• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 12 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ДӘСТҮРЛІ «ШАҢЫРАҚ» БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

01.03.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ДӘСТҮРЛІ «ШАҢЫРАҚ» БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысында этносаралық татулықты нығайту мақсатында «Халық бірлігі — мемлекет тұтастығы» тақырыбымен әлеуметтік желі қолданушылары арасында «Шаңырақ» байқауы басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Ерназар Баетов мәлімдеді.

Оқи отырыңыз...

Отырардағы жиын: Арыс пен Отырар кәсіпкерлерінің сабыры сарқылды

11.07.2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

11.07.2025
Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

03.07.2025

«Шаңырақ» байқауы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында өңірде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Байқаудың негізгі мақсаты – әлеуметтік желідегі жазбалар арқылы өңірдегі этносаралық татулық пен патриоттықты, мемлекет тұтастығы мен Отан қорғау жолындағы кәсіби мамандар мен еңбек адамын, ел тыныштығы мен қоғамның бірлігін нығайтқан патриот азаматтар мен олардың отбасын дәріптеу.

Ерназар Көпжасарұлының мәлімдеуінше, «Шаңырақ» байқауы 1 наурыздан бастау алды. Байқаудың жалпы жүлде қоры — 1 000 000 (бір миллион) теңге. Байқауға кез келген әлеуметтік желі қолданушылары, журналистер мен блогерлер, баспасөз орталықтарының мамандары қатыса алады. Байқауға қатысу үшін жарыс ережесіне сай келетін материалды әлеуметтік желідегі Facebook, Вконтакте, Instagram парақшаларының бірінде жариялау қажет. Сондай-ақ «Шаңырақ» журналистер клубы тобына жазылуы және байқауға ұсынылатын материалдар осы топта жариялануы тиіс.

– «Шаңырақ» байқауының маңызы ерекше деп білемін. Бұл өз кезегінде байқауға қатысатын үміткерлердің жазу стилі мен шығармашылықтарын шыңдайды деп ойлаймын. Ынтымағы жарасқан өңірімізде бейбітшілік пен отансүйгіштікті насихаттайтын байқау қатысушыларына сәттілік тілеймін, — деді Ерназар Баетов.

Сондай-ақ, брифингке қатысқан Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының төрағасы Ерсұлтан Әмірбек байқау шарттарына жан-жақты тоқталды.

– Байқау жұмысына қойылатын талаптар — мәтіндік материалды «Шаңырақ» сөздерімен бастау керек. Материалды жариялау жиілігі аптасына (жеті күнде) 1 жазбадан кем емес, жалпы жазба саны 10-нан кем болмауы тиіс. Материалдың/жазбаның көлемі 1000 (мың) символдан кем болмауы қажет. Мәтіндік материалға суреті бар мақала жайлы хабарды қосу, тақырыптық суретті қатар бекіту, аты, тегі, әкесінің аты көрсеткішінде келесі форматында #Шаңырақ хэштегін қолдану – байқау талаптарының бірі. Байқауға 2023 жылдың 1 наурызынан 10 маусымға дейінгі жарияланған материалдар қабылданады. Жарияланған материалдардың скриншоттарын арнайы файл папкасына жинақтап (лайк, бөлісуі көрінуі тиіс) байқаудың ұйымдастырушыларына 2023 жылдың 10-12 маусым аралығында тапсырылуы тиіс. Байқау жұмыстары мемлекеттік тілде қабылданады. Жеңімпаздарды айқындау Байқау Ұйымдастырушысы түзген комиссия құрамының шешімімен жүзеге асырылады, — деді клуб төрағасы.

Байқауға ұсынылған жұмыстар әлеуметтік желілерде немесе блог-тұғырламаларда көп дауыс жинағаны, ең көп ұнатылғаны (лайк), ең көп бөлісілгені (репост) арқылы бағаланады. Қаншалықты оқырманның көңілін аудара білгендігіне мән беріледі. Ұйымдастыру комиссиясының 8-775-820-36-92; 8-771-829-85-06 байланыс телефондарына хабарласуға болады. Электрондық пошта: baikau2023@mail.ru.

Байқаудың қорытындысы 2023 жылы маусым айында бұқаралық ақпарат қызметкерлері мерекесі қарсаңында жарияланып, жеңімпаздар Алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар, жеңімпаздардан басқа, байқауға қатысқан үздік үміткерлерге ынталандыру сыйақысы тағайындалады.

Брифинг барысында спикерлер БАҚ өкілдерінің бірқатар сұрақтарына жауап берді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Отырардағы жиын: Арыс пен Отырар кәсіпкерлерінің сабыры сарқылды

11.07.2025
ЦИФРОВАЯ ТРАНСФОРМАЦИЯ — ШЫМКЕНТ: ОТ УМНОГО ГОРОДА К ПЕРЕДОВЫМ ТЕХНОЛОГИЯМ БУДУЩЕГО

ЦИФРОВАЯ ТРАНСФОРМАЦИЯ — ШЫМКЕНТ: ОТ УМНОГО ГОРОДА К ПЕРЕДОВЫМ ТЕХНОЛОГИЯМ БУДУЩЕГО

11.07.2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

11.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған