салаға қатысты кәсіпкерлермен келісімшарт талаптарын қайта қарап, пысықтап шығыңыздар. Өзгерістер енгізуге ұсыныс берілуі керек. Балалардың үйрімеге келгенін дәлелдейтін бейнебақылау, бәлкім бейнетіркеу жүйесін қолдану жолдары да қарастырылсын. «Artsport» бағдарламасы қамтылмаған аудан, қалаларда жұмысты күшейтіңіздер. Кейбір аудандарда бұл бағытта жұмыс нашар. Облысымыздың барлық аймағында оқушыларға жағдай жасалуы тиіс. Екіншіден, спорттық үйрімелер өтетін залдарда толық жабдықталсын. Барлық ғимараттар санитарлық-гигиеналық талапқа сай болуы шарт. Балаларымыз таза әрі талапқа сай ғимараттарда жаттығуы қажет. Мәдениет пен спорт саласындағы өзекті мәселелер қадағалауда болады, – деді Дархан Сатыбалды.

Мәжілісте Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қ.Жолдықараев пен Мәдениет және туризм басқармасының басшысы Ә.Қойлыбаевтың баяндамалары тыңдалды. Аrtsport.edu.kz платформасын пайдалану үшін «Soft Deco» ЖШС-мен мемлекеттік сатып алу шарты жасалып, өңірде4 бағытта бақылау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, көрсетілген қызметтерге төлемақы жүргізу, өнім берушілердің спорт ғимаратының талаптарға сәйкестігін анықтау, жосықсыз өнім берушілерге қатысты талап-тілектерді тексеру және бағдарламаға жаңадан қатысуға үміткер кәсіпкерлер тарапынан түскен өтініштер тұрақты қаралады. Жалған мәліметтер және балалардың ЖСН-дерін artsport.kz платформасына қате енгізілген деректері анықталған.

Жалпы, 2022 жылы спорт саласы бойынша 23 982 балаға арналған 982377,0 мың теңге игерілді. Облыста 2023 жылға мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыруға 2,4 млрд. теңге бөлу бастамасы қолдау тауып, қаржы көлемі артып отыр. Бұл 20 спорт түрі бойынша 14500 оқушыны қамтуға жетеді.

Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бойынша 2022 жылы 484,2 млн. теңге қаржы бөлініп, бірінші жартыжылдықта толық игерілген. Былтыр 34 кәсіпкердің ұйымдастыруымен 145 шығармашылық үйірме ашылып, 7487 бала 43 шығармашылық үйірме түрімен шұғылдануға мүмкіндік алды. Биыл 15270 бала шығармашылық үйірмеге қатысады деп жоспарланып отыр. Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жүзеге асыру мақсатында облыстық бюджеттен 2,2 млрд. теңге қаржы бөлінді.

Айта кетейік, бүгінде өңір бойынша балалар эстрадалық вокал, заманауи би, поэзия оқу, шешендік өнер, зергерлік өнер, домбырамен ән айту, хореографикалық ансамбль, керамика және мүсін секілді 114 шығармашылық үйірмеде шығармашылықпен шұғылдануда.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда PEFA жүйесі бойынша бюджет ашықтығын бағалау аяқталды

21.05.2025
ҚР АШМ мен ҚХР Бас кеден басқармасы құс етін экспорттауға қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар жөніндегі Хаттамаға қол қойды

ҚР АШМ мен ҚХР Бас кеден басқармасы құс етін экспорттауға қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар жөніндегі Хаттамаға қол қойды

21.05.2025
«Жайлы мектеп» жобасы — орта білім деңгейін арттыруға бағытталған стратегиялық бастама

«Жайлы мектеп» жобасы — орта білім деңгейін арттыруға бағытталған стратегиялық бастама

21.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған