• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 15 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

САЙЛАУ: 10 ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІК РЕСПУБЛИКАНЫҢ БАРЛЫҚ АУМАҒЫНДА БАЙҚАУ ЖҮРГІЗЕДІ

14.03.2023
in Басты ақпарат
САЙЛАУ: 10 ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІК РЕСПУБЛИКАНЫҢ БАРЛЫҚ АУМАҒЫНДА БАЙҚАУ ЖҮРГІЗЕДІ

19 наурызда өтетін Мәжіліс сайлауында 10 қоғамдық бірлестік республиканың барлық аумағында байқау жүргізеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова мәлімдеді.
«Жарғыларында сайлауды байқау жөніндегі қызмет көрсетілген қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдар аккредиттеуге жатады. Саяси партиялардан байқауды жүзеге асыру үшін аккредиттеу талап етілмейді. Орталық сайлау комиссиясынан бастап жергілікті және аумақтық сайлау комиссиялары құжаттарды қабылдауда. Аккредиттеу тәртібіне сәйкес, республикалық қоғамдық бірлесіктер мен коммерциялық емес ұйымдар Орталық сайлау комиссиясына аккредиттеле алады. Тиісінше, аумақтық және жергілікті қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады», — деді комиссия мүшесі.
Анастасия Щегорцованың айтуынша процедуралар мүмкіндігінше жеңілдетілгенін және аккредитация алу үшін тек 2 құжат қажет.
«Республикалық қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық ұйымдарға республиканың барлық аумағында барлық сайлауға қатысу құқығы беріледі. Өңірлік және қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық ұйымдарға олардың құрылымдық бөлімшелері бар облыстар шегінде барлық сайлауға қатысу құқығы беріледі. Тиісінше, жергілікті қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдар бір облыс ішінде 1 жыл ішінде барлық сайлауға қатысу құқығын алады», — деді ол.
Аккредиттелген ұйымдар дауыс беру күні өз байқаушыларын сайлау учаскелеріне жібереді. Ол үшін олар байқаушының тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, оның өкілеттігін жазбаша нысанда куәландырып, мөрмен растауы керек.
«ОСК республика бойынша аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың тізілімін жүргізеді. Аумақтық сайлау комиссиялары тізілімге енгізу үшін өңірлік және жергілікті ұйымдарды тіркеу туралы деректерді ОСК-ге жібереді», — деді ОСК мүшесі.
Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта ОСК 10 республикалық қоғамдық бірлестікті аккредиттеді.
«Олар: «HAQ», «Еркіндік қанаты», «Ел дауысы», «Азаматтық қорғау», «Electios&Democracy», «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы», «Ұлы көш», «Мұқалмас», «Жастар үні» және Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі қоғамдық қоры. Олар елдің барлық 20 аймағында байқауды жүзеге асыра алады. Аймақтық сайлау комиссиялары 201 ұйымға аккредиттеу туралы куәлік берді. Олар аккредиттелген және филиалдары бар облыстар шегінде барлық сайлауда байқауды жүзеге асыратын болады», — деді Анастасия Щегорцова.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

14.05.2025
Ауыл шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған жоба: Түркістанда “Республикалық топырақ орталығы” зертханасы жұмыс істеуде

Ауыл шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған жоба: Түркістанда “Республикалық топырақ орталығы” зертханасы жұмыс істеуде

14.05.2025
Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес  нәтижелі іске асырылуда

Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес  нәтижелі іске асырылуда

14.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

14.05.2025
Ауыл шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған жоба: Түркістанда “Республикалық топырақ орталығы” зертханасы жұмыс істеуде

Ауыл шаруашылығын жаңғыртуға бағытталған жоба: Түркістанда “Республикалық топырақ орталығы” зертханасы жұмыс істеуде

14.05.2025
Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес  нәтижелі іске асырылуда

Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес  нәтижелі іске асырылуда

14.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған