Бүгін AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалында баспасөз брифнгі өтті.Шымкент қаласының экс-мәслихат депутаты, мәслихаттағы AMANAT партиясының фракция жетекшісінің орынбасары Жадыра Танатарова партияның республикалық Саяси кеңесінің мүшесі ретінде фракцияның атқарған жұмысы жайлы есеп берді.
2021 жылы сайлаудан кейін «Аманат» партиясының фракция мүшелері Шымкент қаласының мәслихатындағы 30 мандаттың 24 орнын иеленіп, аса басымдықпен депутаттық корпусты қалыптастырғаны белгілі.
Жадыра Нағашыбайқызы:
«Сайланғанына 2 жыл уақыт аралығында фракция мүшелері өте белсенді жұмыстар атқарды. Халық алдында партияның берген уәделерін орындауда саяси ұйымның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасының іске асырылуына аса жауапкершілікпен қарап, тынбай еңбек етті», дей келе, атқарылған жұмыстарға жеке-жеке тоқталып есеп берді.
Экс-депутат Сайлауалды бағдарламадағы басымдықтар бойынша 2021-2022 жылдар аралығында атқарылған іс-шараларға және партиялық бағдарламалардың орындалуына кеңінен тоқталып өтті. Жиын соңы сұрақ-жауапқа ұласты.