• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 11 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: САЙЛАУ ПРОЦЕСІ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫНА САЙ ӨТІП ЖАТЫР

19.03.2023
in Басты ақпарат
ПРОГОЛОСОВАЛ ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ АКИМА ШЫМКЕНТА

Бұл туралы бүгін өткен брифингте Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әуелхан Тұрғымбеков айтты.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

11.07.2025
Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

03.07.2025
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

03.07.2025

Бүгін елімізде ҚР Мәжілісі және әртүрлі деңгейлі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Осы ретте Түркістан облысының тұрғындары саяси науқанда белсенділік танытып келеді.

Биыл қаңтар айының бірінші жартысында өңірде 318 бірмандаттық сайлау округі құрылып, оның ішінде ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау жөнінде 3, облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша 23, аудандар мен қалалар мәслихаттары депутаттарын сайлау бойынша 292 сайлау округі құрылды.

– Тиісті комиссиялар мәслихаттар сессияларында жасақталып, сайлау тағайындалғаннан бастап жұмыстарын «ҚР Сайлау туралы» Конституциялық Заңның талаптарына сай атқаруда. Өңірдегі 941 сайлау учаскелерінің 26-сы қолжетімділігі шектеулі сайлау учаскелері. Оның 5-і әскери бөлімдерде, 1-шипажайда, 16 емдеу мекемелерінде, 4-уақытша ұстау изоляторында орналасқан. 18 ақпаны күні 18:00-де тіркеу аяқталып, өңірде барлық деңгейдегі бірмандаттық сайлау округтері бойынша ұсынылған 1615 кандидаттың 1284 тіркеуден өтіп, сайлау алдындағы үгіт жұмыстарын бастаған болатын. Сол тіркеуден өткен кандидаттардың бүгінгі сайлауға 1131 қатысып жатыр. Ал тіркеудан өткен 172 кандидат әр түрлі себептермен тіркеудан алынды, — деді Әуелхан Елтайұлы.

Спикердің сөзінше, облыста 2023 жылдың 26 ақпанына сайлаушылар тізіміне 1 млн 168 мың 658 сайлаушы енгізілген. Оның ішінде 19 наурыз күні 18-ге толатындары — 91 адам, 100 жастан асқан 78 сайлаушы бар. Ал мүгедектігі бар 20122 адам болса, оның көру қабілетінен айырылғандары — 2664, есту, сөйлеу қабілетінен айырылғандары — 2316, кресло-арбаларды пайдаланатындары — 3099 адам.

– Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беру құқықтарын қамтамасыз ету маңызды мәселе деп айтсақ болады. Оларға арнап сайлау учаскелерінде арнайы бұрыштар әзірленіп, кабиналар орнатылып, тактильді жолақтар төселген. Арнайы пандустар мен екі жақты белдеулер орнатылған. Барлық сайлау учаскелері бір тұрақты және 2 жылжымалы сайлау жәшіктерімен қамтылған. Олардың сапалары тиісті аудандық, қалалық аумақтық сайлау комиссияларымен тексерілген. Жасырын дауыс беру кабиналарының да сапалылығы аумақтық сайлау комиссияларымен тексерілді. Барлық сайлау учаскелері нормативтік және ақпараттық-методикалық материалдарға және жалпы сайлау ақпараттарына арналған екі тақтамен қамтылған, — деді спикер.

Сонымен қатар, 16-17 наурыз күндері барлық сайлау учаскелеріне орталықтандырылған түрде сайлау бюллетендері таратылып берілді. Сайлау учаскесін полиция күзетінен акті бойынша қабылдап алды. Дауыс беру бюллетендері комиссия мүшелеріне бөлініп берілді. Кешкі сағат 20:00-де дауыс беру тоқтатылып бюллетендерді санау басталады.

Брифинг соңында Әуелхан Елтайұлы сайлау комиссияларының басты мiндетi сайлауды заң талабына сай, заң бұзушылықсыз өз деңгейiнде ұйымдастырып өткiзу екенін атап өтті. Егер заң бұзушылықтар орын алса, тексеріс жүргізіліп, заң аясында қаралады.

Айта кетейік, сайлауға байқаушылар ретінде қатысуға аккредиттеу бойынша 33 қоғамдық бірлестік өтініш беріп, 26-сы аккредиттеуден өтті.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЦИФРОВАЯ ТРАНСФОРМАЦИЯ — ШЫМКЕНТ: ОТ УМНОГО ГОРОДА К ПЕРЕДОВЫМ ТЕХНОЛОГИЯМ БУДУЩЕГО

ЦИФРОВАЯ ТРАНСФОРМАЦИЯ — ШЫМКЕНТ: ОТ УМНОГО ГОРОДА К ПЕРЕДОВЫМ ТЕХНОЛОГИЯМ БУДУЩЕГО

11.07.2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

11.07.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты

10.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған