Жақында Шымкент қалалық сотының «Ақпараттық орталығында» Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2022 жылы атқарған жұмысының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті. Маслихатты Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қ.Дүйсенби ашып, сот төрағасы Ә.Шахидинов,судья С.Теміралиев,Шымкент қаласы бойынша соттар әкімшісінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қ.Дүйсенби ашып,сот төрағасы Ә.Шахидинов пен судья С.Теміралиевтің қатысуымен өтті.
Сот төрағасы Ә.Шахидинов Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2022 жылдың 12 айында жалпы 72 тұлғаға қатысты 58 қылмыстық іс үкім шығарумен аяқталғанын, 9 тұлғаға 7 іс алдын ала тыңдау және басты сот талқылауы сатысынан прокурорға қайтарылғанын, 2 тұлғаға қатысты 2 іс бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шаралары тағайындалғанын, 2 тұлғаға қатысты 2 іс соттылығы бойынша басқа соттарға жолданғанын, ал 36 тұлғаға қатысты 20 іс есеп беру мерзімінің келесі кезеңіне қалдық ретінде өткенін атап өтті.
Яғни, сот судьяларының өндірісінде жалпы 86 тұлғаға қатысты 70 іс түбегейлі шешім қабылдаумен аяқталғанын, тиісінше бұл көрсеткіш жалпы сот өндірісіне келіп түскен істердің 77,7 % құрайтынын баяндады.
Әрбір судьяға шаққанда сотта аяқталған істер бойынша орташа айлық жүктемелік көрсеткіш, 2021 жылы 2,5 істі құраса,биыл көрсеткіш 3,5 істі құрайтынын атап өтті.
Сот өндірісіне келіп түскен істердің санаттары:
— ҚК-нің 99 бабының 1, 2 бөліктері (қасақана адам өлтіру) — 25 іс (36%);
— ҚК-нің 120, 121-124 баптарының 3, 4 бөліктері (кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдерге қарсы жасалған жыныстық немесе сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер) — 20 (29 %);
— ҚК-нің 297 бабының 3, 4 бөліктері (есірткі немесе психотроптың заттардың заңсыз айналымы) — 17 (25%);
— ҚК-нің 367
бабының 4 бөлігі (сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатысты қылмыстар) — 2 (3%);
— ҚК-нің 194 бабының 4 бөлігі (аса ірі мөлшерде қорқытып алушылық), 135 бабының 3 бөлігі (жасөспірім саудасы), 125 бабының 3 бөлігі (адамдар тобының ауыр зардаптарға соқтырған адам ұрлауы (барлығы алты іс — 9%)құрайды.
Жаза тағайындау тәжірибесі бойынша:
— аса ауыр санаттағы қылмыстар бойынша сот үкімдерімен жалпы 51 адам кінәлі деп танылған және олардың 50-не бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған, 1 адамға қатысты 1 іс бойынша кәмелетке толмаған сотталушыға ҚК-нің 55 бабының 4 бөлігін қолдану арқылы бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған, яғни жалпы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалағандар – (98%);
— ауыр санаттағы қылмыстар бойынша 15 адам кінәлі деп танылған, бұл тұлғалардың 12не қатысты түрлі мерзімдерге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған (жалпы сотталған тұлғалардың 80%), 3 тұлғаға қатысты бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған адам саны (20,3 %).
— орта санаттағы қылмыстар бойынша 3 адам (ҚК-нің 104 бабының 1 бөлігі бойынша 2 адам кінәлі деп танылып, оларға да бас бостандығынан айыру жазалары тағайындалған, алайда ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты жарияланған «Рақымшылық жасау туралы» Заңының талаптары негізінде, олар қылмыстық жауаптылықтан босатылған (100 %).
Яғни, айыптау үкімі шығарылған істер бойынша бас бостандығын айыру жазасы тағайындалған тұлғалар саны жалпы сотталғандардың 90,27 % құрайтынан айтты.
Сонымен бірге, сот өндірісінде қаралған 1 қылмыстық іс бойынша (ҚК-нің 121 бабының 4 бөлігімен айыпталған) 1 тұлғаға қатысты ақтау үкімі шығарылған, өз кезегінде бұл көрсеткіш барлық сотталғандардың 1,3% құрайды.
Сот өндірісінде қаралған істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары тарапынан жол берілген заңбұзушылықтарға байланысты 12 жекеше қаулы шығарылғанын, бүгінгі күнге дейін бұл қаулылардың 11 толық орындалғанын, 1 қаулы апелляциялық тәртіппен бұзылғанын атап өтті.
Есеп беру кезеңі аралығында алқабилер сотының қатысуында 5 тұлғаға қатысты 3 қылмыстық іс аяқталғанын, немесе бұл көрсеткіш жалпы қаралған істердің 4,28 % құрайтынын айтты.
Сотта 2022 жылдың 12 айында түрлі құқықтық тақырыптарда, қаралған істер бойынша жергілікті және республикалық баспасөз беттерінде (газеттерде) судьялар мен сот қызметкерлерімен 21 мақалалары жарық көргенін; брифингтер 7 рет өткізіліп; сот төрағасы Ә.Ә. Шахидинов және сот судьясы С.Теміралиев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуларымен баспасөз маслихатын; «Кәмелетке толмағандардың және жасөспірімдердің жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстықтар бойынша іс әрекетті саралаудың кейбір мәселелері» тақырыбында, «Алқабилердің қарауына берілетін істердің санатын кеңейту» тақырыбында, «Алқабилер қатысатын соттағы сот тергеуінің ерекшеліктері» тақырыбында, «Алқабиге кандидаттарға қойылатын талаптар, олардың құқықтары мен міндеттері» тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізілгенін баяндады. Сот судьялары Ә.Шахидинов пен С.О. Теміралиев Дулати атындағы № 8 мамандандырылған мектеп гимназиясының, Ө. Жолдасбеков атындағы № 9 мектеп лицейінің және №4 балалар үйінің жоғарғы сынып оқушылары арасында құқықтық тақырыптарда кездесулер өткізгенін; тиісінше осы шаралар жөнінде әртүрлі ақпараттық порталдарда және әлеуметтік желілерде 20 рет ақпараттық мазмұндағы материалдар жарияланғанын айтып өтті.
Іс шара соңында төраға Әбсаттар Әбдіхалықұлы мен судья Самидин Уразбаевич жергілікті және республикалық телеарна мен газеттерінің тілшілері тарапынан сот төрелігін жүзеге асыруға байланысты қойылған сұрақтарына жауап берді.
Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.