• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 15 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІН НАУҚАНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

31.03.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІН НАУҚАНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Түркістанда облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы шаруалармен кездесіп, көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы және егін егу жұмыстарын несиелендіру туралы, ағын су мәселесі, жеңілдетілген жанар-жағар май мәселесі, Gosagro.kz платформасы және мал шаруашылығы саласын субсидиялау талқылады.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

14.05.2025
Ауыл шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған жоба: Түркістанда “Республикалық топырақ орталығы” зертханасы жұмыс істеуде

Ауыл шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған жоба: Түркістанда “Республикалық топырақ орталығы” зертханасы жұмыс істеуде

14.05.2025
Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес  нәтижелі іске асырылуда

Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес  нәтижелі іске асырылуда

14.05.2025

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында Агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі комитетінің отырысы өтті. Жиынды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы бастады.

«Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып бүгін шаруалардың мәселелерін тыңдайтын боламыз. Көктемгі дала жұмыстары бойынша мәселе көп екені белгілі. Аудандарда шаруалармен тікелей кездесіп, естіп жүрмін», – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

Отырыста Ермек Кенжеханұлы, Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқарма басшысы, Түркістан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысы, Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы басшысы, Түркістан облысы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалының директоры, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы» ЖШС директоры, «ЫРЫС» ЖШС директоры, «Қазсушар» РМК Түркістан облыстық филиалы басшысы кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін талқылады.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев палата қызметін трансформациялау шаралары іске асырылып жатқанын, қазіргі экономика жағдайында еліміздегі барлық институттың бірігуі әрі Мемлекет басшысының тапсырмаларын бірлесе шешуі маңызды екенін атап өтті.

«Еліміздегі бизнестің басын қосып отырған Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ретінде кәсіпкерлерді, нарыққа қатысушыларды үкіметпен, әкімдіктермен бірге осы процеске белсенді қатысуға шақырамыз. Бүгінгі сияқты кездесулер бизнес үшін өте маңызды. Әсіресе кәсіпкерліктегі түйткілді мәселені шешуде мемлекеттік органдармен нақты өзара іс-қимыл механизмін жасауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы ерекшек назарда. Осыған орай шаруалардың мәселелерін тез арада шешу мақсатында Комитет отырысына шығарып отырмыз», – деді Асылан Ибадуллаев.

Мақтаарал мен Жетісай аудандарының шаруаларының айтуынша, суармалы алқаптың жер асты суларының жақын болуына байланысты, жер асты суларын реттеп отыру мақсатында жалпы 840 тік дренаж ұңғымалары құрылған. Алайда қазіргі таңда 164 ғана жұмыс істеуде.

«Барлық дренаж жүйелері суару маусымында тұрақты жұмыс істемегендіктен, жер асты сулары жер бетіне шығып кетіп жатыр. Осыған байланысты ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігі төмендеуде», – деп шағымданды шаруалар.

Кездесу соңында шаруалар сұрақтарына жауап алып, өзекті мәселелері назарға алынды.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

14.05.2025
Ауыл шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған жоба: Түркістанда “Республикалық топырақ орталығы” зертханасы жұмыс істеуде

Ауыл шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған жоба: Түркістанда “Республикалық топырақ орталығы” зертханасы жұмыс істеуде

14.05.2025
Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес  нәтижелі іске асырылуда

Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес  нәтижелі іске асырылуда

14.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған