Шымкент қалалық сотының «Ақпарат орталығында» Шымкент қаласының мамандандырылған Тергеу сотының 2022 жылы атқарған жұмысының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті.
Пресс-конференцияға Шымкент қаласының мамандандырылған Тергеу сотының төрағасы Ғ.Мыңбатыров, Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қ.Дүйсенби және БАҚ өкілдері қатысты.
Шымкент қаласының мамандандырылған Тергеу сотына 2022 жылы 7303 іс материалдары түскен, ал жақша ішінде 2021 жылы мәліметтері (6 410) іс материалдары түскен. Яғни, 2021 жылмен салыстырғанда 893 материалға немесе 12%-ға көп түскен материалдар саны көбейген. Оның ішінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процесстік Кодексінің 55-бабына сәйкес 4 911 (4802) өтінішхат түскен, бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 109 өтінішхатқа немесе 2%-ға көп. Оның ішінде 6-ауы қайтарылып, 4905 (4777) өтінішхат қаралған. Қаралған өтінішхаттардың 4346-ы (4328) қанағаттандырылып, 559 (449) өтінішхат қанағаттандырусыз қалдырылған.
ҚПК-нің 106-бабына сәйкес 583 (452) шағым түскен. Яғни, 2021 жылмен салыстырғанда 131 шағымға немесе 22%-ға артық түскен. Оның ішінде 404 (307) шағым қараусыз кері қайтарылып, 19 (14) шағым соттылығы бойынша жолданып, 150 (117) шағым қаралып, 3 (10) шағым біріктірілген. Қаралған шағымдардың 27-сі (33) қанағаттандырылып, 123-і (84) қанағаттандырусыз қалдырылған.
Ал, ҚПК-нің 234-бабына сай, жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау жөнінде жалпы 1812 (1157) өтінішхат түскен. 2021 жылмен салыстырғанда 655 өтінішхатқа немесе 36%-ға өскен. Оның 1 534-і (1103) қанағаттандырылып, 278-і (54) қанағаттандырусыз қалдырылған.
«Төрелік» ақпараттық жүйесі бойынша 8421 (7633) құжат түссе, соның ішінде 7466-сы (6858) мемлекеттік тілде, яғни 90 %. Шығыс құжаттардың жалпы саны 5871 (4 369) барлығы мемлекеттік тілде, ішкі құжат саны 906 (974) оның ішінде мемлекеттік тілде 904 (971) құжат, пайыздық көрсеткіші 99,9%.
Соттардың ашықтығын, жариялылығын және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында былтыр бұқаралық ақпарат құралдарында 45 (47) мақала жарияланып, телеарналарда 39 (39) сұқбат көрсетіліп, веб-сайтқа 24 (32) материал салынып, 6 (6) дөңгелек үстел мәжілісі, 4 (5) «ашық есік күні» және 1 (1) пресс-тур мен брифинг пен баспасөз мәслихаты өтті. Сонымен қатар 66 (66) семинар сабақтары өткізілді.
Шымкент қаласының мамандандырылған Тергеу сотының баспасөз қызметі.