• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 17 ноября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

️Сайлауалды бағдарламаға ұсыныстар халықтан тікелей жиналады – Елнұр Бейсенбаев  

27.01.2023
in Басты ақпарат
️Сайлауалды бағдарламаға ұсыныстар халықтан тікелей жиналады – Елнұр Бейсенбаев  

Бүгін «AMANAT»-тың Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев партияның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысымен танысты. Ол іс-шара барысында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Оқи отырыңыз...

«Кең Дала» және жаңа салық режимдері: Жетісай кәсіпкерлеріне маңызды жаңалықтар айтылды

«Кең Дала» және жаңа салық режимдері: Жетісай кәсіпкерлеріне маңызды жаңалықтар айтылды

14.11.2025
Орталық Азиядағы өңіраралық ынтымақтастық: Great Silk Road Business Cooperation Forum – 2025

Орталық Азиядағы өңіраралық ынтымақтастық: Great Silk Road Business Cooperation Forum – 2025

14.11.2025

Бір ауыл – бір өнім

13.11.2025

Атқарушы хатшы қазіргі таңда партия өз сайлауалды бағдарламасын әзірлеп жатқанын жеткізді.

🗣«Бұл жұмысқа Мәжілістің экс-депутаттары, партия жанынан құрылған кеңестердің мүшелері, білікті саясаттанушылар, экономистер тартылды. Ал сайлауалды бағдарламаға ұсыныстар халықтан тікелей жиналады. Партияның Жарғысына сәйкес, бағдарламалық құжаттарды қабылдау Съездің құзырында. Жер-жердегі партияластардың талқылауынан және  сарапшылардың талдауынан өткен сайлауалды бағдарлама алдағы Съезде қабылданады», — деді Е.Бейсенбаев.

✅Өз кезегінде, Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Әлия Садырбаеваның айтуынша, Сайлау туралы заңға сәйкес, партияның қоғамдық қабылдаулары халыққа көмек беру, кеңес беру жұмысын тоқтатты.

🗣«Азаматтардың талап-тілектері қоғамдық қабылдаулардан бөлек Call-орталықтар, партияның сайты мен электронды поштасы, еgov.kz электронды үкімет порталы, сондай-ақ, WhatsApp мессенжері арқылы қабылданады. Соңғы жеті-сегіз күнде біздің қоғамдық қабылдауларға 500-ге тарта ұсыныс-тілек келіп түсті», — деді Ә.Садырбаева.

Елнұр Бейсенбаев Мәжіліс сайлауына ұсынылатын партиялық тізім қандай принциптер бойынша жасақталатынын атап өтті. Оның айтуынша, үміткерлерді таңдаудағы басты принцип: ашықтық, әділдік және жаңару.

🗣«Бүкіл процесс ашық өтеді. Біз барлық ұсынысқа ашықпыз, іріктеу процнсі әділ өтеді.  Ең белсенді, білімді, білікті азаматтар осы тізімге енуі керек. Оған қоса, әр түрлі жас өкілдері, жастар, әйелдер, түрлі мамандық иелері болуы тиіс. Өкілеттілік дегеніміз осы», — деді Атқарушы хатшы.

🗣«Біз ашық та тартысты бәсекеге дайынбыз. Бағытымыз – Әділетті Қазақстан, мақсатымыз – мемлекеттің тұтастығы, Тәуелсіздіктің баянды болуы», — деп түйіндеді Е.Бейсенбаев.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«Кең Дала» және жаңа салық режимдері: Жетісай кәсіпкерлеріне маңызды жаңалықтар айтылды

«Кең Дала» және жаңа салық режимдері: Жетісай кәсіпкерлеріне маңызды жаңалықтар айтылды

14.11.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне ризашылығын білдірді

Аграрлық сектордың жаңа бағыты: Қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция және экспорт

14.11.2025
Президент Тоқаев еліміздің агросаласын дамытуға бағытталған нақты міндеттерді атады

Аграрлық саясаттың жаңа бағыты: Мал шаруашылығы, жер және су реформасы

14.11.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған